22
организмнен алынған материал өте нашар өседі. Клетка культурасын организмнен тыс өсіру үшін
өсіру барысында оған ортадан басқа температураны сақтап тұру қажет. Қазір организмнен тыс
жасушаны дақылдау әдісі тек цитологияда ғана емес, сонымен қатар генетикалық, вирусологиялық
және биохимиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Дақылда өсімдік жасушаларында өсіруге
болады. Ол үшін бір бөлігі ұлпаның жасуша қабығын ерітуде ферментпен өңдейді. Бөліген жасуша
денесі, протопласттары дақылдық ортаға салынып, олар бөлінеді және жасуша зонасын құрады. Тірі
жасушаны қарауда әдетте микроскоптың арнайы фото қондырғы көмегі арқылы жасалынған
фотосурет түрінде тіркеледі. Тірі жасушаларды кинопленкаларға да түсіруге болады. Мұндай
жағдайда осындай микросъемкалар кажетті ақпаратты береді. Тездетілген немесе баяулатылған
киносъемканы қолдана отырып (цейтроферлі киносъемка) жасушаның қалай бөлінуі, фагоцитоз
процесін, цитоплазма ішіндегі кірпікшелердің құрылуын және т.б. қажетті процестерді толық
көруге болады. Қазір компьютерлік технологияның дамуында арнайы жасушалар көмегімен тікелей
компьютер мониторынан жасуша бейнесін көруге және оларды компьютерге жазуға болады.
Қозғалмалы объектіні цейтроферлі түсілім үшін компьютерлік көру қолданылады.
Микрохирургиялық әдістер. Тірі жасушаны зерттеуде казіргі таңда микрохирургиялық әдістер
қолданылып жүр. Микроманипуляторлық прибор көмегімен жасушалар кесіледі, олардан бөліктер
алынады, заттар салады (микроинъекция) және т.б. операцияның жүруін қадағалайтын
микромонипулятор әдеттегі микроскоппен үйлестірілген. Микрохирургиялық құрал ретінде әйнек
ілмектер, инелер, капиллярлар қолданылады. Олар микроскопиялық өлшемде болады және арнайы
микроқұралдар қолданылады. Микроманипуляция кезінде арнайы камераларға жасушаларды
салып, сонымен бірге құралдарды да салады. Микроманипулятор көмегімен ядроны бір амеба
штаммынан басқаға ауыструға және жасушалық ядро целомындағы жасушалардың физиологиялық
ерекшеліктерін анықтауға болатындығын дәлелдеді. Микроманипулятор көмегімен амеба
жасушасына коллойдтық алтын енгізу арқылы, содан кейін ядро мен цитоплазмада оның
бөліктерінің араласуын зерттейді. Осыдан микрохирургиялық құралдар көмегімен жасушадағы
митотикалық айналуды қозғалтуға, жеке хромосомаларды шығаруға, тірі жасушаға белгіленген
антидене немесе әр түрлі белоктік молекулаларды енгізуге болады. Механикалық әсерден басқа
микрохирургияда жасушаларға соңғы кезде лазерлік микрошоғырлары немесе ультркүлгін
жарығының микрошоғырлары кеңінен қолданылады. Бұл тірі жасушалардың жеке участкелерін тез
арада анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, бір ядрошықты анықтап және екіншісінің тіршілігін
қадағалауға болады. Бұл жағдайда екінші ядрошық өзіне қосымша жұмыс алып және екеуі үшін
жұмыс істейді. Микрошоғырлардың көмегімен митотикалық хромосоманың немесе бөліну
ұршығының белгілі бір аймақтарына әсер етуге болады. Жақында өте қысқа сәулелену
импульстарын (наносекундтар) қолдануға мүмкіндік беретін және нақты түрде әсер ететін
нүктесінде энергия мөлшерін дозалауға болатын, әсерлік микросәулелері бар құрылғылар
қолданысқа еніп жатыр. Тірі жасушаларды зерттеуде оларды витальді деп аталатын боялар
қолданылады. Бұл бояу табиғатта қышқыл түрінде (трипанды көк; литий кармині) кездеседі. Тірі
жасушаларды бояған кезде цитоплазмада бояу түйіршік түрінде жинақталады, ол зақымданған
немесе өлі жасушалардағы цитоплазма мен ядро диффузды түрінде боялады.
Достарыңызбен бөлісу: