сендердің ұятты (яғни, абиырларыңның ашылып қалуы
әбден мүмкін болған) шақтарың. Ал бұдан өзге
уақыттарда сендер үшін де, олар үшін де бір-біріңе
рұқсатсыз кіріп-шығудың айыбы жоқ»
.
Аятта түскі уақыт тынығып алу үшін ұйықтауға арналған
мезгіл екендігі ишарат етілген. Мұны «қайлулә» деп атайды.
Алла
Елшісі
(с.а.с.)
түнгі
құлшылыққа
тұруды
жеңілдететіндіктен, бұл ұйқыға аса мән берген. Риуаяттарға
назар аударар болсақ, Алла Елшісі (с.а.с.) көбіне бесін
намазынан соң, жаздың ыстық күндерінде бесін намазының
алдында,
165
жұма
күндері
жұма
намазынан
кейін
166
ұйықтағандығы белгілі болады.
Бұл тақырыпта кездесетін Құран мен хадистен алынған
мәліметтер мен Алла Елшісінің сүннеті бізге бірқатар жайттың
басын ашып береді.
Түнде түнгі құлшылық арқылы түнгі уақытты тиімді
пайдалану қажет болғанындай, күндіз қайлулә ұйқысы арқылы
тынығуға да уақыт бөлген жөн. Қайлулә әсіресе ауа райы
ыстық болатын мезгілдерде аса маңызды. Өмірдің барынша
пайдалы өтуіне септігін тигізе алады.
Аталған жайттың Құранда да сөз етілгеніне қарағанда,
күндізгі ұйқының жан-жақты (денсаулық, жұмысқа қабілеттілік,
уақытты тиімді пайдалану, отбасымен қарым-қатынас, тәрбие,
т.б.) пайдалары бар екендігі айқындала түседі.
Достарыңызбен бөлісу: