Шығармашылық ізденіспен жұмыс жасап, жұмысымды көпшілікке тарату.
Ғылыми зерттеу нысаны: Жұбан Молдағалиев ірі эпик ақын,жауынгер, қазақ жазушылар одағының төрағасы еңбек жолы.
Энциклопедия, интернет беттерінен,БАҚ беттерінен, журналдардан естеліктері.
Зерттеу орны:
«Қаратөбе мектеп-гимназиясы»
Зерттеу мезгілі:
2019-2020ж
Әдістері: Энциклопедия, интернет беттерінен, сұхбат, өмірбаяны, Жұбан туралы қалдырған ой-пікірлертуралы жиналған ақпаратты талдау және синтездеу.
Зерттеу көздері болып табылады:
Құрылымы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және талдау.Бұл жұмыста қолданылған фотосуреттер, құжаттар және естеліктер, Жұбан Молдағалиев өмірі мен еңбек жолы Жұбан туралы қалдырған ой-пікірлерін дәріптейді.
Бұл жұмыстың практикалық және теориялық мағанасы, ақын туралы қалдырған ой-пікірлер туралы білгісі келетін оқырмандардың қызығушылығын арттыратындығында. Сонымен қатар Жұбан Молдагалиевтың өлеңдері ұрпақтарына ұнайтыны сөзсіз.
Негізігі бөлім: Тарихты өшіре алмайсың.Тау қозғалса, ол қозғалмайды. Сол күйінде қалады. Адам өмірі де солай .Елімдеп, туған жерімдеп еткен еңбегі бағалануы,құрметтелуі тиіс.
Кіріспе
Кіріспе
Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты. Кіші жүз Байұлы тайпасы Байбақты руынан шыққан. Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 хатшысы) қызмет істеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында азаматтық сарын мен көңіл күйі лирикасы басым. Жұбан Молдағалиев 7-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралақасының, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі (XII—ХӀӀӀ-съездерде) болып сайланды. Ж.Молдағалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет Белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.