Тахауи ахтанов боран


Почтальон. Ау, Жаңылмысың. Сүйінші, саған хат бар. Жаңыл жүгіріп келіп, хатты алып, қолы дірілдеп аша бастайды. 1-әйел



бет10/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Почтальон. Ау, Жаңылмысың. Сүйінші, саған хат бар.

Жаңыл жүгіріп келіп, хатты алып, қолы дірілдеп аша бастайды.




1-әйел. Қоспаннан ғой. Байғұс-ай, сен де зарығып едің-ау. Оқышы, біз де тыңдайық.
2-әйел. Оқышы, біздің үйдегіні көрмеді ме екен. Бас жағындағысы сәлем-сауқат шығар. Орта деңгейінен баста.
Жаңыл. (дауыстап жылап жібереді). Қоспан!..
1-әйел. Не дейді?
2-әйел. Ойбай-ау, мына бейшара сорлап қалды ғой.
Келіншек. Апа-еке-ай, не болды?
1-. Тас төбеден ұрғандай қолына ұстата салғаның не?
Почтальон. Қайдан білейін, сорлы басым...
1-әйел. Ойпырмау, не депті. Оқысаңдаршы ана қағазды.
Почтальон. (оқиды). «Сіздің күйеуіңіз хабарсыз жоғалып кетті...»
1-әйел. Хабарсыз?..
Келіншек. Қаза болды демеген бе?
Почтальон. Жоқ, ашып айтпайды. Хабарсыз кетті деген.
2-әйел. Ойбай-ау, қаза болды демепті ғой. Ендеше үміт бар ғой.
Почтальон. Көз жасыңды тый, Жаңыл. Жаман ырымға бастама. Тірі адам оралады.
1-әйел. «Кебін киген келмес, кебенек киген келер» деген.
2- әйел. Ойбай-ау, тіпті қарақағаз алғандар да отырған жоқ па? Саған не болды сонша?
Келіншек. Жаңыл апа , түңілмеші.
1-әйел. Иә, азаматтың тілеуін тіле. Артындағы жалғыз тұяғын сақта.

Жаңыл жалғыз.




Жаңыл. Соғыстан жаманат хабар алған соң күйіс қайырған түйедей өткен бақытымды көз алдыма елестетіп өмір сүрдім. Менің бар өмірімді толтырып тұрған Қоспан еді. Соғыс Қоспанда құшағымнан суырып әкетті. Үйге кірсем де, сыртқа шықсам да сайрап жатқан Қоспанның ізін көрдім. Анау стол, мынау орындық, мұқабасы тозған «Батырлар жыры» бәрі де Қоспанның көзіндей. Анау, үйдің алдындағы қоршауды да өз қолымен істеп еді. Тақтай жонғанда құшырланып оң жақ езуін жымқырып тістеп алатын...


Алтыншы көрініс

Үйдің алды. Қоспан ағаш қоршауды шегелеп жатыр. Жаңыл кіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет