Тақырып:Қазақстанда және дүние жүзінде жел энергиясын пайдаланудың қазіргі күйін зерттеу. Орындаған


ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДАМУЫ



бет7/7
Дата03.10.2023
өлшемі4,13 Mb.
#112751
1   2   3   4   5   6   7
2.2 ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДАМУЫ
Бүгінгі күнгі энергетика саласындағы өзгерістерді тағы бір салыстырулар анық көрсетіп отыр: ресейлік белгіленген СЭБ қуат мөлшерінің жиынтығы және 2015 жылы ғана құрылған жел энергетикасының қуат мөлшері ресейлік белгіленген қуат мөлшерінің жиынтығын асып түседі және де Ресей Федерациясында жұмыс жасайтын атом станцияларынан екі есе көп.
Желэнергетикасының күннен-күнге дамуы қарқындап өсуде. 31 желтоқсан 2005 жылы бүкілдүниежүзілік желэнергетикасының өндірілетін қуаты 58 982 МВт болды. Осындай қарқынды өсу сатысында Бүкіләлемдік желэнергетика ассоциациясы 2010 жылы жел энергиясын қуатын 120 000 МВт-қа өсіруді жоспарлап отыр. Желэнергетика ассоциация -сының мәліметтерін негіздей отырып, алдыңғы қатарлы 10 елдің жел энергия даму қуатының көрсеткіштеріне назар аударайық.

Кесте 1. Жел энергия қуатының 2005 жылғы елдер тізімі





Мемлекет

2005 ж. ғана
іске қосылған желагрегат
өндірілген қуат, МВт

2005 ж өсуі, %

2005 ж.
барлық өндірілген
қуат, МВт

Германия

1798.8

10.8

18427.5

Испания

1764.0

21.3

10027.0

АҚШ

2424.0

36.0

9149.0

Үндістан

1430.0

47.7

4430.0

Дания

4.0

0.1

3128.0

Италия

452.4

35.8

1717.4

Біріккен король ұйымындағы мемлекет

465.0

52.4

1353.0

Қытай

496.0

64.9

1260.0

Нидерланд

141.0

13.1

1219.0

Жапония

143.8

16.0

1040.0

Европа бойынша

6174.0

18.0

40932.0

Барлығы

11310.0

24.0

58982.0

Кесте 2. Жел энергия қуатыны жылдар бойынша дамуы





Жыл

Бүкіл әлемдегі МВт
өндірілетін қуат,
МВт

Европадағы
өндірілетін қуат,
МВт

1980

10

-

1995

4821

2515

1999

13 594

9307

2001

23 857

17 241

2004

47 671

34 758

2005

58 982

40 932

Жел қондырғылардың жетілдіруі мен көп жылғы тәжірибе, жұмсалатын шығын мөлшерінің төмендеуіне мүмкіндік туғызды, ал бұл АҚШ-та электроэнергия құнының 1986 ж 1кВт. сағ – 14 центке, 1999 ж - 5 центке төмендегенінен көрінеді. Ал Европа елдері желэнергиясын дамытуда жетекші, алдыңғы шептегі жаңа технология өндірісінің орталығы десек те артық айтпаған болар едік.


Кесте 3. Дүние жүзі елдерінде 2008-2014 жыл аралықтарындағы орнатылған қуат мөлшер





Мемлекет

2008ж. МВт

2009ж. МВт

2010ж. МВт

2011ж. МВт

2012ж. МВт

2013ж. МВт

2014ж. МВт

Қытай

12210

25104

41800

62733

75561

91424

114763

АҚШ

25170

35159

40200

46919

60007

61091

65879

Германия

23903

25777

27214

29060

31332

34250

39165

Испания

16754

19149

20676

21674

22796

22959

22987

Индия

9645

10833

13064

16084

18421

20150

22465

Англия

3241

4051

5203

6540

8445

10531

12440

Италия

3736

4850

5797

6737

8144

8552

8663

Франция

3404

4492

5660

6800

7196

8254

9285

Канада

2369

3319

4008

5265

6200

7803

9694

Дания

3180

3482

3752

3871

4162

4772

4845

2015 жылдың басында барлық жел генераторларының жалпы орнатылған қуат мөлшері 369 гигаватты құрады. Дүние жүзі бойынша 2009 жылдан бастап, барлық жел генераторларының қуатының асуы орта есеппен жылына 38-40 гигаваттқа дейін жетті. Бұл жағдай АҚШ, Индия, Қытай және Германия елдерінде жел энергетикасының қарқынды дамуымен тығыз байланысты.


Белгіленген қуат мөлшері және өсу қарқыны бойынша Қытай - әлемдік көшбасшы. 2014 жылдың көрсеткіштерінде Бризилия 2,5 ГВт қуат мөлшерін енгізіп, осы жылы төртінші орынға ие болды, Индия – 2,3 ГВт және ол анықталған қуат мөлшері бойынша (22,5 ГВт) әлемдік қатардан бесінші орында алды. Ал, Оңтүстік Америка тек ғана 2014 жылдың өзінде қуат мөлшерін 10-нан 570 МВт дейін өсірді.


Сурет 10. Әлемдік жел энергетикасының қуат құрылымы


2015 жылдың қорытындысы бойынша, ең кем дегенде 68 мемлекет қуаты 10 МВт-тан жоғары болатын жел қондырғыларын пайдаланады.


2014 жылдың басы мен 2015 жылдың соңына дейінгі аралықта жел энергетикасының жиынтық қуаты орта есеппен бір жылға 26% құрайды.
Жел көмегімен энерегия өндіруге мүмкіндік беретін ең көп мөлшердегі жаңа қондырғылар 2015 жылы Азияда - 53,6 % (әдемдегі жалпы жаңа қондырғылар мөлшерінен), Еуропа (21,9%) және Солтүстік Америка (20,5%) орнатылған. Жаңа қондырғылардың шамалы үлесі ғана Латын Америкасы (2,9%), Австралия мен Океания(0,9%), Африка(0,2%) тиесілі.
Қазіргі күнгі қолайлы жағдайлар энергетика саласының дамуына мүмкіндік беріп, 2020 жылға қарай электр энергиясын пайдалану 30% дейін жоғарылайтын болады, соның ішінде 15% жаңартылатын энергия көздерінің есебінен.

ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы табиғаттың тікелей өз өнімдері – жел мен күн энергиясын пайдалану осы аталып өтілген кейбір кемшіліктеріне қарамастан әлем елдерінде ерекше маңызға ие. Аталмыш қуаткөздері өзінің экологиялық тиімділігі, экономикалық артықшылығы жағынан күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ, керісінше, жаңғыртпалы энергияға, «жасыл» экономикаға қол созып, баламалы энергия көздерін табуға қажеттілік туған заманда жетекші орынға шықты. Қазақстанда арзан электр энергиясын қолданысқа енгізуге бағытталған 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жел және күн күшімен өндірілетін электр эрнергиясына қол жеткізу жолдары қарастырылуда. Дүниежүзі бойынша жел жіктелімінің 23 түрі тұрақты кездесетін, географиялық орналасуы және өте қатты ауа ағыны бар еліміздің кең байтақ даласы Қазақстанға мол жел энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.
Сарапшылар жарты ғасырдан соң жер бетіндегі тұрғындар саны қазіргіден екі есе артып, тиісінше адамзат тұтынатын қажеттіліктер де 2-3 есе көбейеді деген пікір айтады. Мұндай жағдайда шегі бар, сарқылатын байлықтардың түбі көрінуі бек мүмкін. Бұл жел мен күн, су энергиясы секілді сарқылмайтын энергия көздерін қолданысқа енгізуге алып келеді. Әлем қазірден-ақ осы қадамға бет бұруда, ал біздің алдымыздағы басты міндет - Отанымыз Қазақстан Республикасының экономикасының одан әрі қарыштап дамуына және де «жасыл» экономиканың басты орынға шығып,халық игілігіне жұмыс жасауы үшін бар біліміміз бен шеберлігімізді жұмсау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Уикипедия. Жел энергетикасы. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D0%BB_%D1%8D%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B5%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B

  2. Ветроустановки. Под ред. М.И. Осипова. – М.: Издательство МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2007. – 36с.

  3. B-news. Баламалы энергетика- сарқылмас қуат көзі. http://bnews.kz/kz/old/news/archive/analitika/balamali_energetika__sarkilmas_kuat_kozi-2012_11_22-721145

  4. Трофимов А., Маринушкин Б., К генеральной схеме развития ветроэнергетики Казахстана. М.: Журнал «Энергетика», Алматы. 2012.

  5. Национальная Программа развития ветроэнергетики в Республике Казахстан до 2015г. с перспективой до 2024г

  6. План действий по развитию альтернативных и возобновляемых источников энергии в Республике Казахстан в 2013-2020г.г., Самрук-зеленый.

  7. Фатеев Е.М. Ветродвигатели и их применение в сельском хозяйстве. М., 1962.- 248 с.

  8. http://www.wwindea.org The World Wind Energy Association. WWEA HALF-YEAR REPORT: WORLDWIND WIND CAPACITY REACHED 456 GW

  9. Ершина А.К. и др. Основы теории ветротурбины Дарье. – Алматы: КазгосИНТИ, 2001. – 104 с.

  10. Предварительный патент №19114 РК, F03D 3/06 (2006/01). Ветротурбина Бидарье /Ершина А.К., Ершин Ш.А. - № 2006/0166.1; заявлено.15.02.2006; опубл. 15.02.2008, бюл. №2.

  11. «Есть идея, Инновации в Казахстане, изобретения Казахстана» // Казахстанский инновационный журнал.- № 19.- 2012.

  12. "Класс-time" апталық басылым. Төңкерілген пирамида "Бәйтерек"- көпқабатты жел станциясы №17 (65) 24 сәуір 2013.

  13. Байшагиров Х.Ж., Каримбаев Т.Д., и др., Отчет о НИР «Разработка и создание композиционной ветроэлектрогенераторной установки с диффузором».- Алматы.- 2004.- 91 с.

  14. Байшагиров Х.Ж. и др. О разработке малых ветроустановок в Казахстане // Научный журнал, Региональный вестник Востока г: Усть-Каменогорск, ВКГУ им. С.Аманжолова- №3. 2013.-С.14-22.

  15. G-group.Қазақстанда баламалы қуат көзі жел энергиясын қолдану мәселелері. http://group-global.org/kk/publication/20300-kazakstanda-balamaly-kuat-kozi-zhel-energiyasyn-koldanu-mseleleri





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет