Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет35/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

тоқтады:
— Осы төмпейдің астында ауыл бар,— деді.
Ақбілек   түсті.   Дуананың   сүйек   қолы   езіл,   құрысып   қалған
тақылжырын   уқалап   жазып   шапанын   сілкіп   жамылып,   дуанаға
еріп, қолғаулап тағы аяңдады.
Төмпейдің иығынан асқанда, адырдың бауырында ауыл көрінді. Не
дөңгеленген алқа қотан емес, немесе қатар тізілген жалғас емес, о
жерде,   бұ   жерде   тырқырап,   қарауытқан   бес-алты   қыстау.
Байқаған   кісіге   «Бізді   мекендеген   иелеріміздің   мінезі   де   тап   біз
тәрізді   тырқыраған,   берекесіз,   ұйымсыз»   деп   тұрған   тәрізді.
Кейбір   қоралардың   қасында   қарауытқан   мал   көрінеді.   Мал
қоралап,   адам   аяғы   басылайын   депті.   Анау   адырдың   түбіндегі
қомақтырақ   қорадан   түтін   бұрқырап   жатыр.   Оның   оң
жағындағы кішірек қорадан бір көлеңке қараңдап сол үйге таман
кетіп   барады.   Адырдың   сол   жағына   таман,   төмпейге   тірей
салынған бір ұзын қораның маңында қара-құра көбірек тәрізді.
Ақбілек қай үйге барарын білмей, дағдарып келе жатыр еді, дуана:
— Анау үйге барайық!— деп адырдың баурындағы үлкен қораны
нұсқады.
Ақбілек:
— О кімдікі?
Дуана:
— Мұсабайдікі.
Ақбілек:
—   Мына   жақын   үйге   барсақ   қайтеді,   –   деді.   Өйткені   Мұсабай
ауқаттырақ адам екенін білетін. Ақбілек тәуірлеу үйге барғысы


келмеді. Тәуірлеу үйдің қатын-қалашы да таңырқайды: әркім көр-
жерді   сұрап   мазасын   алады;   тәуірлеу   үй   сарылтып,   жуырда
тамақ та бермейді; ондай үйде сыпайы отыру керек. Кім біледі
тәуірлеу үйдің қылжақ бастары да болар, тәлкек етер. Одан да
барысымен сусын ішіп, жантая кететін кедейдікі жақсы болар еді
деп   ойлады.   Және   осы   күйсіз   қалпында   тәуір   үйге   бас   сұғуға
қорланды: «Не бетіммен барамын» деген ой келді. Ақбілек:
— Жақын үйге барсақ қайтеді, — дегенде, дуана тұрып:
—   Бұл   үйлер   жарлы   ғой,   қонақ   асыға   зарлы   ғой,   қарның   ашып
қалады ғой...— деп жыбырлатты.
—   Жарлы   боп   неғысын...   бір   сусын   жұтып,   жантая   кеткендей
жер табылса, болады да,— деп Ақбілек тағы айтты. Әйел көңіліне
бірдеңе алса, қарысып бола ма, Ақбілектің бетін білген соң, дуана
да таласқан жоқ.
— Ә, балақайым! Мейлің, мейлің, – деп жақын үйге бұрылды. Дуана
бұрылған кезде Ақбілек етегінен тартып:
— Сіз бұл үйге менің кім екенімді айтпай-ақ қойыңыз. Тезек теріп
жүріп   адасып   кеткен   екен,   тауып   алдым   дей   салыңыз,—   деді.
Дуана Ақбілекке оқшия қарап:
—   Ә,   балақайым!   Өтірік   айтқан   жарай   ма?   Өтірікші   алланың
дұшпаны   ғой,—   деп   аяңдай   берді.   Сүмелек   сары   ит   дуананың
сылдыраған   асасын   естіп,   одан  барып   қоқиған  тақиясын   көрген
соң, «Енді жатудың жөні болмас» дегендей, даусы қарлығып, алды
бір бөлек, арты бір бөлек қиралаңдап үрді. О кезде қара сиырдың
астынан   сауыс,   жыртық   тері   шалбары   тылтиған   қатын   да
шелегімен қабат түрегеліп, қисайған кір кимешегінің милығына сұқ
қолын жүгіртіп, көзін сығырайтып, бір аяғын ілгері салып:
— Кет былай, кет былай! — деді.
Дуана асасымен артын жайқап, таяна беріп:
— Ә, шеше, құдайы мейман боламыз, — деді.
Қатын   жауап   бермей   жатып,   дуананың   артын   ала   тоқтаған
Ақбілекке қарай мойын созып, бір тамсанды да:
— Мынау не қылған бала? – деп сұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет