Таланттар



Pdf көрінісі
бет174/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   256
ЖАНУАРДЫҢ ТІЛІ 
 
Сүлеймен пайғамбар жан-жануардың тілін білетін. Сиырдың 
мөңірегенінен,  есектің  ақырғанынан,  қарағанынан,  не  айтып 
тұрғанын біліп қоятын.  
Бір  кісі  Сүлеймен  пайғамбарға  өтініш  айтты:  «Жануардың 
тілін үйретші», – деп жалынды. Бірнеше айдан соң үйреніп алды.  
Әлгі  кісі  үйіне  келіп,  қораның  сыртынан  тыңдады.  Сөйтсе, 
есек пен өгіз сөйлесіп жатыр екен. Есек:  
–  Өгіз, бауырым, халің қалай? – дейді.  
Өгіз: 
– Ауыр жұмыстан шаршадым. Қожайыным  мені аямайды, – 
деп ыңырсиды.  
Есек оған ақыл айтады:  
– Сен бүгін шөп берсе жеме, су берсе ішпе. Ауырып қалған 
екен деп, жұмыстан қалдырады, – дейді.  
Өгіз айтқанды орындайды. Шөп те жемей, су да ішпей жатып 
алады. Екеуінің сөзін есіткен қожайыны құлына айтады:  
 – Ертең өгізді қалдыр да, есекті жұмысқа жек! – дейді.  
Ертеңіне  өгіздің  бар  жұмысын  есекке  салады.  Арба  да 
сүйрейді. Отын да тасиды. Өлердей шаршайды. Кешке аяғын әзер 
сүйретіп қораға кіреді.  
Өгіз болса, тынығып қалған еді. Қутың-қутың еді.  
– Халің қалай, достым? – дейді есекке.  
Әбден шаршаған есек күйіп кетіп:  
–  Сені  қожайын  сойып  жеймін  деп  жатыр.  От  оттап,  су 
ішпесең, ертең сояды, – деп алдайды.  
Қорқып  кеткен  өгіз  дереу  шөп  жеуге  кіріседі.  Қораның 
сыртынан  тыңдап  тұрған  қожайыны  есектің  қулығына  әбден 
күледі.      
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет