Т. Н. Ермекова, М.Ә. Жүнісова ТҮркі тілдерін тарихи дәуірлеу



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата18.04.2022
өлшемі0,88 Mb.
#31299
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Әдебиеттер
1. Сусов П. Общее языкознание, М., 2006.  
2. Шарапатұлы Ш. Жалпы тіл білімі, Қ., 2006.  
3.  Қордабаев  Т.  Түркология  және  қазақ  тіл  білімі.  А.,  Санат, 
1998.  
4. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., Ана тілі 1996. 
5. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., Ана тілі, 1993.  
6. Қосымова Г. Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері. А., 
2011. 
7. Языки мира. Тюркские языки. Бишкек. 1997. 
8. Қосымова Г. Тарихи атаулар этимологиясы. 2007. 
 
 
Ежелгі тілдермен түркі тілдерінің тарихи байланысы 
 
Ежелгі  тілдермен  түркі  тілдерінің  тарихи  байланысы. 
Месопотомияға  байланысты  жаңалықтар  қазір  көшпенді  ха-
лықтарға қозғау салды. Еуропаның адал зерттеушілері Месопо-
томия  тұрғындары  Азиядан  көшіп  келген  қарабастар,  көшпен-
ділер  екенін  айтқаннан  кейін,  көшпенділер  ұрпағында  жаңа 
серпіліс пайда болып, қарапайым халықтың бұрын-соңды болып 
көрмеген  батылдығы  күш  көрсете  бастады.  Осы  батылдық 
шумер  тілін  түркі  тілдерімен  жақындастыруға  қадам  жасады, 
жаңа көзқарастарға негіз болған шумер тілі мен түркі тілдерінің 
табиғаты болатын. 
Шумерлер  жайлы  ой-пікірлердің  бүгінгі  таңда  тарих-
шылар, әдебиетшілер, лингвистер, жазушылар, философтар, заң-
герлер тарапынан қызу әңгіме болып, шумерлер мен түркі хал-
қының жақындығын дәлелдеуге талпынған зерттеулердің болып 
жатқандығы бәрімізді қатты қуантады. Алғаш О.Сүлейменовтің 
«АЗиЯ»  атты  еңбегі  қолға  түскенде,  кітаптың  «Үндіевропалық 
тіл  танымы»  деген  тараушасындағы  «грек,  латын  тілдерінің 
санскрит  тілімен  жақын  туыстығын  алға  тартып,  олардың  о 
бастағы  ортақ  қайнар  көзден  шыққандығына  ешбір  зерттеуші 
сенімсіздік  көрсете  алмас  еді»  деген  пікірі  ғылыми  көпшілікті  
елең  еткізгені  сөзсіз.  О.Сүлейменов  одан  әрі  сөздік  қор,  сөздік 
құрам  мәселесіне  тоқталып,  сөздік  құрам  екі  мың  жыл  ішінде 


 
39 
толық  өзгеріске  ұшырауы  мүмкін екендігін,  ал  сөздік  қор  өзге-
ріске түспейді дей келіп, үндіеуропалық тілдердің  бәріне ортақ 
атауларды  тілге  тиек  етеді,  бірақ  сөздік  қор  математикалық 
лингвистикада  барлық  сөздіктің  1-2  пайызынан  аспайтындығы 
дәлелденгендігін айтады. «Негізі сөздік қордың 15 пайызы мың 
жылда өліп, олардың орнын басқа сөздер басатынын  математи-
калық лингвистикада дәлелдеп берді». Бұл жерде О.Сүлейменов 
математикалық  лингвистка  теориясына  сүйеніп,  «түркілердің 
көне  тілінде  б.д.д.  ІV  мыңжылдықта  10  мың  сөз  болғандығын, 
соның  100-200  сөзі  негізгі  сөздік  қорға  жатады,  деп  жорамал 
жасайды,  соның  90  пайызы  кейінгі  алты  мыңжылдықта  құрып 
бітуге тиіс қой. Олай болса, қазіргі біз өмір сүріп отырған кезге 
дейін адам танығысыз дыбыстық өзгеріске ұшыраған 10-20 сөзі 
ғана,  қазіргі  сөздікпен  салыстыруға  жарар»,  –  еді  деп,  автор 
шумер-түркі сөздерін топтық жүйеге бөліп алып, салыстырады. 
Адам, табиғат, құдайға байланысты сөз табына қатысты 60 сөзді 
салыстырып, көп ұқсастықтарды табады. 
Бірақ  О.Сүлейменов  шумерлер  жалпы  түркілермен,  түркі 
тайпаларының    жеке  біреуімен  емес,  көптеген  тайпаларымен 
аралас-құралас  болған  деген  пікір  түйеді.  «Семантикалық  ұя-
ларды салыстыру – шумер және түркі тілдер туыс тілдер ме ?»  
деген негізгі сауалға да жауап береді деген О. Сүлейменов одан 
әрі: «Бұлардың туыстығы қазіргі өзбек, дүнген, малайя, шеркес, 
урду, иран, осетин және араб тілдерінің туыстығы секілді. Мұн-
дай туыстықты генетикалық туыстық емес, бір діннің ортақтығы 
негізінде қалыптасқан мәдени
 туыстық деуге болады» 
(15,206 б.),
 
– деп тұжырымдады. 
О.Сүлейменовтің  мұндай  тұжырымға  келуі,  бәлкім, 
С.Крамер мен И.Дьяконовтың пікірінен кейін келген болу керек. 
Шумер  мифологиясын  жинастырып,  өңдеп  аударған  және  шу-
мерлердің даналығы, таланттылығы, өнертапқыштығы жайында 
пікір  айтқан  С.Крамер:  «Шумерлік  данышпандар  дүниеге 
ғылыми сенімі мен нанымын қалыптастырады. Шумерлер бірін-
ші  болып  заң  құрастырады,  жылнамалар  мен  заңдар  жинағын 
жасады.  Мұның  бәрі  бұдан  5000  жыл  бұрын  болған  еді, 
кейбіреулер үшін қазіргі адамдар мен қазіргі мәдениетке мұның 
қатысы  аз  болып  көрінуі  мүмкін»  [3,  14  б.],  –  деді.  Алдыңғы 


 
40 
Азияның  өлі  тілдері  саласындағы  маманы  И.М.Дьяконов  100 
шақты  шумер  сөзін  талдаған  «Шумер  тілі»  атты  мақаласында: 
«Білімнің  қазіргі  деңгейі  емлелік  форманттар  туралы  матер-
иалдарды  да,  негізгі  сөздік  қордағы  сан  есімдер  де,  туыстық 
атаулар  да,  дене  мүшелерінің  аттары  да  және  т.б.  сол  сияқты 
сөздер  басқа  тілдердің  осы  сияқты  материалдарында  байланыс 
барын танытпай жатыр. Бәлкім бұл шумер тілінің алғашқы фо-
нетикалық  жүйесінің,  дауысты  дыбыстардың  сіңуі,  ассимиля-
циялануы  мен  ақырғы  дыбыстардың  жоғалып  кету  әсерінен 
қатты  бүлініп,  көмескілеуінен  болар.  Сондықтан  қазіргі  шумер 
тілін  оқшау  қалған,  қандай  да  басқа  бір  тілмен  туыстығы 
анықталмаған тіл деп есептеуге тура келеді» [15, 48 б.]. 
Иә,  Мариан  Белинцкий  айтқандай,  шумер  тілін  өз  тіл-
деріне ұқсатқысы келгендер көп болды. Таяу Шығыс, бүкіл көр-
ші  мемлекеттер  шумерлердің  жазуын  ғана  пайдаланып  қойған 
жоқ,  олардың  ақыл-ойы  мен  рухани  құндылықтарын,  өмір 
туралы ілім-түсініктерін кеңінен пайдаланып, өздерінікі ретінде 
танытқаны  мәлім.  Шумерлер  философиясы  мен  көзқарастары, 
наным-сенімдері,  әдет-ғұрып  заңдары  Мойсейдің  Заңында  көр-
сетілген. 
Шумер тіліне жақындығы бар Америка үндістерінің тілін 
зерттеген  ғалымдардың  еңбектеріне  зер  салып  қарасақ,  таң  қа-
ларлық жайттарға тап боласыз. А.Рустің ертедегі моңғол тектес 
тайпалар  б.д.д.    V-ІІ  мыңжылдықтар  арасында  Алеут  аралдары 
және  Беринг  бұғазы  арқылы  Солтүстік  Америкаға  әртүрлі  қар-
қынмен  өткендігі  туралы  айтады.  Үндістердің  тіліне  алғаш  рет 
назар  аударған  ғалым  Отто  Рериг  болды.  Оның  шыққан  тегі 
пруссиялық, бірақ Америкада тұрған, қызмет еткен, оның үстіне 
үндістердің арасына барып тұрған. Санскрит тілін, Атлант және 
Тынық  мұхит  аралдары  тұрғындарының  тілін  зерттеген.  Оның 
өзі  көп  тілдерді  білген.  Сиу  үндістері  тілінің  әлемдік  тілдердің 
арасынан  алатын  орнын  анықтауға  күш  салған.  Солтүстік 
америкалық үндістер тілінің ең үлкен тобы –сиу хока тілі болып 
табылады. Бұл топқа сиу, хока, юки, ваппо, керес, туника, кэддо, 
черокезы,  мускочи,  т.б  тілдер  кірген.  Осылардың  ішінде  та-
ралымы  жағынан  ең  үлкені  –  сиу.  Сиу  тайпасы  ХVІІ-ХVІІІ  ға-
сырларда  Миссури  өзенінің  алабын,  Миссисипи  даласын, 


 
41 
Калифорниядан  Арканзасқа  дейінгі  территорияны  мекен  еткен-
дігі белгілі болды. 1963 жылдың дерегі бойынша бірнеше мил-
лиондаған  халықтан  77  мыңы  қалғандығы,  олардың  әр  жерде 
шашырап  өмір  сүріп  жатқандығын,  Солтүстік  және  Оңтүстік 
Дакота, Каролина, Монтана, Небраска штаттарында, Канаданың 
оңтүстік  аймағында  тұрып  жатқаны  Абрар  Каримуллиннің  кі-
табында көрсетілген.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет