2. Судың химиялық құрамын анықтау Ішетін ауыз су құрамында тұздардың мөлшері мал денсаулығына әсер ететіндей артық болмауы, улы заттардан және радиоактивті заттардан таза болуы керек. Ауыз судың химиялық құрамы шамамен 20 негізгі көрсеткіштерден тұрады.
Судың химиялық құрамын гигиеналық тұрғыдан тексеру үшін, мына төмендегі көрсеткіштерді анықтаймыз: рН реакциясын анықтау. Судың реакциясын әмбебап индикатор қағазы арқылы, Михаэльс компараторы арқылы анықтауға болады. Судың реакциясын қандай екенін анықтау үшін екі пробиркаға тілінген қызыл және көк лакмус қағаздарын салады. 5 минут өткен соң оларды осындай қағаздармен тазаланған суға салып салыстырады. Қызыл қағаздың көгеруі сілтінің рекциясын, ал көк қағаздың қызыл түске боялуы қышқылдығын көрсетеді, ал түсі өзгермесе бейтарап екендігін көрсетеді.
рН-тың мөлшерін Михаэлис компораторының немесе рН – метр көмігімен анықтауға болады. Ол үшін пробиркаға 6 мл зерттелетін су құямыз да оған 1 мл универсалды индикаторды қосамыз. Сынаманы мұқият салыстырамыз да рН белгілейміз. Жақсы су бейтарап немесе әлсіз сілтілі реакциялы болуы керек (рН 6,0-9,0).
Аммиакты анықтау. Суда альбумоидты (белокты) және минерал текті аммиак кездеседі. Органикалық аммиак малды уландыруға ұшыратады. NН3-ты лабораторияда және далалық жағдайда да анықтай беруге болады. Судағы NН3 –тың бар-жоғын анықтау үшін пробиркаға 10 мл зерттелетін суды құйып, 6 тамшы сегнетті тұздың 50 пайызды ерітіндісін, 6 тамшы Несслер ерітіндісін қосадыда, сынаманы мұқият араластырады. Судың сарғыш түске боялуы аммиактың барын көрсетеді. 10 минут өткен соң, колориметриялық таблицаны пайдалана отырып сынаманың түсінің өзгеруіне қарай 1 л судағы аммиактың (мг/л) мөлшерін анықтауға болады.
Нитритті анықтау. Азотты қышқылдың тұздары нитриттер топырақта, мал азығында, суда кездеседетін улы зат болып саналады. Сол себептен сапалы суда мемлекеттік стандарт бойынша нитритті азоттың мөлшері аз немесе болмауы тиіс. Нитриттің бар-жоғын анықтау үшін пробиркаға 10 мл зерттелетін суды алып, 10 тамшы (0,5мл) Грисс ерітіндісін құямыз да 70-800С 5 минут қыздырамыз. Қызғылт түстің пайда болуы нитриттің барын білдіреді. Судағы нитриттің мөлшерін анықтау үшін 20 минуттан соң колориметриялық кестені қолдана отырып, ертіндідегі қызғылт түстің қоюлығына қарай отырып 1л судағы (мг/л) нитриттің мөлшерін анықтаймыз. Нитратты анықтау. Нитраттың азот қышқылды тұзының мемлекеттік өлшем бойынша шекті мөлшері 1 л суда 45мг/л аспауы керек.
А).Судағы нитраттың бар-жоғын анықтау үшін 1 мл зерттелетін суды таза пробиркаға құйып, үстіне 2мл күкіртті қышқылдың дифениламинмен қоспасын қосамыз. Егер нитрат бар болса ертінді қара-көк түске боялады (дифенинтризоаминнің құралуы есебінен).
Б) Нитраттың мөлшерін анықтау үшін 1мл зерттелетін1мл сульфат қышқылын қосып, шайқаймыз да 20 минут қойып қоямыз, содан кейін колориметриялық кестені қолдана отырып 1л судағы (мг/л) ертіндідегі бояудың қоюлығына қарап ниртаттың мөлшерін анықтайды.
Хлоридті анықтау. Суда хлоридтер көбіне хлорлы натрий, хлорлы калий, хлорлы кальций, хлорлы магний түрінде кездеседі. Су- зәрмен, садырамен, қимен ластанған жағдайда, немесе су сазды- батпақты жермен ағып өткенде хлорид мөлшері көбейеді. Сол себептен хлоридтің шығу тегіне қарай органикалық және минералдық бөлеміз. Олардың санитарлық маңызы да әртүрлі болады.
Хлоридтің суда болуының мүмкіндігі сапалық реакциямен анықталады.
Хлоридті анықтау үшін пробиркаға 10 мл зерттелетін су құйып, оған ерітілген азот қышқылының 2 тамшысын және 3 тамшы азот қышқылды күмісті қосамыз. Ақ бұлыңғыр судың пайда болуы суда хлоридтің барын білідіреді.
Сульфатты анықтау. Суда сульфаттар немесе күкірт қышқылдарының тұздары ыдырған белокты заттардың тұздары ыдыраған белокты заттардың тотығуынан пайда болады. Құрамында сульфаты көп су малдың ас қорыту жолдарының бұзылуына әсерін тигізеді. Бұл әсіресе жас малдарда байқалады. Тегі органикалық сульфаттың шекті мөлшері 80мг/л, ал тегі минералды болса 500мг/л дейін. Сульфатты анықтау жолы мынаған негізделген: суды өңдегеннен кейін ондағы сульфат қоспалары хлорлы бариймен ерімейтін ұсақ түйіршікті тұнбалар құрайды.
Анықтау Озеровтың әдісімен жүргізіледі. Түссіз шыныдан жасалған, негізі тегіс стаканға (диаметрі 28мм) 10 мл зерттелетін су құяды, тұз қышқылының 25 пайызды ертіндісінің 5 тамшысын қосады. Стакандағы қоспаны шыны таяқшалармен 30 секунд бойына араластырып. Озеров шрифінің ең ұсақ әріптерін қояды. Сұйықтық арқылы көрінетін әріптерге қарай оның қаншалықты мөлшеріде екенін анықтайды.
Мысалы: егер суда сынама арқылы № 1 шрифтің әріптерін ажырата алатын болсақ, онда суда мг/л дейін сульфат бар болып есептеледі.
Темірді анықтау. Темір – суда жүретін жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінің қажетті маңызды биогенді элементтерінің бірі болып саналады. Fe-дің белгілі бір мөлшері су қоймаларының биологиялық өнімділігінің төмендеуіне ықпал етеді. Fe-дің шала тотығы шамадан көп болса судағы еріген оттегінің азаюына ықпал етеді. Судағы темір 1,5 мг/л асып түссе балықтардың тынысы тарылып, біртіндеп өліп қалады, ал суда (Fe) 1,0 мг/л мөлшерінде бола қалса таза суда өсетін балықтар өліп қалады. Балық өсірілетін суда темір 1,0 мг/л аспауы керек. Егер суда темір мөлшері 1мг болса, су ылайланып, қара күрең тұнба пайда болады, темір тектес бактериялар дамиды, сүт заводында мұндай суды пайдаланғанда сары майдың құрамы ыдырап оның сақталу мерзімі төмендейді. Ішуге жарамды суда Fe 0,3 мг/л-ден аспауы тиіс. Оны анықтау жолы қызылдау түсті беретін шала тотық тұзын радонды аммонидің темір тотығына айналдыруға негізделген.
Бертолет тұзы немесе кристал түріндегі персульфат аммоний
Үлес салмағы 1,19 концентратты тұз қышқылы
Темірді анықтау үшін пробиркаға 10мл зерттелетін су құйып, оған 2 тамшы концентрлі тұз қышқылы не азот қышқылын, 2 тамшы 3 пайызды сутегі асқын тотығын немесе аммоний персульфатын пышақтың ұшымен және 4 тамшы 50 пайызды радонды аммонийдің немесе калийдің ертіндісін қосады. 13