§1. «Жеті ғажайып» сыры Бұл бөлімде әлемнің жеті кереметі туралы жалпы ақпарат алады. Жеті санының киелі
екендігі және киелі санмен жеті керемет те әлемге таралып кеткендігі айтылады. Әлемнің
жеті кереметі мен жаңа жеті кереметі туралы салыстырмалы прогрессивті ақпарат беріп,
Қазақстандағы жеті керемет туралы да айтып өткен жөн.
Әдеби тіл нормалары бойынша жеке, бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздер
орфографиялық нормаға сай жазудан алған білімдерін бекітеді.
Оқылым мәтінін рөлге бөліп оқиды, кейіпкерлердің айтпақшы ойларын жеткізеді.
Сөйлемдерді орфографиялық нормаға сай жазып, жазу емлесін түсіндіріп отырады.
Үй тапсырмасында «Жеті ғажайып» туралы эссе жазып, мәтіндеріңде кездесетін біріккен
сөздердің қалай жасалғанын түсіндіреді.