Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


құрметті қызметкері (2006 ж.); «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі



Pdf көрінісі
бет100/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   277
құрметті қызметкері (2006 ж.); «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі 
үшін» белгісінің (2008 ж.) иегері және Педагогика ғылымдары Халықаралық Академиясының академигі 
(2009ж.);  «Үздік  оқытушы»  мемлекеттік  грантының  (2006  ж.);  Қазақстан  Республикасының 
Президенттікке  кандидатынан  мемлекеттік  тілден  емтихан  алушы  «Лингвистикалық 


97 
комиссиясының  мүшесі  әрі  хатшысы  (1998  ж.,2005  ж.);  Гуманитарлық  ғылым  саласындағы  үздік 
ғылыми-зерттеу еңбегі үшін Шоқан Уалиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлықтың лауреаты 
(2006 
ж. №567 бұйрық). 
Ұлағатты  ұстаз,  зерделі  ғалым  Фаузия  Шәмсиқызы  –  өзінің  мағыналы  өмір  жолымен,  ішкі  рухани 
байлығымен, адами асыл қасиеттерімен, ақыл-парасатымен бәрімізге үлгі Тұлға. 
«Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамдың өз мінез-
құлқын,  іс-әрекетін  ерікті  түрде  өзгертіп,  игілікке  бағыттап  отыруы»  -  деген  данышпан  бабамыз  әл-
Фарабидің  сөзіне  сүйенер  болсақ,  Фаузия  апай  сол  парасаттылыққа  жеткен,  бүкіл  ғұмырын  ел  үшін 
игілікті істерге бұра білген бақытты жанның бірі деп есептеймін. Адамның да, ұстаздың да басты бақыты, 
өмірінің мәні елге қалтқысыз еңбек ету, ұрпақты, ұлтты тәрбиелеу. Олай болса, бүгінде 70 жасқа келіп 
отырған,  ұлт  мақтанышына  айналған  ұлағатты  ұстаз,  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 
университетінің  профессоры,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  ҚР  ҰҒА  корреспондент  мүшесі, 
Ш.Уәлиханов  атындағы  І  дәрежелі  сыйлықтың  лауреаты,  «ЖОО  үздік  оқытушысы»  мемлекеттік 
грантының  иегері,  Педагогика  ғылымдары  Халықаралық  академиясының  академигі  Оразбаева  Фаузия 
Шәмсиқызы сондай үлкен бақыттың иесі десек артық айтпаймыз. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:  «  Қоғамның  даму  барысын  өмірде  –  нәзік,  көңілде  –  биік,  ал  істе  –  мығым 
әйелдер  қауымынсыз  көзге  елестету  мүмкін  емес»,  -  дегенде,  бүкіл  өмірін  жастар  тәрбиесіне  арнаған 
ұстаз, ғалым, қайраткер Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы сынды қазақтың аяулы қыздары туралы айтқан 
болар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет