Тақырып: Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі Морфологияны оқыту әдістемесі



бет1/5
Дата02.12.2023
өлшемі48,86 Kb.
#132176
  1   2   3   4   5
Байланысты:
лек


Тақырып: Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі


Морфологияны оқыту әдістемесі.
А) Мектепте морфологиядан берілетін білім көлемі. Морфологиялық тақырыптардың орналасу ерекшелігі.
Морфологияның кіріспе сабағы «Сөз» деген бірлікті қай тұрғыдан қарастырылатынын түсіндіруге арналған жөн. Ол үшін неге тіл білімі салалары лексикадан басталғанына қысқаша тоқталып, одан кейін оқытылған «Фонетика» мен «Сөзжасамның» сол «сөзді» қай тұрғыда қарастырғаны еске түсіріледі. Енді өтілетін «Морфологияның» сол сөзге қатысы қандай деген мәселеге назар аударылады. Ол үшін төмендегідей диаграмма пайдаланылады.



Сөзжасам - сөздердің түрленуі, сөздердің тұлғасы мен мағыналық бірлігі

СӨЗ

Фонетика -тіл дыбыстары, сөздердің айтылу, жазылу заңдары.

Лексика -сөз мағынасы, сөз байлығы


Морфология - сөздердің құрамы, сөздердің белгілі бір топқа топтастырылуы.

Оқушылармен әңгіме жүргізе отырып, төмендегідей мәселелер нақтыланады:


1.Сөз не үшін тілдің тірегі етіп алынды?
2. Тіл білімінң осы уақытқа дейін өтілген салалары сөзбен қалай байланысады?
3. Біз неге тіл туралы білімді «Лексикадан» бастадық?
4. Тіл дыбыстары мен сөз мағынасының байланысы неден байқалады?
5. Сөзжасамның сөзге қатысы қандай?
6. Қазақ тіліне тән заңдылықтар (орфоэпия, орфографиялық) барлық тілге ортақ па? Егер өзгешіліктері болса, басқа тілдің бірімен салыстыра дәлелде.
7. Осыған дейінгі өтілген ғылым салалрының өзара қандай байланысы бар? Пікірлеріңді дәлелде деген тұрғыда сұрақ -жауап негізінде жүргізілетін әңгімені оқушылардың өздеріне түйіндеткен ұтымды.
Міне, осы түйіндеуден кейін басталатын тарау - жаңа тарау морфология. Морфологияның да сөзді зерттейтініне сенім қалыптастырады. Жұмбақ жайт ол сөзді қай жағынан, қай тұрғыдан зерттейді деген сұрақ. Ол балада қызығушылықты, білуге деген қажеттілікті туғызады. Осы қызығуды әрі қарай дамыту үшін түсінік беруді «морфология» деген терминнің айтуын түсіндіруден бастаған орынды. Яғни, «морфо» грек тілінде «түр, тұлға» деген мағынаны, ал «логос» «сөз» деген ұғымды білдіреді. Олай болса, морфология сөз құрамын, тұлғасын зерттейді деген сөз. Мұнда түбір мен қосымшаның ерекшеліктері туралы білім беріледі. Ал сонда сөз таптары деген түсінікті қай жағынан морфологияға кіріктіреміз? Міне, осы жерде морфология қарастыратын тілдік нысаналарды (обьектілерді) байланыстыра түсіндіру қажет.
Біріншіден, морфологияның қарастыратын обьектісі сөздің құрамы екендігі түсінік беріледі: сөз құрамы тек жалаң түбірден тұрмайды. Жеке тұрғанда олар сол түбір қалпында болғанмен, өзінің табиғи қызметі - ойды білдірудің құралы қызметін атқару үстінде түрлі қосымшаларды жалғау арқылы басқа сөздермен байланысады, олармен тіркесіп барып сөйлем құрайды. Олай болса, сөздердің де құрамы әр түрлі күйге түсіп өзгеріп отырады. Міне, оның осы қырын тілдің морфология саласы зерттейді.
Екіншіден, морфология сөз таптарын зерттейді. Яғни тілдегі сөздер мағыналық, тұлғалық, қызметтік жағынан өзара іштей бірнеше топқа біріктірілуінің заңдылықтарын қарастырады. Осы жерде морфологияның лексикамен байланысы аңғарылады. Егер сөздерді белгілі бір топқа біріктірудің бірінші белгісі (критерий) оның лексикалық мағынасы болса, онда бұл мәселені сөз мағынасымен байланыста танудың қажеттігі де сөзсіз. Бірақ ескерілуі тиіс бір қағида - морфологияның сөздерді жеке тұрған қалпында емес, оларды топтастыра , ортақ белгілеріне қарай қарастыратындығы.Бұл әрі тілдің жүйелілігін танытады, әрі алда оқылатын білімге даярлық жасауға негіз боладыСөз мағынасы, сөздік құрам деген мәселелермен бірге ендігі жерде сөз құрамы тураыл түсікке жалғасатыны, сөздердің табиғатына қарай белгілі. Бір топқа нетіні, оның өз заңдылығ болатыны туралы мәлімет беріледі. Морфологияны оқыту процесінде негізгі түсінік сөз топтары мен оның морфологиялық көрсеткіштері бойынша беріледі.
Дегенмен, қазіргі кездегі сағат санының азаюы мектепте игерілуі тиіс білімнің де жаңаша жолмен берілуін қажет етеді. Қазақ тілінің мектептік курсында морфологияның жалпы ұғымдары беріледі. Мысалы, «Сөз таптары» және «Сөз таптарының морфологиялық белгілері» (морфологиялық категориялар, лексика -грамматикалық қырлары және сөздредің формалды бөлінуі)
Морфологиялық категориялар зат есімнің көптік, септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары, сын емсінің шырайлары, сан есмнің мағыналық топтарының жалғаулары , есімдіктің септелуі мен көптелуі, етістіктің жіктелуі, шақтары, райлары, үстеулердің түрленуі. Деректі және дерексіз, жалпы және жалқы зат есімдер, сапалық және қатыстық сын есімдер т.б.
«Сөз таптары» ұғымы әрі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, еліктеу сөздер, шылау, одағай дегендерді қамтиды, әрі олардың әрқайсысына тән еркше белгілерді білдіреді. Ондай белгілерге жататындар:

  1. жалпылама морфологиялық мағына;

  2. арнайы морфологиялық мағына;

  3. сөздердің синтаксистік қызметтерінің ортақтығы;

Бұлар әр сөз табының мазмұнына енеді, осы белгілеріне қарай сөздер топтарға бөлінеді.
Морфологияны оқытуда оқушылар белгілі бір сөздердің тоғыз сөз табының біріне енетіні, олардың кеййде түрленіп, бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысатындығы, соған қарай сөйлемдегі қызметін де,өзгеретінін біледі. Бұл түсінік тілдің әрі жанды, әрі белгілі бір заңдылықтары бойынша өмір сүретін құбылыс екенін тануына негз болады. Сөз табының кіріспе сабағы арнайы бөлінген «Сөз түрлері» деген тақырыппен басталады. Мұнда жалпы сөздердің мағынасы жағынан және тілдегі қызметі жағынан атауыш (негізгі) сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер болып бөлінетіндігі жөнінде мәлімет беріледі.
Атауыш сөздердің жеке тұрған қалпында -ақ өзінің дербес мағынасы болады, олар белгілі бір сұраққа жауап береді. Олай болса, сөйлемге қатысқандар да өз алдына толық сөйлем мүшесі бола алады. Атауыш сөздер басқа сөздермен де тең дәрежеде байлагыса алады. Мысалы, оқушы сөзі «мектепте оқитын бала» деген ұғымды білдіреді, кім? Деген сұраққа жауап береді. Сөйлемде өзінің атқарып тұрған қызметіне, грамматикалық мағынасына қарай бірде бастауыш, бірде баяндауыш, бірде толықтауыш, бірде анықтауыш бола алады.
Мысалы. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. Мұрат сыныбымыздағы маңдай алды үлгілі оқушы. Мұғалім де өзінің сүйікті оқушысына мейіріммен қарады. Әр оқушының ойында мектепке деген ризалық сезім туғаны сөзсіз еді.
Тілдегі көмекші сөздердің жеке тұрғанда дербес мағынасы болмайды, ол белгілі бір сұраққа жауап бере алмайды. Ендеше оның жеке мүше бола алмасы да анық. Бірақ көмекші сөздер толық мағыналы сөздерге тіркескенде, сол сөздің мағынасына біршама өзгеріс енгізеді, оның басқа сөздермен байланысына дәнекер болады, әрі олардың сөйлем мүшесі болу қызметіне әсер етеді. Көмекші сөздерге: шылау, көмекші есімдер, көмекші етістіктер жатады.
Одағай сөздердің атауыш пен көмекші сөздерден өзгешілігін танытуды да біршама ізденістер қажет етеді. Одағайдың «мені» ешқашанда да сөйлем мүшесі бола алмайтындығы , тіпті көмекші сөздер сияқты атауыш сөзге селбесіп те мүшелік қызмет атқармайтындығы. Бірақ бұл одағай сөздердің сөйлеу тіліндегі ешқандай сөйлем мүшесі атқара алмайтын ғажайып мәнін жоққа шғармайтынын балаға бір ерекше тәсілдермен жеткізу қажет. Мысалы, проблемалық сұрақтар қою.

  1. Одағай сөздер қандай жағдайларда қолданылады?

  2. Одағай адамның көңіл -күйін білдіретін сөздер болса, оның қарым -қатынас жасауда қандай ролі бар деп ойлайсыздар?

  3. Одағайсыз бір сөйлем, одағайы бар бір сөйлем құрап, екеуін салыстыра отырып, пікірлеріңді дәлелдеңдер.

4. Сонымен, одағайды сөз табына жатқызуға негіз бар ма? Ойыңды дәлелде. Міне, осы сұрақтар төңрегіндегі оқушы пікірлерінің түйіні - адам тіршлігі үшін ауа, су, жер секілді нәрселер қалай керек болса, тілдің де өмір сүруі үшін, өзінің қызметін толық атқаруы үшін атауыш, көмекші және одағай сөздер солай қажетдеген ой болуы тиіс. Себебі олардың әрқайсысының өзіндік рөлі бар. Мәселе, сол сөздерді өз орнымен, сөйлеу заңдылығына сәйкес қолдана білуде.
Сонымен, морфологияның қарастыратын обьектісі - сөз және оның грамматикалық көрсеткіштері екендігін, сөздердің топтастырылуының негізгі белгілері мен заңдылықтары болатындығын оқушының өздеріне қорытындылата отырып, арнайы тақырыптарға ауысамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет