Қазіргі заманғы түсінік бойынша , медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді ғылыми – медицина қызметкерлерінің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы практикалық - кәсіби медициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық практикасының саласы. бойынша тұлғаралық қарым- қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:
медициналық қызметкер – емделуші,
медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,
медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.
ДӘРІГЕР МЕН НАУҚАС Емдеу жұмыстары барысындағы дәрігер мен науқастын өзара қарым-қатынасының моральді-этикалық мәселелері деонтологияның маңызды тармағы болып табылады. Емдеу мекемесі туралы алғашкы әсердің жағымды, не жағымсыз болуы медицина қызметкеріне, осы жердегі жұмыс тәртібі мен жай-ахуалға байланысты қалыптасады. Емдеу мекемесіндегі орта мен ахуал науқастардың көңіл-күйіне, сайып келгенде, емдеу ісіне зор ықпалын тигізеді.
ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ Медициналық деонтология медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды. Буған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады.
Қорытынды Жалпы этика дегеніміз менің ойымша адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қагидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер