тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның ПӘні мен әдісі мақсаты



бет6/19
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#97819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Кілттік сөздер: материя, рух. материянық құрылымы, болмыс, болмыс емес, онтология, онтологиялық категориялар, кеңістік, қозғалыс, уақыт.


Болмыс — тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялың толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Сондықтан да болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Адамдар ерте заманнан бастап-ақ табиғат пен қоғамда әрқашанда өзгерістер, жетілу мен толысу болатынына қарамастан, дүние біршама тұрақты тұтастық ретінде сақталатынын байқаған болатын. Сонымен бірге қоршаған табиғи және әлеуметтік дүние адамдардың алдына қиын сұрақтар үсынады, ең алдымен нақты өмірдің айқындалмаған, дағдыға айналмаған жақтарын ойлануды, толғануды мәжбүр етеді. Шекспирдің Гамлеті сияқты, адамдар «Заманалар байланысы ыдырағанда...» және бүрын берік те шүбәсіз болып көрінетін өз болмысының негіздерін күдік шалғанда болмыс пен болмыссыздың туралы мәселелерді жиі ойлануға мәжбүр болады. Міне осындай өмір тудырған күдіктенушіліктер мен толғаныстар адам санасында болмыс ұғымының пайда болуына алып келді.
Мәселен, бүгінде бүкіл адамзат алдында «болу немесе болмау» деген мәееле тұр. «Заманалар байланысы» адамзат үшін жалпы және тура мағынасында алғанда ыдырау қаупін туғызуда. Яғни ядролық апат жер шарындағы (миллиондаған жылдармен есептелетін) адамзаттың табиғи өмір сүруін күштеумен, өсуастықпен және қайта қалпына келмейтіндей жойып жіберуі мүмкін.
Болмыс туралы ойлау дүниенің өмір сүруін бір жақты немесе қалай болса солай түсіндірумен шектелмейді. Дүние бар, ол барлық жерде өмір сүреді дейміз. Тіпті, нағыз ең соңғы көкжиектің арғы жағында дүние жоқ деу қиын.
Алайда, дүниеде өмір сүріп отыр деген түсінікпен шектелу болмыс мәселесіне толық жауап бермейді. Себебі, бұған қоса дүниенің өткені мен болашағы туралы сұрақтар да туындайды. Ондай сұрақтарға жауап беру барысында бірқатар философтар бүл шексіз дүние өткінші емес, әрқашан болған, бар және бола береді деп тұжырымдады. Енді біреулері дүние болды, бар және болады, бірақ кеңістікте ғана емес, сондай-ақ уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсеткілері келді. Яғни, дүниенің өмір сүруі туралы ой одан әрі философияда дүниенің өмір сүруінің әлдебір өткіншілігі, сондай-ақ оның тұрақтылығы туралы тезиспен жалғасты. Осыдан келіп дүниенің тұрақтылығы мен жеке заттар және әр адам өмірінің өткіншілігі арасындағы қатынас қандай деген тағы сұрақ туды. Сөйтіп болмысқа қатысты мәселелер мен идеялардың біртұтас желісі де тартылды. Атап айтқанда, тығыз өзара тікелей байланысты аспектілерге (шағын мәселелерге) бөлшектенген бол мыс мәселесі келіп шықты.
Осыған байланысты біз өмірімізді — өткінші тіршілігімізді — табиғаттың түпкілікті тіршілігімен, бізге дейінгі және бізден кейін болатын адамдар өмірімен және олардың іс-әрекеттерімен жалғастырып қарауға тиіспіз. Мүның өзі өзіміздің болмысымызбен жалпы дүние болмысына, демек, өткіншілік пен түпкіліктілікке ой жіберуге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда дүние адамның санасынан тыс және оның еркіне тәуелсіз түпкілікті бірлік ретінде өмір сүреді. Әрине, бүл бірлік әлбетте көптүрліліктен көрініп отырады. Ал әр адам өзінің күнделікті өмірі мен практикалық қызметінде табиғатпен, басқа адамдармен, қоғаммен бірлігін іздестіруге үнемі жол іздейді. Күнделікті өмірде біздердің әрқайсымыз мұны өз тәжірибемізден білеміз.
Болмыс мәселесін философиялык, тұрғыдан ойлау — дүниенің бірлігі неде деген мәселемен шектелмейді. Оның қажетті алғышарттары неде деген сұраққа жауап беруді іздестіреді. Өйткені, бұны шешпей дүниежүзілік бірлікті ашьш беру, әріне, мүмкін емес. Неміс философы Дюрингті сынай отырып; Энгельс дүниенің болмысы, яғни әр түрлі заттардың өмір сүруі бірліктің қасиетті алғышарты бола түрса да, «дүниенің шын мәніндегі бірлігі оның материалдығында, мұның өзі бір-екі ауыз сиқырлы сөзбен емес, философия мен жаратылыстану ғылымының үзаң та әрі қиын дамуы арқылы дәлелденеді»1— деп әдейі атап көрсетті.
Сөйтіп, болыстың философиялың мәселесінің екінші қыры: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар — бәрі де, тұтас алғанда, тең өмір сүреді. Ал өмір сүрулерінің формалары жағынан алуан түрлі. Бар болып отырғанның бәрінің өмір сүруі және олардың бола беретіндігі дүние бірлігінің алғышарты болып есептеледі.
Дүниенің тұтастығын оның айырмашылық пен бірлікте болатындығы тұрғысынан алып қарайтын болсақ, ол әрбір адамның санасы мен іс-әрекеті үшін, әрбір ұрпақ үшін нақты шындық болып табылады; мұнда ескеретін жай сананың өзі — ерекше болмыс, кең мағынадан алғанда — ол да өмірдің шынайы, нақтылы процесі.
Әрбір жекелеген адамның өмір қызметі — басқа адамдар үшін және оның өзі үшін де іс жүзіндегі нақтылы шындық. Біздердің әрқайсымыз өз денемізге және рухымызға (генетикалық тектерімізге, бейімділіктерімізге, әдеттерімізге, дағдыларымызға, ынталарымызға, ыждағаттарымызға, үміттерімізге, мүраттарымызға, ойларымызға), өзіміздің өткенімізге, бүгінгімізге және келешегімізге, басқа адамдармен және қоғаммен өзара байланыстарымызға ерекше болмыс ретінде қарауға мәжбүр екендігімізге келіспеуге болмайды Басқа адамдар да біз үшін аса маңызды тіршілікте бар шынайы құбылыс болып табылады. Адамдардың санасы, ақыл ойы, көңіл күйі, ішкі сезімі — бәрі де болмыс. Материалдық заттар, материалдық дүние (материя) ғана емес, ойлау да «шындық», демек, өмір сүреді,— деп көрсетті В. И. Ленин.
Қысқасы, болмыс мәселесінің үшінші қыры дүниеде өмір сүретіннің бәрі — іс жүзінде бар нақты шындық, бүл шындықтың өмір сүруінің, дамуының іштей логикасы бар, ол адам санасынан нақты түрде бейнесін таба алады дегенге саяды.
Болмыс мәселесін талдауда философия адамның практикалық, танымдық, рухани-адамгершілік қызметіне сүйенеді. Бұл мәселе болмыссыздық, өмір сүру, кеңістік, уақыт, материя, орнығу, сапа, сан, өлшем сияқты категориялармен жалғастырыла ойластырылады.
Себебі, философия заттың (немесе адамның, немесе идея ның, немесе тұтасынан дүниенің) жай өмір сүруін белгілеп қоймайды, қайта жалпылық сипаттағы күрделі байланысты: заттарды/ (адамдар, жай-күйлер, идеялар, тұтасынан дүние) олардың барлың қасиеттерімен, ерекшеліктерімен қоса алғандағы өмір сүруін және сөйтіп дүниеде өмір сүретіннің бәрімен бірлесуін айқындайды. «Болмыс» категориясы, философияның басқа категориялары сияқты дүние мен оның нақты көріністерінің өзара байланыстарын, бірлігін талдап, қарастыруға мүмкіндік береді. Болмыстың философиялық категориясы арқасында біз ойымызды абстракция жасаудың жоғары дең гейіне аударамыз. Біз ең алдымен — жалпыдан, табиғат пен адам, адам мен оның рухы, жеке кісі мен қоғам арасындағы айырмашылықтардан оқшауланамыз. Біз олардың бәрінің арасындағы жалпылықты, демек, бәріне тән, бәрін біріктіретін неғұрлым ортақ дүниежүзілік байланысты іздейміз.
Тұтас дүние заттардың, процестердің, түрліше жай-күйлердің, организмдердің, жүйелердің, адамдардың нақтылығын, өзара байланысын, өмір сүруін қамтиды. Яғни аталған құбылыстардың әрқайсысының өз алдына дара мәні бар дейтін болсак;, онда тұтас дүниені мәндердің мәндісі деп қарауға болады.
Осыған байланысты болмыстың бір-бірінен айырмашылықтары бар, бірак, өзара байланысты мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:

  1. заттар (денелер), процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына бөлінеді;

  2. адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;

  3. рухани болмыс;

  4. әлеуметтік болмыс, қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.

Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі — табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып алды. Бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс мүны «екінші табиғат» деп атаған.
Алдымен бірінші табиғат болмысының ерекшеліктерін қарастырайық. Табиғат адам атаулы пайда болғанға дейін өмір сүрді және адам мен оның санасы пайда болғаннан кейін де ол өз болмысының тәуелсіздігін сақтайды. Бірақ та табиғат болмысының өмір сүретіндігі мен түрі туралы қорытынды-ларды адамдар көптеген фактілер, соның ішінде ғылыми дәлелдемелер, тәжірибелік және теориялык, мәліметтер негізінде жасады.
Табиғат тұтасынан алғанда кеңістік пен уақытта шексіз — ол әрқашан және қайда болса да болған, бар және бола береді. Бұл табиғаттың жекелеген нақты заттарына, процестеріне, жай-күйлеріне тән емес бірегей ерекшелік: өйткені, олар бір жерде өмір сүреді (ал енді бір жерде өмір сүрмейді), олар бір кезде пайда болады, тағы бірде олар жоқ. Демек, олардың болмыссыздығы болмысымен ауысып отырады, даму, өзгеру, қалыптасу процесіне еніп отырады. Олардың болмысы — сақталатын да, жоғалатын да болмыс. Гераклит сияқты ой шылдар өткінші заттар болмысының диалектикасын айқын ашып берген. Гегель, қалыптасу процесі туралы айтып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыс жоғалуы деген сөзбен дәл белгілеген. Өткінші заттың болмысы оның болмыссыздығына орын босатады. Бірақ ол тұтасынан алғандағы табиғат болмысының тоқталуын білдірмейді. Сөйтіп, табиғат болмысының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік тұтастык, ретіндегі табиғат дүниесінің түпкілікті болмысындағы жекелеген мәндердің өткінші және түпкілікті болмысының диалектикасын танытады.
Мәселен, нақты зат қиратылды, адам өлді, бірақ олар дүние болмысының түтастығынан жоғалып кеткен жоқ, олар болмыстың басқаша материалдың жай-күйлері болып қала береді.
Біріиші табиғат — адамға дейінгі, адамның санасынан тыс және тәуелеіз өз болмысы арқасында — ерекше тұрпатты шындық болып табылады. Бүл материализм үшін өте маңызды. Адам мен оның рухы, Жер табиғаты адамсыз миллиардтаған жылдар өмір сүргеннен кейін, түпкілікті табиғат арқасында туындайды. Адам атаулы пайда болғаннан кейін, оның табиғатқа күллі ықпалына қарамастан, табиғаттың зор, шындығында өлшеусіз бөлігі бүрынғысынша (демек, түрақты болмыста) мүлдем өздігінен, адамнан және адамзаттың толықтай тәуелсіз болуымен келеді. «Жалпы алғанда материализм,— деп атап көрсетті В. И. Ленин,— адамзат санасына, түйсігіне, тәжірибесіне, т. т. тәуелсіз объективті түрде реалды болмысты (материяны) мойындайды»1. Толассыз да шексіз табиғат тас-қынында адам, санасымен қоса алғанда,— біртұтас болмые тың үшы-қиырсыз желісіндегі ең кеш келген буындардың бірі ғана. Табиғат үшін өмір сүру, «болу»— адам санасьшен (немесе қандайда бір басқа ақыл иесі жанмен) қабылданылатын құбылыс болу дегенді әсте де білдірмейді. Әлем дүниесінің шексіз зор кеңістіктері адам пайда болғанға дейін, ешкім-мен де және ешқашан да қабылданылған емес. Адам қабылдауымен ғана емес, тіпті елестеуімен де және ойымен де күллі толассыздық пен шексіздіктегі табигат тасқынын қамти алмайды.
Табиғат объективтік шындық, ол алғашқы. Сондай-ақ та-биғатсыз адамның өмірі мен қызметі мүмкін емес. Онсыз адам жасап шығарған заттар мен процестер де пайда бола алмас еді.
«Екінші табиғат» қатаң түрде біріншісіне, шынайы табиғатқа, адамға дейін, адамнан және тәуелсіз өмір сүрген табиғат заттарына, процестеріне, заңдылықтарына тәуелді. Өз болмысының тұрпаты, түр жағынан «екінші табиғат» біріншісімен ұқсас, өйткені ол осыдан («бірінші табиғаттан») туындайды, бірақ болмыстың заттың — түпнұсқалық шеңберінде алып қарағанда ол өзіндік маңызды ерекшеліктері бар екендігімен көрінеді.
Бізді қоршаған заттар мен қүбылыстардың көпшілігі адамның дүниені өзгертуінің нәтижесі. Олар маңызды элемент ретінде «айналаны қоршаған дүние» деп аталатын тұрмыстық та, философиялық та ұғымға кіреді.
Бұл жерде «екінші табиғаттың» бірінші табиғаттан айырмашылығы неде?— деген сұрақ туады. Біріншіден, онда жүзеге асырылған бірінші табиғаттың материалы пайдаланылған. Екіншіден, «екінші табиғат» шеңберінде адам еңбегі мен білімі жүзеге асырылған, немесе Гегель мен Маркстің термині бойынша айтқанда, «заттандырылған». Оларда Маркс осы заттардың «әлеуметтік жаны» деп атаған нәрсе де жүзеге асырыл-ған: себебі олардың бәрі адамдар өмірінде белгілі бір қызметтер атқаруға, әлеуметтік есептелінген адам сұранымдарын қанағаттандыруға арналған.
Мәселен, станок — металдан жасалған. Әрине, металл да «екінші табиғатқа» жатады, өйткені, адам қызметінің көрігінен өткен. Станокта адам білімі заттық, материалдың тұрғыдан бейне тапқан, оны әзірлегендердің еңбегі мен бейімділіктері жүзеге асырылған. Идеалистер адамның еңбегі процесіндегі, заттық қызметіндегі руханилық, идеалдық элементтердің роліне баса назар аударады. Материалистік диалектиканы жақтаушылар да адам қызметінің мақсат белгілеу, іс-әрекеттер жобасы мен жоспарын, әзірленетін заттың бейнесін қалыптастыру және сондайлар сияқты компоненттеріне елеулі орын береді.
Материалистік диалектика «екінші табиғат» заттары мен процестері табиғи материалдың, заттандырылған руханилықтың (идеалдылықтың), нақты адам қызметі заттандырылуының және осы заттар қызметтерінің әлеуметтік арналып жасалуының ажырамас бірлігін танытады деп атап көрсетеді. Адам өз мақсаттарын, жоспарларын, жобаларын, ой-армандарын, өлшемдерін табиғи объективті заңдылықтармен үнемі сәйкес-текдіріп отырады дей тұрсаң та, «екінші табиғат» заттары болмысының және оның тұтастық ретіндегі өзгешелігі сонда, ол бірінші табиғатпен салыстырғанда мүлдем жаңа комплексті (табиғи — рухани-әлеуметтік) реалды шындық.
Басты айырмашылық мынада, «екінші табиғат» болмысы, өзінің мәні жөнінен — әлеуметтік-тарихи, атап айтқанда, цивилизацияланған болмыс. «Екінші табиғат» заттары, табиғи өмір кеше отырып, өзінің басқа да өмірін өткізеді: олар адамзат цивилизациясының болмысынан ерекше орын алады.
Бүгінгі таңда экологиялық, энергетикалық және басқа да мәселелер күн тәртібіне қойылып отырған кезде «бірінші табиғат» пен «екінші табиғаттың» біртүтастығын, бірегей болмысына қатысты екі түрінің өзара байланысын дұрыс реттеуге жаңаша қарау талап етіледі.
Сөйтіп, «бірінші» және «екінші табиғатты» салыстырғанда тұтасынан алғанда олардың бірлігі, өзара байланысы, сондай-ақ олардың айырмашылығы да байқалады. Бірінші табиғат тұтасымен — шексіз, түпкілікті болмыс, онда жекелеген адамның емір сүруі өткінші кезең болып табылады. «Екінші таби-ғат» түтасымен — адамзат өмір сүруінің уақытымен және кеңістігімен, әлеуметтік болмыспен тығыз байланысты.
Адам болмысы жекелеген адамдар мен ұрпақтар санасына қатысынан алғанда реалды, объективті. Адамдар әрбір жекелеген адамның санасына дейін және одан тыс та тәуелсіз өмір сүреді. Біраң адамдар болмысы әсте де санадан, рухтан абслютті тәуелсіздікте емес, өйткені табиғи, заттық пен руханилық, дербестік пен қауымдастық, жеке адам мен қоғамдык, жаңтардың комплексті де бірегей бірлігі болып табылады. Біз өмір сүреміз, ал бізбен бірге біздің санамыз өмір сүреді.
Адамдар дүниеде тек өмір сүріп қоймайды, сондай-ақ дүниеге және өздері өздеріне ерекше қуатты (соның ішінде қатерлі де) әсер етуге қабілетті. Осыған ңоса олар өз болмысын және жалпы болмысты тануға, «болмыстың тағдыры» үшін дабыл көтеруге де қабілетті. Сондықтан адам болмыстың бір түтас жүйесіндегі өзінің қайшылықты ролін сезінуі және бүл рольді аса зор жауапкершілікпен атқаруы тиіс. Әрбір адамның адамзат тағдыры үшін, адам атаулының болмысы мен адамзат цивилизациясы үшін, Жер планетасы үшін жауапкершілігі туралы мәселе әлі де алаңдатушылық туғызуда. Адамдардың рухани ұлылығы мен естілігіне үміт жүктелгендіктен де руханилықты ерекше болмыс деп ойластыру ерекше маңызды.
Енді рухани болмысқа тоқталайық. Руханилық — сана мен санасыздық процестерін қамтитын (өзінің өмір сүруі мен көрінісінің нақты түрлері жөнінен сан алуан) көптүрліліктің біртұтастығы бола отырып, табиғи тілдер мен жасанды таңбалық — символдық жүйелер түрлерінде іс жүзіне асырылған, материалдандырылған білімдерді өз бойына енгізді. Руханилық өнімдер мен процестерге, сол сияқты адамгершілік нормалар мен өлшемдерді, правоны, көркемдік творчествоны қоса алғандағы адамдар араласуының принциптері де жатады. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет-тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген рухаңилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда объективтендірілген (дербестенген емес) руханилықңа бөлуге болады. Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады.
Сөйтіп, сана шындық есебінде өмір сүреді, мидың қызметі арқылы пайда болады да,болмысқа айналады.
Сананың өмір сүру өзгешелігі — оның процестері төтенше қозғалыста болатынында, бұл процестердің тікелей болмысы кез келген сырттай бақылаудан жасырынулы жатады. Солай дей түрсақ та, біз адамдардың іс-әрекеттерінен олардың талап-тілектері, мақсат-мұраттары, ой-армандары мен мінез-құлықтарын аңғарамыз.
Әрине, сана белгілі бір кеңістікпен шектелмейді: өйткені, санаға байланысты ой, күйініш-сүйініш және бейнелеу денелік заттар да, таза материалдың жай-күйлер де емес. Олар миға қандай да бір кеңістік пішін үйлесімі болып берілмеген. Олар атап айтқанда, идеалдық құрылымдар болып табылады. Саналылыңтагы ойлау қызметі барлық жылдамдықтардан, кеңістіктер мен уақыттардан асып түсіп жататыны мәлім. Ойда шек жоқ дейтін халың мәтелі де сондықтан болса керек.
Адам санасы кісінің өз ойлары мен сезімдерін, өзінің қоғамдағы орнын, басқа адамдарға қатынасын, бір сөзбен айтқанда, өзін тұтас тұлғалы жеке адам деп сезіне алады. Құдіреті де осында. Адамның «мені» және өзіндік санасы шынында да, бір-бірінен айырып алғысыз.
Сонымен бірге адам өмірінде санасыздық та болады. Сана сыздықтың бірінші деңгейі — адамның өз денесін, тіршілігін психикалық санасыздықпен бақылауы. Екінші деңгейі — адамның ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын процестер мен жай-күйлер. Санасыздықтың үшінші деңгейі адам жанындағы рухтың жоғары сергектігінде пісіп-жетілетін көркемдік, ғылыми, философиялық және басқа сезімталдық ңайсыбір процестерден көрініс табады. Бұл процестердегі санасыздық санамен, адамның сезімдері мен ақыл-ойының творчестволық қуатымен тығыз ұштасып-тұстасып жатады.
Тіл — дербестенген және объективтендірілген рухани болмыстардың бірлігі болып табылады. Тіл мен сананың, тіл мен ойдың байланысы күдіксіз. Тіл арқылы сана қызметінің сыртқы, объективтенген нәтижелері, үзінді түріндегі процестері көрініс алады. Бүған қоса тілдің әріптері (дыбыстары), сөздері, сөйлемдері, оның құрылымдары, ережелері, мүның бәрі реалды шындық, Сондай-ақ олар — жекелеген кісілердің санасынан, адамдар ұрпақтарынан да оқшауланған шындық.
Объективтендірілген рухани болмыс та міндетті түрде материалдандырылады, яғни материалдық түрде сөздерде, дыбыстарда, табиғи және жасанды тілдер белгілерінде іс жүзіне асады (кітаптар, сызбалар мен формулалар, жобалар, суреттердің маталары мен бояулары, ескерткіштердің мраморлары мен қолалары, фильмдер пленкалары, музыка аспаптарының ноталары мен дыбысты ырғағы және басқалар).
Идеялардың, ойлардың, құндылықтардың сырттай жүзеге асырулары (идеалдық мәндер сияқты) алуан түрлі, біраң олар міндетті түрде болып отырады.
Сонымен, мәселен рухани болмыста адамгершілік принциптер, нормалар, идеялар, қүндылыңтар — айтар болсаң, әдемілік, әділеттілік, ақиқат т. б. сияқтылар ерекше роль атқарады.
Қысқасы, болмысты зерттеу — дүние туралы ой толғаудың алғышарты ғана. Оған қозғалыстағы материя, оның болмысының формалары ретіндегі кеңістік пен уақыт туралы мәселелерді оқып-үйрену барысында көз жеткізуге болады. [kgl].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет