Таланттар


–  Санасы  биік  ұрпақ  тәрбиелеу  үшін,  тұрқы  бөлек



Pdf көрінісі
бет212/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   256
–  Санасы  биік  ұрпақ  тәрбиелеу  үшін,  тұрқы  бөлек, 
бағдарламасы  жаңа  мектеп  өмірге  келді  деген  хабар 
құлағымызды  елең  еткізді.  Оның  өмірге  келуі  сіздің 
есіміңізбен  байланысты  екен.  Осы  мектеп  ашу  себебіңіз 
жайлы не айтасыз?   
–  Көп  адамдар  мектеп  ашу  себебін  де  түсіне  алмайды. 
Бәлкім,  атақ  қуып,  даңқ  жолына  түсті  дер.  Бәлкім,  осы  мектеп 
арқылы байлықты көздер дейді. Алайда ел ойлағандай емес, бұл 
– әлдеқайда терең, саналы іс. 
Қазір оқу-ағарту жүйесінде «жаңа ұлттық мектептің нобайы 
(моделі)  қандай  болмақ?»  деген  сұрақ  тұр.  Ол  жөнінде  қағаз 
жүзінде жазылып та, айтылып та жатқан мәселелер көп. Бірақ іс 
жүзінде қолға алынған шара жоқтың қасы. 
Ал  бұрынғы  әміршіл  жүйенің  әміршіл  педагогикасы 
ескірген. Әрі қарай жүре беруге болмай қалды. 
Қазір 
мектепте 
«Атамекен» 
айдарымен 
ұлттық 
педагогиканы орнықтыру етек ала бастады. Бірақ кейбіреулер тар 
мағынада  түсінеді.    Онда  тек  халықтық  сипат,  ұлттық  дәстүрді 
үйретумен шектеледі. Бұл мәселенің бір жағы ғана. Бала өз ұлтын 


362 
 
шын жүрегімен, адал ниетімен сүюі үшін оның жүрегін қазақша 
тәрбиелеу  керек.  Сонымен  қатар    жас  бүлдіршін  ХХІ  ғасыр 
жеткіншегіне сай болсын. Ол үшін адамдық дәрежедегі біліммен, 
ғылыммен, мәдениетпен  сусындауы керек. 
Осы  ойларымды  жинақтап  «Педагогикалық»  кітап  жазған 
едім.  Алайда  онымен  шектелуге  де  болмайды.    Бұл  ойларды 
кішкентай шағын мектептің дәрежесінде іске асырғым келді. Бұл 
мектеп таза ұлттық мектеп болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет