Таланттар


Бала  тәрбиесіне  орай  өзіңізді  алаңдататын



Pdf көрінісі
бет219/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   256
Бала  тәрбиесіне  орай  өзіңізді  алаңдататын, 
жабырқататын жайлар қандай? 
     – 
Қазіргі  балаларымызды  мексикалық  фильмдер  
тәрбиелеп жатыр. Әкесімен ұрысатын қыздар, бірінің  көзіне  бірі  
шөп  салатын,  көрсеқызар ерлі-зайыптылар, ақша үшін бәрін де 
сатып жіберетін саудагерлер. Бала   бұлардан қандай үлгі алады? 
Ата-аналары осы жайды да  ойлауы қажет-ақ. Киноның бұл әдісі 
адам  санасын    зорламай  бағындырады.  Осы  комерциялық 


367 
 
фильмдерге    қарсы  қоятын  қазақты  өзіне-өзі  ғашық  ететін 
фильмдер    бізде  жоқ.  Біз  есімізді  жиып,  сондай  фильмдер 
жасағанша,  тұтас бір ұрпақтың санасын әлгі әдістің уыты жайлап   
алары  сөзсіз.  Бұл  ұрпақтан  адам  өлімінен  өкінбейтін,    ақшаны 
атасындай  көретін,    әкесі  өлсе  де  жыламайтын    безбүйректер 
шығарады.  Оны  байқап  та  жүрміз.  Осы    проблема  көзі  ашық 
адамдардың  түйткіл.  Рухани  әлемнің    қадірлі  мемлекет 
деңгейінде қаралмайынша, шешілуі  қиын. 
  Біздің 
қолымыздан 
келері 
– 
жинаған 
рухани  
байлығымызды  балалармен  бөлісу  ғана.  Қазіргі  жағдайда   
мектепке  баруға,  қазақ  баласын  тәрбиелеуге  атсалысуға  
міндеттіміз.    Осы  жағынан  біраз  жұмыс  атқарып  жүрген  
сияқтымын. Университетте істей жүріп, мектеп аштым.  «Сенім» 
бағдарламасын жасап, сол бойынша оқып жүрміз.  Оның мақсаты 
– білім бергеннің үстіне жанын тәрбиелеу, болашаққа дайындау. 
Парасаттылықты,  салауаттылықты    бірінші  орынға  шығару. 
Білімді  жалпы  мәдениеттің  бір    бөлігі  сипатында  бала  бойына 
сіңіреміз.    Нақты  іс  арқылы    баланың  жанын  ойдағыдай 
тәрбиелеуге болатындығына  осы мектептегі жұмыс дәлел. 
 Біздің  бұл  жұмысымызға  Түркия  азаматы,    Президенттің 
экономикалық кеңесшісі, доктор Шәкір демеушілік жасап отыр. 
Бұған қоса «Бөбек» қоры да  демеушілік көрсетуде. Бұл кісілердің 
пейіліне шексіз  разымын. 
   Болашақта  да  осы  тәрбие  жұмысын  өрістете  бермек  
ойдамын.  Біздің  мектепті  бітірген  балалар  парасатты    адамдар 
болып шығатынына сенемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет