Судың физикалық қасиеттері және химиялық көрсеткіштері.
Су адам мен мал организмдерінің тіршілігі мен қызметін, денсаулығын қалыпты ұстау үшін маңызы зор. Малдың өніміділігіне, фермалар мен комплекстердің санитарлық жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
Судан сынама алу үшін арнайы ережелерді қолданамыз. Құдық суынан сынаманы таңертең және кешке 0,5-1 м тереңдіктен, ашық су қоймаларынан осындай тереңдікте су жағасынан 1-2м алыстау жерден батометр құралымен немесе шыны ыдыстармен су құбырынан суды 10-15 мин. Ағығаннан кейін тығыз жабылатын таза шыны ыдыспен аламыз.
Толық лабораториялық анализ жасау үшін ең кемінде 5литр су алынады, әрбір сынамаға жылы, айы, күні, алған сағаты, алған орны, алу әдісі, қандай мақсатта, кімнің тапсырмасы екені, сондай-ақ судың физикалық қасиеті жазылған жолдама хаты болуы тиіс.
1.Судың физикалық қасиетін анықтау Температураны анықтау – арнайы термометр арқылы /ожаулы немесе домалақ шар тәріздес термометрлерге 5-6 қабат дәке орайды / судың сынамасын аларда тікелей су көздері басында жүргізіледі.Арнаулы термометр арқылы алынған су сынамасы сыртқы ортаның ауытқымалы температурасының ықпалынан сақтандырады. Термометрді 10-16 мин, кейін судан шығарып термометр көрсеткішін тез арада белгілейді
Ішуге жарайтын судың температурасы:
Ірі мал үшін 10-120
Буаз, ауру мал үшін 12-150
Жасына байланысты жас малдар үшін 10-300
Мөлдірлігін анықтау. Судың мөлдірлігі су көз басына немесе лабораторияда анықталады. Судың мөлдірлігін анықтаудың бірінші тәсілі: краны бар, бөліктерге бөлінген цилиндрге суды құйып №1 Снеллен баспа шрифті бар бір бет қағазды төсейді де су арқылы үстінен қарайды, сонан кейін суды әріп айқын көрінгенше краннан ағыза береді. Судың мөлдірлігін анықтаудың екінші тәсілі: жуандығы 1-2 мм сым темірден жасалған, диаметрі 1-1,5 см дөңгелек сақина арқылы анықтау. Сақинаны зерттелетін суы бар цилиндрге оның кескіні көрінбегенге дейін батырады. Сонан кейін дөңгелек сақина анық көрінгенше біртіндеп көтереді, судың тереңдігін /см есебімен/ өлшейді. Алынған мәліметті Снеллен шрифті бойынша көрсеткішке теңестіреді. Судың мөлдірлігі 30 см болса жақсы, ал 10-нан 30 см дейінгіні пайдалануға жарайды деп санайды. Судың мөлдірлігін мынадай терминдермен белгілейді: мөлдір, сәл мөлдір, жеңіл бұлыңғыр немесе өте бұлыңғыр.
Судың түсін анықтау. Хромды – кобальтті шкала, тегіс табанды 2 түссіз цилиндр. Судың түсі сапа жағынан да және сан жағынан да анықталады. Сапа көрсеткішін екі цилиндрге құйылған дистилді және зерттелетін судың түсін салыстыру арқылы анықтауға болады / ол үшін ақ қағаз тұтылу керек /. Сан мөлшерін анықтау – хромды – кобальтті шкалада судың түсі градуспен белгіленеді. Жақсы ауыз су түссіз болуы тиіс.Градус бойынша мөлдір ауыз су түсі 200 төмен, пайдалануға жарайтын су түсі 400-қа дейін болуы тиіс. Судың түссіз, ашық сары, сары, қою сары болуы мүмкін.
Судың исін анықтау. Ауыз судың исі табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи иістер: жұпар, сазды, батпақты, шірік иісті, көгерген, ағаш балық, күкіртті сутегі, шөп, белгісіз иісті. Жасанды иістер: хлорлы, фенольді, бензинді, камфорлы және т.б. Судың иісін – сынама алған жерде не лабораторияда 20-400 қыздыру арқылы анықтайды. Ол үшін колбаның 2/3 бөлігіне су құяды, колбаны шынымен жабады немесе үйлестірілген тығынмен тығындайды, шайқап 200 -та анықтайды, содан кейін сол сынама суды 400 дейін қыздырып, шайқайды, шыны тығынды жылжытып иісті анықтайды. Судың сынамасының иісінің интенсивтігі баллмен белгіленеді – өте әлсіз – 1, әлсіз – 2, елеулі – 3, айқындау – 4, өте күшті – 5 балл. Таза судың исі болмауы тиіс, ал мүмкін дегеннің өзінде 200 температурада 2 баллдан аспауы керек.
Судың дәмін анықтау – тек қана сенімді жағдайда, су залалсыз болғанда жүргізіледі. Күдікті болса оны алдын-ала қайнату /5 минут бойына/ қажет, соңынан 20-250 дейін суытады. Судың бактериямен немесе химиялық жолмен биоластанғаннын сезіктенген жағдайда судың дәмін анықтамайды. Судың дәмі мынадай болып келеді: қышқыл, тұзды, сілтілі, ащы-тұзды, тіл үйіретін, тәтті; оның ішінде дәміне қарай: сілтілі, темір дәмді, тіл үйіргіш, хлорлы, металлды, балық дәмді. Судың дәмін білу үшін 15 мл. жуық суды ұрттап, бірнеше секунд ауызда ұстап, оны жұтпастан дәмін анықтайды.Судың дәмін анықтағаннан кейін ауызды әлсіз марганец қышқылды калий ерітіндісімен шайған жөн. Дәмнің интенсивтілігі бес баллдық жүйемен анықталады. Таза су ешқандай бөтен исі жоқ, дәмді болуы қажет.