Тақырыбы : Табиғи өнім – ел игілігіне «Табиғи өнім – ел игілігіне» тақырыбындағы әлеуметтік жоба негізінде қиярдың биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері, агротехникасы, өсіру технологиясы, сонымен қатар қиярдың халық шаруашылығындағы



бет2/7
Дата08.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#30367
1   2   3   4   5   6   7
Жобаның өзектілігі: Жылыжайда қияр өсіру, зерттеу, бақылау ғылыми ізденістерге , әлеуметтік ахуалды жақсартуға бастама болады. «Жасыл ел» бағдарламасына үлес қосу.
Жұмыс жүргізілетін орны: № 23 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің жылыжай учаскесі
Зерттеудің мерзімі: Ақпан – Мамыр

Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу жасау, көкөністі бақылау, өнім алу.

Жоспар:
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Зозуля F1 қияр сортына сипаттама

  2. Оның артықшылығы және өсіру технологиясы

  3. Адам өміріндегі маңызы, дәрілік қасиеттері


ІІІ. Зерттеу бөлімі

  1. Мектеп жылыжайында Зозуля Ғ1 қияр сортын өсіруге дайындау


ІҮ. Қорытынды

Табиғи өнім – ел игілігіне


Ертеден халқымыз «Ас - адамның арқауы» деп, қашаннан тамақтануға ерекше мән берген. Адам ағзасының қалыпты дамуында денінің сау, санасының сергек болуы үшін тамақтану рационында ет, сүт және жеміс-жидек, көкөніс өнімдері болуы қажет. Сонымен қатар, дастарханымыздың сәнін келтіретін осы өнімдердің денсаулығымызға зияны жоқ, табиғи әрі сапалы болуын бәріміз де қалаймыз. Алайда, қазіргі күнде бәрімізді алаңдататын мәселе бұл – тамақ өнімдері сапасының сын көтермейтіндігі болып табылады. Сондықтан, табиғи өнімдермен халықты қамтамасыз ету ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сол себепті біз мектебіміздегі дайын жылыжай кешенін пайдалануды көздедік. Жылыжайда қияр көкөнісін өсіріп, күтіп-баптап , зерттеу кезінде қиярдың адам өміріндегі маңызын, дәрілік қасиеттерін анықтай отырып, алынған табиғи өнімді ел игілігіне жаратуға бел будық. Егер, біз қиярдың сан түрлі дәрілік қасиеттерін пайдасын жан-жақты қарастырсақ, адамдар қиярды пайдалану арқылы денсаулықтарын жақсартар еді.

Соңғы 30 жыл ішінде бау-бақшалар арасында жылыжайлар, жұқа парниктер және басқа да баспаналар пайдаланыла бастады. Мұндай «паналарда» барлық дақылдарды, соның ішінде қияр да өсіруге болатынын бәріміз білеміз. Алайда, өз мүмкіншіліктерін айтарлықтай арттыру және жақсы дәмді өнім алу үшін сортқа дұрыс таңдау жасау керек. Осылайша жылыжайға тұқым отырғызу үшін қиярдың ең көп таралған сорттарының бірі Зозуля F1 жақсы таңдау деп шештік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет