тақырып. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның ПӘні мен әдісі мақсаты



бет1/19
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#97819
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ


1, 2 ТАҚЫРЫП.
ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ


Мақсаты: Философия мәнін ашып, оның мәдениеттегі рөлін анықтау.
Дәрістер жоспары (4 сағат)
1 дәріс

  1. Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия.

  2. Философия – даналыққа құштарлық. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану.

  3. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.

2 дәріс

  1. Философия және дүниетаным. Мифология, дін және философия.

  2. Философияның негізгі бөлімдері: онтология, гносеология, философиялык антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік философия, аксиология.

  3. Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары.


Кілттік сөздер: дүниеге көзқарас, мифология, дін, натурфилософия, материализм, идеализм, объективтік идеализм, субъективтік идеализм.

Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, ара-арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай, дүние неге бұлай құрылған, адамның тууы мен өлімінің, бақыты мен қайғы-қасіретінің себебі неде деген сияқты мың-сан сұрақтар қояды. Сөйтіп, әрбір адамның санасында біртіндеп ол сұрақтар жайында түрліше ой пікіртер, көзқарастар қалыптаса бастайды. Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат деген не, оны жалғаннан немес қателесуден қалай айыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттілік пен әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылық деген не деген сияқты әлеуметтік сауалдар қалыптаса бастайды. Осыдан дүниеге және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп анықталады.


Жалпы алғанда дүниеге көзқарас – адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі болып табылдаы. Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, үміт пен ниеттің түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүниеге және өзі туралы біртұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады.
Сонымен, дүниеге көзқарас дегеніміз шындық дүние мен адам туралы, адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы. Дүниеге көзқарастың өзегі білім болғандықтан, білімнің мазмұнының ақиқаттығы мен тереңдігіне, дәлелділігі мен жүйелілігіне қарай ол төмендегідей бөлінеді:

  • күнделікті-практикалық;

  • теориялық.

Дүниеге көзқарастың теориялық деңгейі арнайы сынақтан өткен, ғылыми негізделіп дәлелденген болып табылады. Философия көзқарастың осындай деңгейіне жатады. Дүниеге көзқарастың барлық басқа формалары мен типтеріне қарағанда философиялық көзқарастар системасы теориялық жағынан негізделген, мазмұны да, шындық жайында жинақталған білімдерді қорыту әдіс-тәсілдері де әбден тексеруден өткен болады.Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарас ұғымы философиялық көзқарасқа қарағанда әлдеқайда кең көлемді болады.
Дүниеге көзқарастың философидан бұрынғы әлеуметтік тарихи типтеріне жататын:

  • мифология;

  • дін.

Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда білімнің бастамасы, діни сенімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатынастар бейнеленді. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі жіктелмеген біртұтас формасы болды. Ол кейіннен ғана сананың жеке формасына жіктелді.
Мифология қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы. Мифтер барлық халықтарда болды. Алғашқы қауымдық қоғамның рухани өмірінде мифология қоғамды сананың әмбебап формасы ретінде үстем болды, өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім менк өркем бейне, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмайдв. Ол шекаралар кейін пайда болды. Мифологияда олардың бәрі бірге тұтасып жатты. Ол дүние жайындағы біртұтас түсінік болып табылады. Қоғамдық өмірідің алғашқы-қауымдық формасының жойылуына байланысты қоғамдық сананың алғашқы түрі ретінде мифология да тарих аренасынан кетті.
Дін - дүниеге көзқарастың шындық дүниені бұрмалап бейнелендіруші формасы. Ол дүниені «о дүние» және «бұл дүние» деп екіге бөліп, «о дүние» табиғаттан тыс, көзге көрінбейтін дүние, ал «бұл дүние» көріп білуге болатын табиғат дүниесі деп түсіндіреді. Діни көзқарастың негізін құратын – «о дүниелік» күшке деген сенім, «бұл дүниенің», адамның тіршілігіндегі шешуші күш «о дүние» дегенс енім. «Ғаламат күшке» деген сенім – діни сананың негізі.
Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі де дүниеге көзқарастың қоғамдық-тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір-бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мыңдаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың саны болмашы ғана болды. Философиялық пайымдауға ақыл-ой бостандығы тән. Діни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл-ойы жетік, рухани жағынан табанды адамдар ғана қабілетті болды. Ал адамдардың басым көпшілігінің дүниеге көзқарасы дін мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден, адамгершілік мінез-құлық талаптарынан тыс шыға алмады. Тек білім мен мәдениет өскен, ғылыми прогресс іске асқан соңғы екі-үш ғаысрда ғана философиялық көзқарас, зерттеулер кеңінен тарай бастады.
Фиософия тарихында материализмның мынадай негізгі формалары болды:

  1. Антика заманының тұрпайы материализмы (Гераклид, Демокрит және т.б.);

  2. XVII-XVIIІ ғасырлардағы метафизикалық материализм (Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Ж.Ламетри, Д.Дидро және т.б.);

  3. Диалектикалық материализм (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Лениен және т.б.);

Материализмның берілген формалары негізінен өз тұсындағы ғылымның даму сипатымен анықталады, өйткені, жоғарыда айтқандай, материализм – ғылыммен бірлікте.
Идеализм негізінен объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Идеализмның бұлайша бөлінуінің басты белгісі - қандай идеяны негізге алатындығында: субъектінің идеясын ба, әлде адамнан, табиғаттан тыс объективтік идеяны ма?
Объективтік идеализм (Платон, Гегель және т.б.) адамнан тыс шындық дүниенің бар екендігін мойындайды, бірақ ол дүниенің негізін, бастауын құратын идея деп есептейді. Мұндай объективтік-идеалистік философия тұрғысынан алғанда, шындық дүниедегі барлық материалдық құбылыстарды, процестерді айқындап беретін «дүниежүзілік ақыл-ой», «дүниежүзілік санасыз рух» сияқты рухани күш болып шығады. Ол күш адамдардың санасынан тыс және тәуелсіз, материяға, табиғатқа тәуелсіз, одан бұрыннан өмір сүретін нәрсе болып табылады.
Субъективтік идеализм (Дж.Беркли, Э.Мах, Р.Авенариус және т.б.) бағытының дәлелдеуінше, объективтік дүние адамнан тыс өмір сүре алмайды, біздің көретін, иісін, дәмін сезетін т.б. нәрселеріміз субъектінің түйсіну, қабылдау процестерінің нәтижесі, түйсіктердің жай қосындысы, комбинациясы болып табылады. Субъективтік идеализмның негізге алатын басты қағидасы: мен және менің түйсігім ғана бар, қалған дүниенің бәрі менің түйсігімде ғана өмір сүреді. Солипсизм деп аталатын бұл субъективтік-идеалистік концепцяины, принципті дәйекті түрде ұстанатын болсақ, онда менен басқа адамдар жоқ, өйткені олар да басқа нәрселер сияқты менің түйсігімде ғана өмір сүре алады деген қисынсыз қорытынды жасауға мәжбүр болар едік. Субъективтік идеализмның бұл қисынсыз қағидасын басшылыққа алатын идеалисті төрт қабырғасымен бірге төбесі де, едені де сиқырлы айнамен көмкерілген бөлмеге қамап қойылған адаммен салыстыруға болады: ол адам бөлменің қай жағына қараса да, өзінен басқа ешкімді көре алмай, бөлмеден шығатын есікті де таба алмайды.
Егер материализм ғылым мен практиканың жетістіктеріне сүйенетін болса, ал идеализм әдетте дінге, діни сенімге сүйенеді, не тікелей немес жанама жолмен діни көзқарасты уағыздайды, діннің теориялық жағынан тура немес жанама түрде бейнелеуі, негізгі болып табылады: сезім мүшелері арқылы қабылданатын заттарды жеке адамның түйсігінің жиынтығы деп санайтын субъективтік идеализм дүниенің алғашқы негізі болып табылатын ол түйсіктердің түпкі себебі Құдай деп дәлелдесе, ал объективтік идеализмның «дүниежүзілік ақыл-ой», «абсолюттік идея» дегені, шын мәніне келгенде, Құдайдың философиялық бүркеніш аты екен. [kgl].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет