16
алынады, заттар салады (микроинъекция) және т.б. операцияның жүруін қадағалайтын
микромонипулятор әдеттегі микроскоппен үйлестірілген. Микрохирургиялық құрал ретінде әйнек
ілмектер, инелер, капиллярлар қолданылады. Олар микроскопиялық өлшемде болады және арнайы
микроқұралдар қолданылады. Микроманипуляция кезінде арнайы камераларға жасушаларды
салып, сонымен бірге құралдарды да салады. Микроманипулятор көмегімен ядроны бір амеба
штаммынан басқаға ауыструға және жасушалық ядро целомындағы жасушалардың физиологиялық
ерекшеліктерін анықтауға болатындығын дәлелдеді. Микроманипулятор көмегімен амеба
жасушасына
коллойдтық алтын енгізу арқылы, содан кейін ядро мен цитоплазмада оның
бөліктерінің араласуын зерттейді. Осыдан микрохирургиялық құралдар көмегімен жасушадағы
митотикалық айналуды қозғалтуға, жеке хромосомаларды шығаруға,
тірі жасушаға белгіленген
антидене немесе әр түрлі белоктік молекулаларды енгізуге болады. Механикалық әсерден басқа
микрохирургияда жасушаларға соңғы кезде лазерлік микрошоғырлары немесе ультркүлгін
жарығының микрошоғырлары кеңінен қолданылады. Бұл тірі жасушалардың жеке участкелерін тез
арада анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, бір ядрошықты анықтап және екіншісінің тіршілігін
қадағалауға болады. Бұл жағдайда екінші ядрошық өзіне қосымша жұмыс алып және екеуі үшін
жұмыс істейді. Микрошоғырлардың көмегімен митотикалық хромосоманың немесе бөліну
ұршығының белгілі бір аймақтарына әсер етуге болады. Жақында өте қысқа сәулелену
импульстарын (наносекундтар) қолдануға мүмкіндік беретін және нақты түрде
әсер ететін
нүктесінде энергия мөлшерін дозалауға болатын, әсерлік микросәулелері бар құрылғылар
қолданысқа еніп жатыр. Тірі жасушаларды зерттеуде оларды витальді деп аталатын боялар
қолданылады. Бұл бояу табиғатта қышқыл түрінде (трипанды көк; литий кармині) кездеседі. Тірі
жасушаларды бояған кезде цитоплазмада бояу түйіршік түрінде жинақталады, ол
зақымданған
немесе өлі жасушалардағы цитоплазма мен ядро диффузды түрінде боялады.
Достарыңызбен бөлісу: