Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет102/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   277
 
Аннотация:  В  статье  представлены  научные  выводы  ученого  член-корреспондент  НАН  РК,  д.п.н, 
профессор Оразбаева Фаузия Шамсиевна, ее труды анализируются с помощью методов лингвистического 
исследования.  Профессор  ф.Ш.Оразбаева  признается  уникальным  ученым,  сформировавшим 
методологию коммуникативной лингвистики в казахском языкознании. 
 Annotation: The article presents the scientific conclusions of the scientist Professor in Pedagogy Orazbayeva 
Fauzia  Shamsievna,  corresponding  member  of  the  NAS  RK.  Her  works  are  analyzed  using  the  methods  of 
linguistic research. Professor F.Sh.Orazbayeva is recognized as a unique scientist who formed the methodology of 
communicative linguistics in Kazakh linguistics. 
 
 
Тіл  ғылымының  тарихына  қатысты  әлемдік  зерттеулерге  зер  салсақ,  оның  әдіснамасына 
(методология) гносеологиялық және эпистемологиялық ұстаным тірек болатынын көреміз. Гносеология – 
гректің  «gnosis»  тану,  білу,  мағлұмат,  ал  эпистемология  –  «episteme»  істей  білу,  өнер,  шеберлік,  білім 
деген сөзінен қалыптасқан термин.  
Тіл  ғылымының  әдіснамалық  (методологиялық)  негізі  тілді  жалпы  теориялық  тұрғыда  танып-білу 
және  оны  қолдана  білуден  тұрады.  Теориялық  жақтан  шешімін  тапқан  нәрсе  практикалық  тұрғыда 
қолданысқа  түсіп,  білім  қорына  айналса  ғана  ғылым  қалыптасады.  Тілдің  теориясы  мен  оның 
қолданылуын өзара бірлікте зерттеу – нәтижеге жетудің бірден-бір жолы. 


98 
Қазақ  тіл  ғылымында  тілді  гносеологиялық  жақтан  да,  эпистемологиялық  жақтан  да  зерделеп, 
терезесін тең ұстаған бірегей ғалым – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корр. 
мүшесі Фаузия Шамсиқызы Оразбаева.  
Ф.Ш.  Оразбаеваның  гносеологиялық  зерттеулері  адамдардың  сөйлеу  арқылы  ұғынысу,  түсінісу, 
қарым-қатынас  жасау  әрекеттерін  теориялық  тұрғыдан  зерделеуге,  ал  эпистемологиялық  зерттеулері 
оның  практикалық  мәнін  айқындауға  арналады.  Ғалым  тілдік  қатынастың  теориялық  мазмұнын  білім 
беру  жүйесіне  енгізу  арқылы  теория  мен  практиканы  ұштастырып,  тілдік  қатынас  теориясының 
әдіснамалық (методологиялық) негізін қалады.  
 
Тек адам танымында орныққан ойлау мен пайымдау, сана мен ми арқылы тілдік қатынастың жүзеге 
асатынын дәлелдеген ғалым: «Ойлаусыз тілдік қатынас жоқ. Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол 
– 
бүкіл сөйлеу әрекетімен өмір сүретін адамзаттың болмысы. Ойлау мен сана, тіл мен сөйлеу – бір-бірінен 
ажырамас жүйелі құбылыстар» екенін айтады [1,74 – 88 б]. Ғалымның ғылыми тұжырымдарын сараласақ, 
тілдік  қатынасқа  тән  мынадай  ерекшеліктерді  көреміз:  1)  тілдік  қатынас  тек  адамзатқа  тән;  2)  тілдік 
қатынасқа  тіл  мен  сананың  бірлігі  арқау  болады;  3)  тілдік  қатынас  қатысымдық  бірліктердің  үздіксіз 
қозғалыстағы  қызметі  арқылы  жүзеге  асады;  4)  кем  дегенде  екі  байланысшы  қатысады  (біреуі 
хабарлайды,  екіншісі  қабылдайды);  5)  жалпы  адамзатқа,  қоғамға  қызмет  етіп,  қоғамның  әлеуметтік 
қажеттілігін өтейді; 6) адамның қоғамдағы орнын бекітеді; 7) барлық қоғамдық үрдістердің, әлеуметтік 
идеялардың  жүзеге  асуына  әсер  етіп,  бүкіл  қоғамның  қалыптасуына  қызмет  етеді;  8)  тілдік  қатынас 
адамзатпен  қатар  пайда  болған  табиғи  құбылыс;  9)  жалпы  адамзатқа  тән  тәрбиелік  жүйені 
қалыптастыратын  педагогикалық  құбылыс;  10)  адамзаттың  танымдық  қабілетін  дамытатын 
психологиялық құбылыс. 
Ф.Ш.Оразбаева тілдік қатынастың басты белгілеріне жататын осы құбылыстарды сөздің, сөйлемнің, 
тұрақты  тіркестің,  мәтіннің  қызметімен  байланыстыра  отырып,  тілдік  бірліктердің  коммуникативтік 
сапаға ие екенін алғаш рет дәлелдеді. Оны айқындау үшін антропоөзектік ұстанымды басшылыққа алады. 
Дәлірек айтқанда, тілдегі адам факторын анықтап, оның сөйлеу актісі теориясында, таным теориясында 
алатын орнын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет