Екінті намазының парызын төрт мезгілде де күннің көзді
алмайтындай сарғыш тартқанға дейін кешіктіру – мұстахап.
Ақшам намазын уақыты кірісімен оқу – мұстахап. Азан
мен қаматы арасында тек қана үш аят оқылатындай уақыт
бөлінеді. Өйткені ақшам намазын кешіктіру – мәкрүһ.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Ақшам намазын
жұлдыздар
көрінгенге
дейін
кешіктірмесе,
үмбетім
берекетте».
128
Құптан намазын түннің алғашқы үштен біріне дейін
кешіктіру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«
Үмбетіме қиын болмағанда, құптан намазын түннің үштен
біріне дейін кешіктіруді әмір етер едім».
129
Үтір намазын түнде ояна алатынына сенген адам түннің
ақырына дейін кешіктіруі – мұстахап. Пайғамбарымыз
(с.а.с.)
былай
дейді:
«
Түннің
ақырына
дейін
ояна
алмайтындығынан қорыққан адам, үтір намазын түннің алғашқы
уақытында оқысын. Түннің ақырында ояна алатынына көзі
жеткен адам болса, үтірді түннің соңында оқысын. Себебі түнгі
намаз – періштелер қатысатын намаз».
130
Достарыңызбен бөлісу: