Тақырып: Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі Морфологияны оқыту әдістемесі



бет4/5
Дата02.12.2023
өлшемі48,86 Kb.
#132176
1   2   3   4   5
Есімдікті оқыту
«Есім сөздер» тобына енетін сз таптарының, яғни зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүріп, солардың сұрақтарына жауап беретіндіктен де, «есімдік» аталан сөз табының басты ерекшелігі оның көр қырлылығында екендігін мысалдар арқылы оқушыларға дәлеледеді де дәйекті түсінік беру қажет. Есімдікке жалпыламалық тән. Оның нақты мағынасы өзінің алдында айтылған сөйлемге, ойға қатысты білінеді. Қойылатын сұрақтар бойынша есімдіктің қай сөз табына байланысты екені анықталады. Ең бастысы, есімдіктер адамның өз ойын беруде, көбінесе, сөз қайталаушылықтан арытуға тірек болатынын дәлелдейтін мәтіндерді талдуға да мән беріп отырған тиімді.
Есімдіктің мағыналық топтарын бір -бірінен техз әрі оңай ажыратудың негізгі тетігі - олардың терминдерін таратып түсіндіре игерту.
Етістікті оқыту
Зат есімге байлаулы, соған қызмет ететін әрі заттың бүкіл қозғалысын . іс -әрекетін, жай - күйін білідретін сөз табы етістік деп аталатынын, оның да білдіретін мағынасы мен атауының арасындағы тұтастық пен бірліктің болатындығына назар аударалық. Етістіктің зат есіммен байланысын толығырақ түсіндіру үшін тек көзге көрінетін деректі заттардың ғана іс -әрекетін түсіндірумен шектелмей, дерексіз ұғымдарға қатысты етістіктерді де саналай отырып дәлеледеп түсіндірген ұтымды болмақ. Мысалы, «өседі» деген етістікті алып, оның «гүл өседі», «бала өседі» дегендегі өсу сөзінің білідретін нақты ұғымымен қатар, ойы өсер деген де ауыспалы мағынаны білдіретінін түсіндіру шарт.
Етістіктердің құрамы сөз таптары секілді дара, күрделі болатынын мысалдар арқылы көрсетіледі. Сонымен бірге негізгі және туынды етістіктер туралы ұғымдар сөзжасам тақырыбынан өтілген мәліметтерге сүйене отырып түсіндіріледі.
Етістіктің түрлері: етістер, болымды және болымсыз, салт және сабақты етістіктер, есімше, көсемше , қимыл есімдерінің әрқайсысының етістікке жату себебі мен өзіндік ерекшеліктері және дара сипаттары бірге түсіндіріледі. Етісті түсіндірудің ең тиімді жолы - сызбамен көрсету. Ол үшін іс -әрекет пен іс иесінің бір -біріне қатысын білдіру қызметі екенін түсіндіру қажет. әрекетті кадам өзі істейді, немесе екінші біреуге істетеді кейде іс істеушінің өзі көрінбей, оның істеген ісі ғана белгілі болатын жайы да кездеседі. Осындай қатынасыт білідретін етістіктің түрі етіс деп аталады дейтін түсінікті оның түрлеріне сай түсіндіру керек
Есімше де сұраққа бірде есмідерше, бірде етістікше жацуап береді. Көсемшенің де осындай екрешелігі ретінде оның бірде көмекші етістік, бірде іс -әрекеттің сипатын, амал сынын, есеп мақсатын білідріп, үстеу мәнінде жұмсалатыны айтылады.
Етістіктің ішінде ең бір ерекше атаулар түрі - тұйық етісітк. Тұйық етістіктің әрекетті білдірмейтіндігі оның жақпен де, шақпен де байланыспайтындығында деп таныту қажет. Сондықтан оның жеке тұрғанда ғана етістік мәнінде толық жұмсалатыны , негізгі және туныды етістіктерге - у жұрнағы жалғану арқылы жасалатыны мысалдармен дәлелденеді.
Үстеуді оқыту.
Осыған дейінгі сөз табының қай қайсысы дазат есім төңірегіне топтасып, бірі заттың сыны мен сапасын, бірі санын, енді бірі оның іс қимылы мен әрекетін білдіріп жатса, ендігі оқылатын үстеу сол заттың іс -әрекетін , яғни етістік сөздерге қатысты сөз табы болып саналады. Үстеулер қимыл әрекетті барлық жағынан сипаттайды деуге болады. Атап айтқанда, әркеттің мекендік, мезгілідк, сындық, мөлшерлік, амалдық, мақсаттық , себептік жай -күйлерін айқындап тұратыны нақты мысалдармен түсінідіріледі.
Үстеу де тұлғасына қарай негізгі , туынды және күрделі болып бөлінетіндігіне назар аударылып, олардың жасау жолдары оқулықта берілген мәліметтер негізінде түсіндіріледі. Оқкшылар білімді жан - эақты меңгеру үшін, әрине, шығармашылық бағыттағы жұмыстарды орынды әрі жиі пайдалануы керек. Атап айтқанда, сөздіктерден үстеулерді теріп жазу, үстеу сөздерді қатыстырып, өздеріне таныс тақырыптар төңірегінде ауызша, жазбаша мәтіндер құрату, диалог құрғызу, дидактикалық ойындар ұйымдастыру т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет