1 - Модуль. «ӨЗІН-ӨЗІ ТAНУ» - PУХAНИ-AДAМГЕPШІЛІК БІЛІМ БЕPУ БAҒДAPЛAМAСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕPІ №1 ДӘРІС Дәріс тақырыбы: Ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты ретінде Дәріс жоспары: 1.Жалпыадамзаттық құндылықтар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы мазмұны ретінде.
2.Ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты ретінде.
«Руханилық» және «Адамгершілік» түсініктері өзара тығыз байланысты:
1.Жалпыадамзаттық құндылықтар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы мазмұны ретінде. Жақсылық пен жамандық мұраттары руханилықтың категориясы болып табылады.
Руханилықты түсіну «Рух» түсінігінен шығады, абсолют сүйіспеншілік, абсолют тазалық дегенді білдіреді.
Бұл түсінікте ашу, ыза, күнә жоқ. Ол киелі. Сондықтан кімде кім
Мен кіммін? Шын мәнінде мен кіммін? дегенді барынша саналы түрде түйсіне алатын болса, сол рухани.
Рухани адамгершілік нормалары Құранда, Библияда басқа да киелі жазбаларда сипатталған.
Руханилықтың негізгі сипаттамасы – ақиқатты тануға ұмтылу, шыдамдылық, қайырымдылық, сабырлылық, қиянат жасамау және сүйіспеншілік.
Адамгершіліктің қайнар көзі – руханилық, ал адамгершілік оның сыртқы көрініс болып табылады.
1.Жалпыадамзаттық құндылықтар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы мазмұны ретінде. 1.Жалпыадамзаттық құндылықтар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы мазмұны ретінде. Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізі болып табылатын оқу амалының мазмұнын таңдау кезінде адамгершілік бағдарымен, жалпыадамзаттық маңыздылығымен өте жоғары дәрежесімен ерекшеленетін құндылықтарға сүйену қажет.
Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ең тиімді құндылықтар жүйесінің жіктемесін ғалым