Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭТИКАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЕРЕЖЕСІ:
• Стационарда және бөлімде жұмыс тәртіпті болу керек. Субординацияны, яғни кіші медицина қызметкерінің жоғарғы медицина қызметкеріне деген қатынасын сақтау керек.
Медицина қызметкері науқасқа деген қатынасы тұрақты болу қажет
Дәрігер жоғарғы білікті маман болуы қажет.
Дәрігер жоғарғы білікті маман болуы қажет.
Науқастың қатысуымен басқа медицина қызметкерлердің қателіктерін айтпауы тиіс.
Дәрігер диагнозды, емдік шаралардың көрсеткіші мен қарсы көрсеткіштерін ескере отырып, қажетті операция жасалуын басқа дәрігермен кеңесе отырып іске асыруы қажет.
• Орта және кіші медицина қызметкерлерімен қарым қатынас жақсы болуы қажет.
• Орта және кіші медицина қызметкерлерімен қарым қатынас жақсы болуы қажет.
Дәрігер тактикасын науқастың мінезіне, оның мәдениет деңгейіне, ауру сатысына, психика ерекшелігіне қарай жүргізілуі тиіс.
Дәрігер науқастың туыстарымен баязы болуы керек, дәрігерлік құпияны сақтауы тиіс. Егер де аурудың асқынған түрлері болғанда жақын туыстарымен ашық әңгімелесуіне болады.
ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ Медициналық деонтология медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды. Буған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады. «Дәрігершеберлігі» ұғымын техникалық тәсілдер қауызына қамап қоюға болмайды. Бұл - дәрігердін бойына біткен «клиникалық ойлау жүйесі» деп аталатын, интеллектуальді жұмыс түрінде көрінетін творчестволық үрдіс