Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері, санаттар және заңдары



бет2/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
2. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері, санаттар және заңдары.
Экономикалық теория ғылымы мынандай қызметтерді атқарады:

  • танымдық (бұл қоғамның экономикасын оқытуға және түсіндіруге арналған);

  • әдіснамалық (бұл экономикалық ғылымның барлық жүйесі үшін теориялық және әдіснамалық базасы болып қызмет етеді);

  • білімдік (бұл адамдардың экономикалық мәдениетінің қалыптасуына көмектеседі);

  • тәжірибелік (бұл қоғамның дамуының экономикалық жолын көрсетіп, адамдардың мақсаттарына тәжірибе жүзінде қызмет көрсетуі тиісті).

Экономикалық теория басқа кез- келген ғылым сияқты танымның әртүрлі әдістерін өзінің зерттеулерінде келесі әдістерін қолданады:
а) синтез және анализ әдісі- әлеуметтік- экономиканың пайда болуы бөліктері және тұтастай өзара байланысы мен өзара тәуелділігі бойынша зерттеуді қарастырады. Бұл әдіспен экономикалық теорияны шаруашылық жүйесін екі әр түрлі деңгейде қарастыратын микро- және макроэкономикаға бөлу логикалық байланысты. Сондықтан, микроэкономика осы жүйенің жеке элементтерімен істі болады. Ол бөлек фирмалардың, үй шаруашылығының, өндірістің, бөлек өнімнің бағасын және экономикасын зерттейді. Макроэкономика шаруашылық жүйесін тұтастай зерттейді немесе агрегаттар деп аталатын экономикалық бірлікті, мысалы ұлттық экономиканы зерттейді. Макроэкономика синтездің әдістеріне негізделіп және жиынтықты , агрегатты көрсеткіштермен жұмыс істейді: жалпы ұлттық өнім, табыс және т.б.
б) ғылыми абстракция әдісі- жеке, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап оның мәнің, маңызын ашу, яғни заттардың негізгі, мәнді қасиеттерін ажыратып алып бөліп көрсету жатады (ғылыми түсінік беру);
в) тарихи және логикалық әдістер- құбылыстардың пайда болып дамып және бірін- бірі орын басқан тізбекті түрде талдау мен зерттелініп отырған құбылыс мәнін ұғынып жорамалдау;
г) математикалық модельдеу-экономикалық теорияны тәжірибеде пайдалану үшін экономикалық- математикалық модельді қолдануды талап етеді. Бұл тәсілді қолдану белгілі- бір мерзімде экономикада не болатынын, қабылданған шешімдердің нәтижелерін нақты айтуға мүмкіндік береді;
д) индукция- жеке құбылыстар мен оқиғалардан логика арқылы жалпы қағидалар қалыптастыру, дедукция- жалпы қортындылар негізінде экономикалық құбылыстардың, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін сипаттау;
е) материалистік диалектиканың әдісі- олардың дамуы мен өмірде бар, пайда болуының ішкі байланыстарын сипаттайтын, объективті талдаудың негізінде ғылыми мәселелерді шешу;
Позитивті экономикалық әдіс субъективті бағалау пікірлерден тәуелсіз болады. Ол адамның билігі мен ой- санасынан тәуелсіз адамдардың экономикалық мінез- құлықтарындағы ғылыми ой- пікілерін қалыптастырады. Керісінше, белгілі бір экономикалық қатынастарға немесе белгілі бір экономикалық теорияға сүйене отырып нормативті экономикалық әдіс экономиканың қандай болуы туралы немесе қандай нақты саяси ұсыныстар беру керек екендігі туралы адамдардың бағалау ой- пікірлеріне жүгінеді.
Қоғамдағы экономикалық процестерді адамдардың қоғамдық әрекеттері, заңдары немесе экономикалық заңдар басқарады. Экономикалық заңдар- бұл экономикалық ұғым ретінде санада қалыптасқан құбылыстардың себеп- салдарлы байланыстары. Сонымен бірге экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс-әрекеті мен қатынастарын білдіреді. Олар объективті және адамдардың санасы мен еркінен тыс тәуелсіз жағдайда пайда болып, жүзеге асады. Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар мынадай топтарға бөлінеді:

  • жалпы- барлық тарихи дәуірлер үшін сипатты (мысалы, уақытты үнемдеу заңы, тұтынудың өсуі туралы заң және т.б.);

  • ерекше немесе арнаулы- нақты белгілі бір шаруашылық жүргізу нысанына тән (мысалы, құлдық кезіндегі бөлу туралы заң, социалистік экономияны жоспарлы дамыту туралы заң және т.б.)

Экономикалық санат- қандай да бір пайда болудың мәнін сипаттайтын ғылыми түсінік. Бұл- экономикалық өмірдің жалпы мәнін көрсететін логикалық түсінік. Олардың нақты өндірістік- ұйымдастырушылық- экономикалық қатынастарды көрсететін объективті сипаттамасы болады.
Экономикалық санаттар объективті экономикалық заңдардың мазмұнын құрайтын тұрақты себепті- салдарлы байланыстарды анықтауға қызмет етеді.
Экономиканы зерттеу төрт деңгейде жүргізіледі:

  • Микроэкономика- жеке фирма, жеке сала, немесе жеке отбасының іс- әрекетін зерттеу.

  • Медиум, немесе мезоэкономика – ұлттық экономиканың белгілі- бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылық салаларының іс- әрекеті мен заңдарын зерттейді.

  • Макроэкономика- жалпы қоғамның экономикасын, немесе оның негізгі құрамдарын (жалпы мемлекет, жалпы үй шаруашылығы секторы және жалпы жеке сектор) қамтиды.

  • Мегаэкономика- бұл жалпы әлемдік экономиканың әрекет ету механизмдері мен заңдарын зерттейді.

Экономикалық саясат және оның мақсаттары
Экономикалық саясаты жасауда экономикалық теория әр қашанда қолданылады. Экономикалық саясат - бұл экономикалық мәселелерді шешуде және олардың құралдарын жүзеге асыруда жүргізетін мемлекеттің іс-әрекеті. Экономикалық теорияның зерттеулері мен тұжырымдары экономикалық саясаты жүзеге асыруға бағытталған, стратегиялық экономикалық болжау және әртүрлі бағдарламаларды жасап шығару үшін қолданылады. Экономикалық саясаттың міндеттерінің жүзеге асырылуы экономикалық жүйенің өзгеруіне, оның жетілдірілуіне әкеледі де, ал ол өз кезегінде экономикалық теорияның дамуында, жаңа ғылыми білімнің нақты қосылуында көрініс табады.
Экономикалық саясат мынадай мақсаттарға жетуге бағытталады:

  • Еңбекке кажеттілігі және қабілеті бар адамдарды толық жұмыспен қамтамасыз ету.

  • Бағалар деңгейінің тұрақтылығын сақтау.

  • Экономикалық тиімділік: ең аз шығын мен өнімділіктің ең жоғары деңгейіне жету.

  • Адамдардың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық өсуге жету.

  • Экономикалық еркіндік: кәсіпкерлер, еңбеккерлер мен тұтынушылар өздерінің экономикалық іс- әрекетін жоғары деңгейдегі еркінділікпен жүргізуі қажет.

  • Табыстардың әділ бөлінуі: адамдар абыройлы өмір сүру үшін өздерінің еңбегіне лайықты еңбекақы алуы қажет.

  • Әлеуметтік- экономикалық қамтамасыз ету: мемлекет еңбекке жарамсыз, қабілеті жоқ, ауру, қартаң, жетім адамдардың өмір сүруін қамтамасыз етуі қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет