Таланттар


ҚАТАЛ МҰҒАЛІМ – ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ БЕ?



Pdf көрінісі
бет4/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256
ҚАТАЛ МҰҒАЛІМ – ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ БЕ? 
 
Осы сұрақты студенттерге қойғанымда, Айгүл деген ұяң қыз 
айтты:  «Мен  бітірген  мектепте  физикадан  сабақ  беретін 
апайымыз  болған.  Қыбыр  еткізбейтін.  Қолымызды  қозғасақ  та, 


12 
 
«тыныш  отыр!»  –  деп  ұрсатын.  Ол  сабақта  тәртіпсіз  бала 
болмайтын. Тәртіпке қатты қараған дұрыс сияқты». 
Осыны  айтты  да,  көз  алдына  қатал  апайының  сұсты  жүзі 
елестеп кетті ме, Айгүл көзін тайдырып, төмен қарады. Әп-әдемі 
қыздың  жасқаншақтығы  жараспай  тұр.  Бұл  баланың  байқалған 
тағы бір әдеті – сабақты орнынан тұрмай айтса, еркін сөйлейді. 
Тұрғыздың 
дегенше, 
қысылып-қымтырылып, 
ойын 
байланыстыра алмайды. Шын көңілден тыңдауға дайын екеніңді 
білдірмесең,  үн-түнсіз  отыра  беруге  бар.  Оңаша  әңгімеде 
айтқаны:  Орнынан  тұрған  кезде  бір  қорқыныш  билейді,  буын-
буыны  қалтырап,  не  айтайын  деп  тұрғанын  ұмытып  қалады. 
Айгүл екеуміз бұдан былай: «Мұғалім де мендей адам!» – деп жиі 
қайталап тұратын болдық. 
Өз  ойындағысын  еркін  айта  алмайтын  жасқаншақтық  біздің 
қазақ  балаларында  жиі  кездеседі.  Ата-бабадан  келе  жатқан 
бағыныштылықтың әсері ме, әлде өз тілінің кадірі болмай, басқа 
тілді  еркін  меңгере  алмаудан  жасып  қалған  ба?  Оның  үстіне 
мектептегі әміршіл-өктем тәрбие де басып тастаған болар. 
 
*    *   * 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет