Өндірістік іс-әрекеттің қауіпсіздігін қамтитын принциптер, әдістер және қондырғылар



бет1/11
Дата02.12.2023
өлшемі365,55 Kb.
#132559
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
f644251283cdb20




    1. Өндірістік іс-әрекеттің қауіпсіздігін қамтитын принциптер, әдістер және қондырғылар


Принципі – бұл идея, ой, негізгі жағдай.
Әдісі – жалпы заңдылықтардан туындайтын білім, мақсатқа жету әдісінің жолы.
Қауіпсіздікті қамтитын қондырғы – құрылымдық, ұжымдық, материалдық туынды, принциптер мен әдістерді нақты іске асыру.
Принциптер, әдістер және қондырғылар – мұның барлығы қауіпсіздікті қамтитын логикалық этаптар. Оларды таңдау іс-әрекеттің нақты жағдайына, қауіптілік деңгейіне, бағасына және басқада критерияларға байланысты болады.
Қоршаған ортада адамзаттың қауіпсіздігін сақтаудың негізгі принципі: қауіпті тудыратын кері әсер дәрежесінің мерзімін төмендетудің белсенді қорғану принципі және қауіпті тудыратын кері әсер дәрежесін өзгертпей, адам ағзасына әсер ететін кері әсер факторларын төмендететін пассивті қорғаныс принципі.
Қауіпсіздікті қамту принциптерін бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады:

  • Бағытталған – оператор белсенділігі, іс-әрекет гумманизациясы, деструкция, операторды алмастыру, қауіпті жою, қауіпті төмендету жүйелігі;

  • Техникалық – құлыптау, вакуумдау, герметизациялау, қашықтықпен қорғау, компрессия, нормалардың тұрақталуы, кадрларды таңдау, тізбектелу, эргономикалылық;

  • Басқару – адекваттылық, бақылау, әлсіз топ, флегматизация, экрандау;

  • Ұжымдық – уақытпен қорғану, ақпарат, резервтау, сәйкес келмеушілік, қайтымды байланыс, жауапкершілік, жобалау, ынталандыру, басқару, тиімділік.

Кейбір принциптерді жеке қарастырайық:
Нормалау принципі адамды қауіптіліктен сәйкесінше қорғаныспен қамтитын параметрлерінен құралады. Оларға шекті мөлшерлік концентрациясы (ШМК), шекті жіберілетін қалдық (ШЖҚ), шекті жіберілетін құрам (ШЖҚ), шекті жіберілетін дәреже (ШЖД), алмасу мөлшері, еңбек іс-әрекетінің мерзімі және тағы басқалар жатады.
Әлсіз топ принципі қарастырылатын жүйеге қорғанысты қамту мақсатында өзгеріс кезінде іске қосылатын элемент енгізеді, ол қандайда бір өзгеріс болған жағдайда іске қосылып апаттың алдын алады. Мұндайға мысал ретінде қорғағыш клапандарды, үзілмелі мембраналарды, қорғаныс жерлестірулерді, найзағай жойғыштарды және қорғағыштарды келтіруге болады.
Ақпарат принципі ақпаратты меңгеру және тасымалдаудан қауіпсіздіктің алдын-алудан тұрады. Бұл, мысалы, оқу, нұсқау, қауіпсіздік белгілерді және ескертпелі жазуларды кіргізу.
Жіктелу принципі объектілерді қауіптілікке байланысты белгілермен категорияларға және кластарға бөлуден тұрады. Бұл қорғаныс аумақтары (5 класс), жарылыс пен өртке қауіпті өндіріс категориялары және тағы басқалары.
Кейбір анықтамаларға түсінік берейік:
Гомосфера – адам іс-әрекет үдерісімен бірге қарастырылатын кеңістік (жұмыс аумағы).
Ноксосфера – тұрақты немесе периодты түрде қауіпті болатын кеңістік.
Қауіпсіздікті қамту негізгі үш әдіспен жүзеге асырылады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет