Тақырыбы: Б. Майлин, С. Сейфуллин, І. Жансүіров шығармашылығының көркемдік ерекшелігі


Пүліш – Досанның әйелі. Тап жауларының үгітіне еріп, колхозға қарсы әрекеттер жүргізген. Әліш



бет5/6
Дата22.10.2022
өлшемі49,63 Kb.
#44963
1   2   3   4   5   6
Пүліш – Досанның әйелі. Тап жауларының үгітіне еріп, колхозға қарсы әрекеттер жүргізген.
Әліш – Зәуренің күйеуі. Тап жауларының сөзіне еріп, Зәуренің жұмысына кедергі жасаған.
Бекболат бай, оның бәйбішесі Мамық, байдың сыбайластары Көдебай, Демесін, Әбді, Есен – колхоз құрылысына қарсы үгіт, өсек таратып, елді колхоздан үркітіп отырған.
Б. Майлиннің «Майдан» пьесасы терең драмалық тартысқа құрылған, қоғамның шытырман шындығын өткір суреттеген көркем туынды.
Қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу, даму кезеңдеріне өзінің поэзисымен де, прозасымен де, драмасымен де қомақты үлес қосқан қарымды қаламгер Бейімбет Майлин 1937 жылы сталиндік репрессияға ұшырып, жазықсыз мерт болған.
Көрнекті ақын, ірі эпик Ілияс Жансүгіров 1894 жылы Жетісу өлкесінде дүниеге келген. Анасынан ерте айырылған Ілияс ескіше хат танитын, араб-парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды жинайтын, ауыз әдебиетінің түрлері: аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді көп білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерден хабардар, әңгімеші, домбырашы, ұста әкесінің тәрбиесінде өскен. Алғашқы сауатын өз әкесінен ашқан Ілияс кейін Қарағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден дәріс алған. 1917 жылдан кейін ары қарай оқуға жағдайы келмеген Ілияс әкесіне көмектесіп, шаруашылықпен айналысқан. Ауылдағы айт пен тойда әзіл өлеңдер шығарып, айтысқа түсіп ел аузына іліне бастаған шағында қолына Абай өлеңдері жинағының түсуі Ілиястың ақындық өнерге деген көзқарасын мүлдем өзгерткендей болады. Жетісу өңіріндегі әр түрлі қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүріп өзінің алғашқы туындыларын «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жариялай бастаған. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шыққан. І. Жансүгіров 1927 – 1937 жылдар арасында қажырлы еңбек етіп, поэзия, проза, драматургия, сын, аударма саласында жиырмадан астам кітап шығарған.
Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық еңбегінде 1916 жылдың ерекше маңызы бар. Өзінің «Қысқаша өмірбаянында» көрсеткендей, осы жылы 1909 жылы Петербургте шыққан ұлы ақын Абай жинағы қолына түскен.
Ақындық қадамының алғашқы жылдарында жазылған: «Арман», «Өзіме», «Сәлемдеме» өлеңдерінде өз заманының әлеуметтік мәселелеріне үн қосып, қоғамдық теңсіздікті жырлаған. Жаңа өмір құру үшін ең қажет нәрсе оқу-білім екенін түсінген ақын өзінің «Жастар», «Саналы жастарға», «Оқимын», «Баласынан анасына хат» өлеңдерінде қазақ жастарына арнап ағартушылық, өсиеттік идеялар айтқан.
Ілияс Жансүгіров поэзиясындағы ерекше жырланған тақырып – табиғат лирикасы. Ақынның «Ағынды менің Ақсуым», «Ақшам», «Бұлт», «Желді күн», «Жазғы таң», «Жауында», «Жел», «Тас», «Жазға салым», «Жазғы шілде», «Күз», «Қыс», «Желді қарағай», «Ауылдың алды» өлеңдерінде туған жер, оның тау-тасы, өзен-көлі, табиғат құбылыстары, әр жыл мезгілдерінде табиғатта болатын өзгерістер және олардың еңбек әрекеттерімен байланысы жан-жақты суреттелген. Ақын Ілияс Жансүгіровтің табиғат лирикасының биік шыңы – «Жетісу суреттері» атты топтама өлеңі. «Жалпы сын», «Жетісуда су суреті», «Жетісу жәндігі», «Жер түгі» деп аталатын тараулардан тұратын шығарма Жетісу табиғатының сөзбен салынған суреті іспеттес. «Жетісу суреттері» туралы академик-жазушы М. Әуезов«Мен Ілиясты бұрын да білуші ем, өлеңдерін оқып жүретінмін. Бірақ оның шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін», – деген.
Ілияс поэзиясының бір саласы халықаралық тақырыпқа арналған «Саясат қошқарлары», «Коммуна», «Гималай» деген өлеңдерден тұрады. Ақынның «Гималай» өлеңі «Сұрау» және «Жауап» деген екі бөлімнен құралған саяси өлең болып табылады.
Алғашқы «Әншіге», кейінірек жазған «Әнші» өлеңдерінде «қазақтың аспанының аясында ән шалқытқан, дауысы көкте дамылдаған» Әсет Найманбаевтың әншілік өнерін әуелете жырлаған, өнер тақырыбын өлеңіне арқау еткен Ілияс Жансүгіров Күйші»_«Құлагер»,_«Көбік_шашқан»'>«Күй», «Күйші» «Құлагер», «Көбік шашқан» поэмаларында да әсем ән мен тәтті күй тақырыбын одан әрі жалғастырып, тебірене толғаған. Ақынның «Күйші» поэмасы құрылымы жағынан әлеуметтік-психологиялық шытырман шиеленіске құрылған драмалық туындыға жатады. Поэма кейіпкерлері: Кене хан, Қарашаш – хан Кененің қарындасыКүйші – сарыүйсін руынан шыққан жігіт, Сапақ – Әлімқұл датқаның баласы.
Поэмада әділетсіздікті, зорлықты, қатыгездікті тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа, азаттыққа жеткізетін зор қайрат – өнер деген идея насихатталған. «Күйші» поэмасында ақын зұлымдықты, өлімді жеңген өнердің құдірет-күшін көрсеткен.
І. Жансүгіров: «Күй» поэмасында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет