1 тіл атадан балаға мирас болып келе жатқан мәдениеттің құрамды бөлігі



Дата28.04.2023
өлшемі22,49 Kb.
#87794

Қазақ тіліндегі англицизмдар. XXI ғасыр лингвистикасында тіл тек қана қарым-қатынас пен танымның құралы ғана емес, сондай-ақ ұлттық мәдени белгі ретінде қарастырылатын жаңа бағыт белсенді дамуда. Бұл бағытта тіл тек қана ұлттың заман талабына орай менталитетіне ғана емес, сондай-ақ, ертедегі адамдардың әлемге көзқарасы, олардың дүниетанымына, қоғамға және өздеріне бастайтын жол немесе тәсіл ретінде қарастырылады. Лингвистикадағы бұл бағыт лингвомәдениеттану деп аталады. Лингвомәдениеттану лингвистика мен мәдениеттану ара-қатынасы нәтижесінде пайда болған, тілде қалыптасқан және көрініс табатын халықтың, ұлттық мәдениетінің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Лингвомәдениеттану тілді мәдениет құбылысы ретінде қарастырады. Тіл мәдениетпен тығыз байланысты, тіл мәдениетте өседі, мәдениетте дамиды және мәдениетпен тығыз байланысты, тіл мәдениетте өседі, мәдениетте дамиды және мәдениетті басқаларға жеткізеді. Бұл ғылыми саланың міндеттеріне тіл мен мәдениеттің, тіл мен этностың, тіл мен ұлттық менталитеттің өзара тығыз байланысын суреттеу мен үйрету жатады. Тіл, мәдениет, этнос өзара тығыз байланысты.
Дегенмен, тіл мен мәдениет ара-қатынасын қарастырғанда мұқият болған жөн, өйткені ол екеуі екі түрлі семиотикалық жүйеге жататынын естен шығармаған абзал. Ең дұрысы олардың ортақ белгілері өте көп, мәселен мәдениет, тіл сияқты танымның түрі, мұның көмегімен ол адамның дүниетанымын көрсетеді, мәдениет пен тілдің құралы әрқашанда жеке тұлға, қоғам, жеке адам немесе әлеумет, нормативтік және мәдениет пен тілдің ортақ көрінісі, тарихи белгілері де мәдениет пен тілдің маңызды көріністерінің бірі. Тіл – мәдениеттің көрінісі, өйткені:
1)тіл атадан балаға мирас болып келе жатқан мәдениеттің құрамды бөлігі;
2)тіл – оның көмегімен мәдениетті меңгеретін негізгі құрал;
3)тіл – егер, біз мәдениет маңызын – ғылымды, дінді, әдебиетті түсінгіміз келсе, онда біз бұл құбылыстарды белгі ретінде қарастыруымыз тиіс, яғни мәдени тәртіп ішіндегі өте маңызды құбылыс.
«Лингвомәдениеттану» термині XX ғасырдың 90-шы жылдары өз бетінше жеке лингвистикалық, бағыт ретінде қалыптасты. Мұның төңірегінде үлес қосқан мынадай лингвистерді атауға болады: В. И. Телия, Ю. С. Степанов, А. Д. Арутюнова, В. В. Воробьев, В. Шаклеин, В. А. Маслова. Қазақ тілі білімінде этнолингвистика аясында қазірде жаңадан қалыптасу үстінде. Манкеева Ж., Алдашев А., Кажыгалиева Т. А., Ислам А.
Қазіргі таңға дейін лингвомәдениеттану саласында бірнеше бағыттар қалыптасып үлгерді. Олар:
1) жеке әлеуметтік топтың, этностың лингвомәдениеттануы, яғни белгілі лингвомәдение оқиғаны белгілі бір кезеңде мәдениетпен байланыстырып зерттеу.
2) тарихи лингвомәдиенттану, яғни этностың лингвомәдени жағдайының белгілі бір кезеңде өзгеруін зерттеу;
3) салыстырмалы лингвомәдениеттану, яғни әртүрлі, бірақ бір-бірімен байланысты халықтардың лингвомәдени қалыптасуын зерттейді;
Ғасыр басында адамзат қоғамы дүние, қоршаған орта туралы заман танымының, ақиқатының бір қырлы бір сырлы табиғатынан туындап, антологиялық негіздеріне бағынуда. Адам сөз дүниесінде өмір сүреді, орасан зор ақпараттарды адамзат сөз арқылы меңгеріп, сөз арқылы түсіне алады. Ұлттық мәдениеттің кілтін кез-келген халық алу үшін сол халықтың топырағында аунап, суын ішіп, ауасымен демалу керек. Себебі, мәдени кодты алудың кілті сол атрибуттармен тікелей байланысты.
Соңғы бірнеше жылда ғылым мен техниканың қарқынды дамуы өмірге жаңа атаулардың келуіне жол ашты. Қазақ халқының көпшілігі де осындай өзгерістерді бастан кешіруде. Қазақстандықтар соңғы 10-15 жылдары ғылым мен техниканың қарқынды дамуына, қоғамның жылдам ақпараттармен тез қамтылуына, сондай-ақ саяси және әлеуметтік өзгерістерге куә болуда.
Қазақ лингвистерінің болжауларынша, соңғы кездері шетел тілі сөздерінің көптеп енуі етек алғаны байқалған. Өзара мәдени байланыстардың ең кері әсерлерінің бірі лексикалық бірліктердің енуімен мәдени құндылықтардың да алмасуы. Орыс ғалымы Л. П. Крысиннің пікірінше, «Саяси, экономика және мәдениеттің дамуының шарты ресей қоғамының бұрын ана тілінде бар кейбір сөздерді шет ел тілдеріндегі арнаулы мағынасымен алмастыру болды». Бұл жаңа лексиканың мәні мынада, ол интернационалды сөз ретінде қолданылып, бір елдің тілінен екінші елдің тіліне өзінің бастапқы мағынасын өзгертпестен ену. Сөздіктерді де, сөз тудыру үдерісін де интернационалдау салтқа айналды. Интернациональды лексикалардың сөздік қорда көбеюі интернационалды морфемалар мен шетел тілдеріндегі сөздер арқылы жаңа сөз тудыруынан болып отыр.
Қазақ тілін мұндай жолмен дамытуда жаңа лексикалардың көпшілігі ағылшын тілінен екенін атап айтқан жөн. Компьютер техникасына қатысты терминдер әуелі кәсіби ортада, сонан соң бүкіл елге тарады. «Сонымен қатар, термин деп аталатын бұл құбылыстар, бүкіл қоғамда өзекті мәселеге айналып отыр, тек кәсіби ортада қолданылған терминологиялар бүкіл баспасөз беттерінде, радио-тел бағдармаларда, іскер және саяси тұлғалардың сөйлеген сөздерінен нақты орын ала бастады».
Экстралнгвистикалық факторға жауап ретінде БАҚ шет ел тілдік лексиканы жедел насихаттауда. Баспасөз «Күн сайынғы оқиғаларды тез таратады және сонымен бірге (әсіресе лексика) тілді де кең насихаттайды. «Газеттер жаңа білімді, сөз мағыналары мен сөз тіркестерінің қолданылуын қырағы қадағалайды».
Қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде соңғы жылдары жарық көрген ағылшын тіліндегі лексикаларға талдау жүргізгенде, ағылшын тіліндегі кейбір сөздіктер қазақ тіліне сіңіп кеткендігі соншалықты қазақ сөздік қорын толықтырып отырған байырғы сөздер секілді. Лингвистикада шетел тілдерінен енген кірме сөздерді бірнеше классификацияға бөледі, олардың неғұрлым белсенді топтарына жататындар: варваризмдер, калькалар және ассимиляцияланған лексикалар. Қазіргі заманда бүкіл әлемде ағылшын тілі экспансиясының басымдылығы байқалады, осыған қарағанда ағылшын тілі Қазақстан Республикасында кең тараған, қазір тұрғындардың көбі ағылшын тілін игеруге тырысады. Ағылшын тілін, әлемдік тілді білу – заман талабы. Бұл жөнінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Болашақта біздің балаларымыз үш тілді толық игеріп, еркін сөйлейді» деген болатын.
Англицизмдер әдеби тілде, ауызекі сөйлеу тілінде, сленгтер, арго, жаргондарда жиі кездеседі. Әдеби тіл, сленг, арго, ауызекі сөйлеу тілі – жалпыұлттық тілдің экзистенциялық ішкі жүйелер – әлеуметтік лингвистикалық түсінік болып табылатындығы да кірме сөздердің осы экзистенциялық ішкі жүйелерінің құрамында қызметін сипаттау – мәдени лингвистиканың пәні ретінде қарастырылады.
Қазіргі күні лингвистер қазақ-ағылшын тілдік қатынастарына баса назар аударып отыр. Ағылшын тілінен енген англицизмдердің көп көлемінің пайда болуы, олардың қазақ тілінде берік орнығуы қоғамдық және ғылыми өмірдегі қарқынды өзгерістермен түсіндіріледі. Ақпарат ағымдарының артуы, ғаламдық компьютер желісі – Интернеттің пайда болуы, мемлекетаралық және халықаралық қатынастардың күшейуі, әлемдік нарықтың, экономиканың, ақпараттық технологияның дамуы, олимпиадаларға, халықаралық фестивальдарға, сән көрмелеріне қатысу - тілімізге шет тілдері сөздерінің кіруіне түрткі болды. Біз қазақ халқы сыртқы әсерлерге толерантты қараймыз. Біздің қоғамның жариялылығы халқымыздың білім деңгейінің және ой өрісінің орасан дамуына ықпал етеді. Іскерлік, сауда, мәдени байланыстар қарқынды дамып, шетелдік туризм гүлденді, біздің мамандардың басқа мемлекеттің мекемелерінде қызмет істеуі, біздің елдің аумағында шетелдік компаниялардың жұмыс жасауы үйреншікті құбылысқа айналды. Басқа тілде сөйлейтін адамдармен қарым-қатынасты қарқынды дамыту қажеттілігі туындады.
Шет тілдерден сөздер енуі – ертеден бері ерекше назар аудартып келе жатқан мәселелердің бірі. Теориялық тіл білімі қалыптаспас бұрын, бұл мәселе Ежелгі дүние философтарының еңбектерінде қарастырылған. Платонның «Кратил или О правильности имен» атты диалогында Сократ «жалпы гректер, әсіресе, варварлардың қол астында тұратындар, көптеген есімдерді солардан алғанын өз дәуірінде атап көрсеткен. Ал шет тілінен енген сөздердің шағын сөздіктерін құрастыруға арналған материалдар сонау Ежелгі Вавилонның кезеңінен бастау алады.
Орыс тілі тарихында шетел тілінің сөздері туралы мәселе I Петр патшаның реформалары дәуірінде ерекше орын алған. Өйткені Ресейдің ұзақ уақытқа созылған оқшаулығынан кейін орыс тілінің сөздік құрамы шет тілінен енген сөздермен жылдам толықтырылып бастады. Поляк, француз, неміс, голланд, итальян сөздері сол кезде жаңа еуропалық атауларды, ұғымдар мен әлеуметтік қатынастарды білдіру үшін қолайлы болып көрінді.
Ағылшын тілінен енген сөздердің негізінде жазылған ғылыми-теориялық еңбектерге сүйене отырып, ағылшын сөздерінің зерттелу тарихын үш сатыға бөліп қарастыруға болады.
XIX ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысы ағылшын сөздері теориясының қалыптасу кезеңі болып табылады. Бұл дәуірде ағылшын сөздері көбінесе «тілдердің тоғысуы» теориясының арнасында қарастырылады. Бұл сатыда шетел сөздерді зерттеу лингвистердің олардың тілге енуінің сыртқы мәдениеттанушылық себептеріне назар аударуымен сипатталады, басқаша айтқанда, ағылшын сөздері мен сөз тіркестерінің пайда болуы тек қана жаңа заттардың, құбылыстардың, қатынастардың және т.б. пайда болуымен ғана байланыстырылды. Англицизмдерді «тілдердің араласуы» негізінде зерттеу И. А. Бодуэн де Куртенэ, Г. Пауль, Э. Сепир, Л. В. Щерба және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелінді. Англицизмдер тек халықтар мәдениетінің өзара байланысы тұрғысында зерттелінген.
Ағылшын түбірі бар жаңа ұғымдар мен құбылыстар аясы шектеулі. Сондықтан кірген ұғымдары мен нысаны бар қолданыстағы номинацияны алу тиімді болып саналады.
Шет тілдерінен кірген сөздердің келесі тобын атап көрсетуге болады:
1. Тікелей кірген.
Түпнұсқадағы сөздер тілімізде тура мағынасында қолданылады. Мысалы: weekend – (уик-энд) – демалыс күндер, black – (блэк) – қара, money (мани) – ақша, party (пати) – сауық кеші, girl – (гел) – қыз бала, boy – (бой) – бала, friend – (френд) – дос, sponsor – (спонсор) – демеуші, price – (прайс) – баға, т.б.
2. Гибридтер.
Бұл шет тіліндегі сөзге қазақ тілінің жұрнағын, қосымша, жалғауын жалғау арқылы пайда болған сөздер. Бұл жағдайда шет тіліндегі сөздің мәні өзгереді. Мысалы: «ask» – аскать – өтіну, «busy» – бузить – мазасыздану мағынасында, «copy» - көшірме жасау, т.б.
3. Калька (көшірме)
Фонетикалық дыбысталуы жалпы формасы сақтай отырып қолданылатын, шет ел сөздері. Мысалы: menu – меню, the dickм – диск, the virus – вирус, the club – клуб, password – пароль, cooler – кулер, mixer – миксер, toaster – тостер, blender – блендер, antifreeze – антифриз, bulet – булет, device – девайс, hacker – хакер, obgreyd – обгрейд, click – кликать, blog – блог, smile – смайлик және т.б.
4. Экзотизмдер (Ерекше сөздер).
Басқа халықтың ерекше ұлттық дәстүрін сипаттайтын біздің табиғатымызға жат өз мағынасында сақталатын сөздер. Бұл сөздердің ерекшелігі, қазақ тіліндегі синонимдерінің болмауы. Мысалы: chips – чипс, hot dog – хот-дог, cheeseburger – чизбургер, football boots – бутсы, fishburger – фишбургер, pudding – пудинг, yogurt – йогурт, barbecue – барбекю, beefsteak – бифштекс, cocktail – коктейль, jacuzzi – джакузи және т.б.
5. Колориттер.
Бұл сөздердің лексикалық баламалары болады, бірақ олардан стилистикалық ерекшелігі бар және қандай да бір қарым-қатынас саласында сөзге ерекше мәнер беретін мәнерлік құралы ретінде бекітіледі. Мысалы: ОК – Окей, wow – вау, super – супер.
6. Композиттер.
Екі ағылшын тілінен тұратын сөздер. Мысалы, second hand – (секонд-хенд) – қолданылған заттарды сататын дүкен, Video Salon – (видео-салон) – фильм көретін зал, time out – (тайм-аут) – уақыт бітті, fast food – (фаст фуд) – тез әрі жеңіл тағам, News maker – (ньюс-мейкер) – жаңалық жасаушы, Price List – (прайс-лист) тауарлар мен сорттары, қызметтер бойынша бағалар анықтамалығы, және т.б.
Басқа тілден енген кірме сөздер кітап сөзінің жанрларында, ғылыми және техникалық сипаттағы мәтіндерде кеңінен қолданылады. Соңғы кездері тілдік материалдың негізгі көзі болып, қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Газет және журналдардың беттерінде күнделікті кездесетін сөздерді үш топқа бөлуге болады:
1. Қазақ тілінде синонимдері бар, бірақ көбіне адамдарға түсініксіз сөздер, мысалы: мониторинг – monitoring – «бақылау» синонимі. Көп жағдайда бұл сөздерді пайдалану қажет емес және мәтінді түсініксіз етеді.
2. Қазақ тілінде синонимдері жоқ сөздер. Олардың сіңіп кеткеніне көп болған, көп адамдар ол сөздердің ағылшын тілінен енгенін білмеуі де мүмкін, мысалы, спортсмен – sportsman, футбол – football, проблема – problem, сплит-система – split system, модельдік бизнес – model business, имидж – image, лифтинг – lifting, пилинг – peeling, пирсинг – piercing, скраб – scrub, стилист – stylist, тоник – toner, кастинг – casting, т.б.
3. Газеттерде ағылшын әріптерімен жазылатын сөздер. Бұл сөздерге мүлдем таныс емес, мысал non-stop. Бірқатар газет материалдарын талдай отырып, ағылшын сөздері экономикалық және саяси тақырыбына арналған рубрикаларда, музыка туралы мақалаларда, ғылым мен техника туралы мақалаларда қолданылатыны анықталды.
Ғалымдардың пайымдауынша түрлі салалар бойынша қазақ тіліндегі кірме сөздердің пайыздық көрсеткіші бойынша төмендегідей тұжырым жасауға болады:
Антропология – 19%, журналистика – 12%, тарих – 6%, тіл білімі – 11%, өнертану – 9%, әдебиеттану - 3%, қоғамтану – 9%, саясаттану – 6,7%, өлкетану – 3%, педагогика – 3%, психология – 8%, философия – 9,3%, этика – 4%, эстетика – 5%, этнография – 2%.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет