Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет100/548
Дата07.01.2022
өлшемі7,82 Mb.
#20554
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   548
Жамандық  сөзі  жаман  сөзінен  шыққан  туынды  сөз,  ал  жаман  қазақтың  төл  сөзі,  басқа  да  түркі 

халықтарында  кездеседі.  «Көне  түркі  тілі»  сөздігінде  берілген  түсіндірмесі  бойынша:  «Jaman  плохой: 

beduk jaman bir kik erdi очень плохой был зверь; jaman baylarimiz наши плохие сады» [1, 231]. Жақсылық, 

жамандық  сөздерінің  түп-төркінін  көне  түркі  тілдерінен  табуымыздың  өзі  бұл  сөздердің  арқалаған 

ұғымдық  жүгінің  қаншалықты  салмақты  екендігін  аңғартады.  Сондай-ақ  бұл  тіл  иесі  қазақ  халқының 

ұлттық  санасындағы  жақсылық/жамандық  концептілерінің  тамыры  тым  тереңде  жатқандығын 

көрсетеді.  

Ал  орыс  тілінде  добро/зло  сөздерінің  шығу  тегіне  қатысты  лексикографиялық  деректер  былайша 

түсіндіреді: «Добрый, добро – старославянское – добръ, добро, общеславянское – dobrъ. Прилагательное 

«добрый»,  означающее  «мягкосердечный»,  «сострадательный»,  «хороший»,  впервые  стало 

использоваться в русском языке в XI в. Слово с той же индоевропейской основой встречаем в армянском 

языке  (darbin),  однако  оно  имеет  иное  значение  –  «кузнец».  Ал  «Зло  –  старославянское  –  зъло  (беда, 

грех).  На  Руси  слово  начало  использоваться  рано  –  с  XI  в.  В  древнерусский  язык  слово  проникло  из 

старославянского и довольно быстро получило широкое распространение» [2]. 

Этимологиялық,  тарихи,  түсіндірме,  фразеологиялық  секілді  сөздіктерге  назар  аудару  жақсылық/ 

жамандық,  добро/зло  лексемаларының  барлық  семантикалық  көлемін  зерттеуге  жағдай  жасайды,  бұл 

халықтың  тарихын,  оның  тілдік  және  мәдени  қатынас  тарихын,  төл  және  кірме  лекикасының  қолда-

нылуын  дұрыс  сипаттауға  мүмкіндік  береді.  Жоғарыда  берілген  материалдан  аталмыш  сөздердің  орыс 

тілінен басқа да славян тілдерінде кездесетіндігін көреміз. 



Жақсылық/жамандық  сөздерінің  семантикалық  тұрғыдан  қандай  да  бір  қауымдастық  өміріндегі 

қоғамдық, әлеуметтік, саяси-эномикалық, мәдени даму бағыттарының өзгеруіне байланысты мағыналық 

түсіндірмесінің  ауысуы  мүмкін  екендігін  де  осы  лексикографиялық  дереккөздерде  тіркелген  мағына-

ларын талдау арқылы аңғаруға болады. Оның үстіне бір қоғамда өмір сүріп отырғанымен ұлттық-мәдени, 

ұлттық-танымдық  ерекшеліктеріне  орай  қазақ  және  орыс  тіл  иелерінің  аталмыш  сөздерді  қабылдау 

сипаты да әрдайым сәйкесе бермейді.   

Қазақ және орыс тілдеріндегі әртүрлі жылдарда жарық көрген бірнеше түсіндірме сөздіктерді мұқият 

талдау нәтижесі маңызды семантикалық өзгерістер мен толықтыруларды белгілеуге мүмкіндік берді.  

Айталық, 1959 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» [3] (екі томдық) жақсылық 

сөзі  бір  ғана  игілікті  іс  мағынасында  беріледі:  «Жақсылық  зат.  Игілікті  іс»,  жамандық  cөзінің  де  бір 

мағынасында:  «Жамандық  зат.  Жаман,  жағымсыз  қылық,  нашар  іс-әрекет»  ретінде  түсіндіріледі.  Ең 

алғаш  жарық  көрген  сөздік  болғандықтан  болар  жоғарыдағы  сөздікте  жақсылық,  жамандық  бір-бір 

мағыналарымен шектеліп қалған.  



62 

Келесі 1978 жылы шыққан «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде (он томдық)» [4] жақсылық сөзінің 

«1. Қайырымды, ізгі іс, рақымдылық. 2. Кісінің я, заттың бойындағы тәуір сапа» деген мағынасы берілсе, 

ал  жамандық  сөзінің  екі  мағынасы  ажыратылады:    «Жамандық  зат.  1.  Жайсыз  оқиға,  суық  хабар.  2. 

Жағымсыз іс, жағымсыз қылық». 

Барынша кеңейтіліп он том болып шыққан, қазақ лексикографиясындағы аса құнды еңбектердің бірі 

болып  бағаланатын  аталмыш  сөздікте  жақсылық  сөзіне  кісінің,  заттың  бойындағы  тәуір  сапа  баға-

лауыштық мағына үстелсе, жамандық лексемасына алдыңғы сөздіктегі жағымсыз іс, қылық мағынасына 

оқиғалық, ақпараттық мағына қосылған.  

Араға жиырма жыл салып жарық көрген, яғни 1999 жылғы «Қазақ тілінің сөздігінде» [5] (үш томдық) 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   548




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет