Тақырыбы: Бала тәрбиесі. Болашақ тәрбиеден басталады. Мақсаты



бет4/4
Дата05.05.2023
өлшемі22,64 Kb.
#90235
1   2   3   4
7. Мәселені түбірінен жою. Балаға кері әсері бар жаман әдеттерден баланы алшақ ұстаған жөн. Мәселен, көрші балаларының жаман әдеттерінің әсері байқалса, олармен баланы ойнатпаған абзал. Бұл баланы жазалау емес, тек мәселені тамырынан кесіп тастау.
8. Балаға әдепті сөздерді үйрету. Ең оңай жолы бала ретсіз бір нәрсе сұрап тұрса, анасы: «Мүмкін бе, алсам рұқсат па, рахмет деп айта қой» деп үйрете жүру әдептілікке тәрбиелейді.
9. Жұлдызша тақтасы. Баланы жақсы әдеттерге бойын үйретуге талпындыратын әдіс. Әр күн немесе апта соңында тақтаға баланың жетістігін көрсету үшін жұлдызша тағып, апта соңында сол үшін бір сыйлық беріп тұру. Сыйлық, қымбат зат болуы шарт емес. Ең бастысы, бала өз «еңбегінің» нәтижесін көреді.
10. Соңғы нүкте. Баланың кезекті әдепсіздігін айту – мәселенің соңы емес. Мұны естіген бала өзін айыпты санап тұрады. Сондықтан, әңгіме соңында балаға өзінің жөнсіз әрекеті үшін кешірім сұрауға үйретіңіз. Ең соңында ешнәрсеге қарамай сіз оны жақсы көретініңізді білдіріп, құшағыңызға алыңыз.
ІУ. Дін –тәрбие діңгегі
Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Терроризм –бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетті. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.
Енді біздің мақсатымызда осы жастарды осындай жат діни ағымдардан аулақ болуға шақыру.
Сонымен қатар ата-аналардың есінде сақтап жүру үшін мына ережені ұсынғым кеп отыр.
Мұны білу өте маңызды!
1.Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымының жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!
2.Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3.Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюролар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
4.Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.
5. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушының басты мақсаты – сізді өз сенімдеріне кіргізіп алады. Ал сіздің мақсатыңыз – диструктивтік діни ұйымдарына ықпал түсіп қалмау.
6. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызда досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз. Бұл өмірден бір мақсатпен жетістікке жету үшін жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялармен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
7. Есіңізде болсын! Өзге діннің жетегінде кетемін деп балаларыңызбен жақындарыңыздан айырылғыңыз келмесе, Ойланыңыз!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет