Талғат сайрамбаев


 Кейбір жаңа тіркесімділік туралы



Pdf көрінісі
бет24/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58

6. Кейбір жаңа тіркесімділік туралы

Қазіргі  қазақ  тілі  қай  кезеңде  де  жан-жақты  даму  үстінде. 

Əр  жыл  сайын  бірнеше  ғылыми  еңбектер  мен  оқу  құралдары, 

түрлі  сөздіктер  жарық  көреді.  Қазіргі  кезде  мектеп,  педучили-

ще мен жоғары оқу орындары тілдің барлық саласынан жетілген 

оқулықтармен қамтамасыз етілген. Бірақ осыншалықты жетілген 

оқулықтарымызда  əлі  де  болса  толықтыра  түсуді  қажет  ететін 

мəселелер  де  жеткілікті.  Оның  өзі  тілдегі  болып  жатқан  жаңа 

тілдік заңдылықтармен тығыз байланысты.

Күнделікті  техника  мен  экономикада  жəне  ғылымдағы  жа-

ңалықтар мен жаңа нəрселерге байланысты тілге жаңа атаулар да 

еніп  отыр.  Əрбір  тілші  тек  бар  оқулықтармен  шектелмей,  өзінің 

күнделікті  сабағында  өмірде  болып  жатқан  сан  қилы  жаңалық-

тарды,  соған  сəйкес  тілдік  мəселелерді  күнделікті  қадағалап 

отыруға тиіс. 

Əрине сөз тіркесі болу үшін кемінде екі дербес мағынасы бар 

сөздер  болуы  керек.  Жаңа  сөз  тіркесі  туралы  сөз  еткенде  алды-

мен тілде пайда болатын жаңа сөздер туралы сөз болмақшы.

Тілдегі  жаңа  сөздер  дегенде  қоғамымызда  болып  жатқан  əр 

алуан  құбылыстар,  əр  алуан  дүниелер,  техника,  ғылым  өндіріс 

жаңалықтары ескеріледі.


256

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Осы күнгі тілші ғалымдардың көрсетуінше, қазақ тілі ауызекі 

сөйлеудің ерен үлгілерін жасаған. Алғашқы дəуірлерде қазақтың 

өзінің  бай  сөздік  қорының  нəтижесінде  қалыптасқан  сөз  бен 

сөз  тіркестері  мол  болғандығын,  ал  Қазан  төңкерісінен  кейін  ол 

өзіміздің  байырғы  сөздік  қорымыздың  үстіне  түрлі  терминдік 

сөздердің  енуіне  байланысты,  тілдік  қорымыз  əлдеқайда  кеңейе 

түсті.  Елімізде  сан  алуан  мамандықтар  пайда  болды.  Сол  ма-

мандықтардың  негізінде  тілімізде  бұрын  болмаған  терминдер 

қалыптасқан. Сол термин, терминдік топтардың тілімізге енуінің 

белгілі  дəуірлері  болды,  сол  əрбір  кезең  өзіндік  із  қалдырып 

отырды. Əсіресе терминдер 1930 жылдардан бастап тілімізге мол 

ене бастады. Ол – үнемі болып отыратын құбылыс.

Əсіресе  еліміздің  шұғыл  бетбұрыс  кезеңінде  дүниежүзілік 

маңызға  ие  болған  тарихи оқиғалар  қоғам  өмірінің  барлық  сала-

сында  ешбір  теңдесі  жоқ  сан  мыңдаған  жаңалықтар  енгізуде. 

Соңғы  кездегі  жаһандану  ықпалының  жан-жақты  əсері,  мектеп 

реформасы, кадр мəселесін қайта қарау, əсіресе əйелдер ұйымын 

жаңаша жандандыру, мектептерді  компьютерлендіру сияқты қа-

зіргі кездегі болып жатқан оқиғалар негізінде көптеген жаңа тер-

миндер  еніп  отыр.  Қоғамдағы  жаңалыққа  байланысты  қабыл-

данған  атаулардың  өзі  екі  түрлі  жағдайда  қалыптасса  керек. 

Біріншіден,  əрбір  термин  дайын  күйінде  басқа  тілден  алынса, 

кейбірі  көбінесе  өз  тіліміздегі  байырғы  сөздер  арқылы  іске  аса-

ды. Осы сияқты жаңа құбылысқа сай сөздердің қалыптасуы лек-

сикада басты орын алады. Бірақ тілдегі ондай сөздер лексикалық 

қорымызға  енгенімен,  түбінде  сөйлеу  процесіне  қатыстылығы 

айқын.  Ол  сөздер  сөйлемде  белгілі  дəрежеде  өзімен  мағыналас 

сөздермен тіркесте болуы тиіс. Міне,  біз тек соңғы 3–4 жылдар 

арасындағы  жоғарыда  аталған  жаңа  жайттарға  сай  тілдегі  жаңа 

ұғымдар  жəне  оларға  қатысты  пайда  болған  сөз  тіркестерін  сөз 

етіп отырмыз. Біз мысалдарды көбінесе «Социалистік Қазақстан», 

«Қазақстан  мұғалімі», «Қазақ  əдебиеті», «Лениншіл  жас», «Оң-

түстік  Қазақстан», «Шамшырақ»  газеттері  мен  «Білім  жəне 

еңбек», «Қазақстан  ауылшаруашылығы», «Қазақстан  мектебі», 

«Қазақстан əйелдері» журналдарынан алдық.

Тілдегі  жаңа  сөз  тіркестерін  сөз  еткенде,  əрине,  оған  ішкі 

даму  процесі  мен  сыртқы  əсері  ескерілуі    тиіс.  Біз  алдымен  өз 



257

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

тіліміз арқылы болған процестерді сөз етіп алып, соңынан сырт-

қы факторларға тоқталуды жөн көрдік.

Қазақ – музыкалық  аспаптарға  бай  ел.  Əсіресе  оның  ішінде 

ең жалпыхалықтық музыкалық аспаптың бірі – домбыра.

Домбыра қайда барсам тастамаймын,

Əнменен сенсіз өлең бастамаймын.

Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен

Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын, –

деп  қазақ  домбыра  арқылы  өзінің  қуанышын  да,  қайғысын  да 

халқына  жеткізе  білген.  Сондықтан  да  халқымызда  домбыраның 

тиегі,  ішегі,  құлағы,  беті,  ағашы,  түрі,  пернесі,  т.б.  толып  жат-

қан терминдер қалыптасты да, сол терминдер сөйлемде мол қол-

данылып келеді. Əрине домбыра туралы терминдердің де қалып-

тасуы,  олардың  түрлерінің  көбеюіне  байланысты  (Жамбыл  дом-

быра,  Абай  домбыра)  болса,  сонымен  домбыра  туралы  кейбір 

ойлар,  олардың  беттеріндегі  өзгерістер  туралы,  қазіргі  кезде 

айшықтап тесу, қос мойындық домбыра мен домбыраға техника-

лық  тетіктерді  қосуға  байланысты  айтылып  тұр.  Жалпы  алғанда 

домбыра  туралы  терминдер  осы  күнге  дейін  жалпыхалықтық 

дəрежеде жан-жақты қолданылуда.

Дегенмен соңғы кезде техникалық жаңалықтардың да əсеріне 

байланысты домбыра аспабында да кейбір жаңа құбылыстардың 

ене бастағандығын көруге болады.

Əдетте домбыраның үні, жақсы домбыра деп айтыла беретін. 

Бірақ соңғы кезде домбыра аспабына электр қуатын қосу арқылы 

онда  екі  түрлі  құбылыс  пайда  болып  отыр.  Біріншіден,  домбы-



ра сөзіне электр сөзі қосылып электро-домбыра деген біріншісі 

интернационалдық,  екіншісі  əдеттегі  байырғы  сөзіміз  арқылы  

жаңа  термин  пайда  болып  отыр.  Екіншіден,  енді  ол  сөздердің 

тіркесуі  аясында  да  белгілі  дəрежеде  өзгерістер  еніп  отырғанын 

көруге  болады.  Бұрын  домбыра  зат  есімі  көбіне  тарту,  шерту, 

күйге  келтіру,  күмбірлету  етістіктерімен  меңгеріле  байланысқа 

түсетін  болса,  енді  қосу  етістігімен  тіркесе  алатын  дəрежеге  ие 

болып  отыр.  Мысалы:  Осы  домбыраны  да  тоққа  қосып  көрсек 

қайтеді? («Білім  жəне  еңбек»)  немесе  Бұрын  қазақта  ойыңды 



домбыраға  ауыстырсақ  дейтін  етістікті  тіркес  болатын,  енді 

Электрогитарадағы датчиктерді домбыраға ауыстырып сала салу-



258

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

ға болмайды («Білім жəне еңбек») дегендегі алғашқы домбыраға 



ауыстыру  мен  домбыраға  ауыстырып  салу  тіркестеріндегі  ба-

сыңқы  етістіктің  аясының  кеңею  процесін  көруге  болады.  Осы 

кезге  дейін  қос  ішек,  тоғыз  пернелі,  екі  құлақ,  жақсы  сөздері 

домбыра  сөзіне  анықтауыштық  қызметте  жұмсалса,  енді  ондай 

анықтауышты  сөздердің  аясының  кеңейгендігін  көруге  болады. 

Мысалы:  Республикалық  жас  техниктер  станциясы  өнертапқыш 

оқушы  Мұсатаевтың  бұл  туындысын  дəйекті  деп  бағалады.  Со-

нымен  электрлі  домбыраны  қолдан  жасап  алуға  болады  екен 

(«Білім жəне еңбек») дегенде домбыра сөзіне электрлі қатыстық 

сын есімі тіркесіп, анықтауыштық қатынастағы жаңа сөз тіркесін 

құрап отыр. 

Қазіргі кезде əйелдердің рөлін арттыру қолға алына бастады. 

Əйелдердің тұрмыс жағдайын, еңбек жағдайын жақсартуға ерек-

ше көңіл бөлініп отыр. Осы жаңалыққа байланысты біздің сөздік 

қорымызға анықтауыштық қатынастағы жаңа сөз тіркестері енді. 

Осы  күнге  дейін  КСРО  Жоғарғы  Советі,  КСРО  Министр-

лер  Советі  сияқты  сөз  тіркестерін  білсек,  енді  осы  сөздің  қа-

тысуымен соңғы кезде əйелдер советі тіркесі еніп отыр. Мысалы: 

5  желтоқсанда  республикалық  əйелдер  советін  құру  жөніндегі 

ұйымдастыру комитетінің мəжілісі болды («Лениншіл жас»).



Əйелдер  советі  сөз  тіркесінің  ізімен  енді  сол  арқылы  да 

жаңа сөз тіркестері пайда болды. Республикалық əйелдер советі, 



əйелдер  советі  президиумы,  сол  сияқты  конференция  сөзімен  де 

тіркесу  арқылы  анықтауыштық  қатынастағы  сөздердің  де  аясы 

кеңейе бастады. Бұрынғы жазушылар конференциясы, мұғалімдер 

конференциясы сияқты енді əйелдер конференциясы деген тіркес 

қалыптасып отыр. Мысалы: Республикалық əйелдер советі əйел-

дердің бүкілодақтық құрылтай конференциясына делегаттар сай-

лады («Лениншіл жас»).

Бесжылдық  мерзім,  он  жылдық  мектеп,  бесжылдық  жоспар 

деген сөз тіркестері тілімізге еніп, сіңісіп кеткен еді. Қазір біздің 

əдеби  тілімізде  əйелдер  советі  сияқты  əйелдер  онжылдығы  де-

ген  жаңа  сөз  тіркесі  еніп  отыр.  Мысалы:  Конференцияның  күн 

тəртібінде  талқыланған  тоғыз  мəселенің  ең  негізгісі  əйелдер 

онжылдығының  мақсаттары  мен  міндеттеріне  шолу  жасау  жəне 

баға  беру («Қазақстан  əйелдері»).  Осы  іспеттес  əйелдер  клубы, 


259

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

əйелдер  кəсіпорны  сияқты  сөз  тіркестері  қалыптасуда.  Мыса-

лы:  Арқалық  қаласында  «Тургаиалюминистрой»  тресінің  жаны-

нан ұйым-дастырылған əйелдер клубы біраздан бері жұмыс істеп 

келеді («Социалистік Қазақстан»).



Қайта  құру  процесі,  қайта  құрудың  стахановшылары,  рево-

люциялық  жеделдету  заманы  сияқты  тіркестер  тілімізге  қазіргі 

кезде  болып  жатқан  еліміздің  əлеуметтік-экономикалық,  мəдени 

өміріндегі  ұлы  өзгерістерге  байланысты  еніп  отыр.  Қайта  құру 

процесі тарихымызда жаңалық болса, оған орай пайда болған сөз 

тіркестері де тілімізде жаңалық болып есептеледі.

Стахановшы  сөзі – тілімізде  қолдану  аясы  кең,  жалпы  ха-

лыққа  түсінікті  сөз.  Мұндай  адамдарды  қайта  құрудың  стаха-

новшылары  деп  атайды («Қазақстан  мұғалімі»)  деген  сөйлемде 

стахановшы  сөзі  қайта  құру  тіркесімен  матаса  байланысқан 

анықтауыштық  қатынастағы,  яғни  қимыл  есімі  мен  зат  есімнің 

тіркесуі  арқылы  қайта  құрудың  стахановшылары  деген  жаңа 

сөз  тіркесі  жасалынды.  Сол  іспеттес:  елімізде  жүзеге  асырылып 

жатқан  қайта  құру  процесін  социалистік  заңдылықты  нығайту-

дан, совет адамдарының бойында заңды құрметтеуден, мүлтіксіз 

орындау  сезімін  тəрбиелеуден  бөліп  қарауға  болмайды («Социа-

листік  Қазақстан»)  дегендегі  қайта  құру  процесі  тіркесі  де  елі-

мізде болып жатқан өзгерістерге байланысты енген сөз тіркесі.

Біздің  сөздік  қорымызда  колхоздастыру  заманы,  электрлен-



діру  заманы,  механикаландыру  заманы,  автоматтандыру  зама-

ны  сияқты  тіркестер  еліміздің  экономикасының  алға  басу  қада-

мына орай еніп отырғанына ұқсас бүгінгі күні революциялық же-



делдету  заманы  деген  тіркес  те  қолданысқа  енді.  Мысалы:  Осы 

жəне  басқа  мыңдаған  есімдерді  көтерген  біздің  заманымыз – 



революциялық жеделдету заманы («Қазақстан мұғалімі»)

Тіл – өмірмен өзектес жанды құбылыс. Сондықтан оның сөздік 

құрамы  əрдайым  өзгеріп,  толысып  отырады.  Əр  дəуір,  əр  қоғам 

өзіне  қажетті  жаңалықтарды  туғызса,  сол  жаңа  зат,  құбылыс, 

ұғым, іс-əрекеттердің өз атаулары пайда болады.

Мектеп  реформасы  біздің  оқу-ағарту  саласына  біраз  өзгеріс-

тер  енгізді.  Мектеп  реформасының  талаптарына  сəйкес  бала-

ларды  алты  жастан  оқытуға  көшуді  жүзеге  асыру  жұмыстары 

жасалуда.  Мектеп  реформасының  өзекті  мəселелерінің  бірі – 


260

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

алты  жастағы  жеткіншектерді  бірінші  класта  оқыту.  Міне,  осы 

жаңалыққа байланысты тілімізге жаңа сөз тіркестері енді. Əрине 

мектеп  реформасы,  мектеп  оқушысы,  мектеп  мұғалімі  сөз 

тіркесі  бізге  белгілі.  Бұрынғы  жəне  қазіргі  жеткіншек  тек  жеті 

жасқа  толғанда  ғана  мектепке  алынатын.  Ол  заңды,  үйреншікті 

нəрсе болғандықтан, əдетте біз тек бірінші класс оқушылары де-

ген сөз тіркесін қолданатынбыз. Ал бүгінгі күні бірінші сыныпқа 

оқушыларды  алты  жастан  бастап  қабылдау  заңдылығының 

шығуына  байланысты  енді  ол  туралы  жаңа  сөз  тіркестерін 

қолдануымызға тура келеді. Бұл негізде алты жастағылар оқитын 

бірінші сыныптарда сабақ өту, тəрбие беру, мəдениеттілікке бау-

лу,  еңбек  сүйгіштікке  баулу,  оларды  дем  алдыруда  тағы  да  бас-

қа  ерекшеліктер  бар.  Мысалы:  Алты  жасарларды  оқыту  бағдар-

ламасын іске асыру мақсатында Талдықорған облыстық мұғалім-

дер білімін жетілдіру институтында елеулі жұмыстар атқарылды 

(«Қазақстан мұғалімі»). Осы мысалдағы алты жасарларды оқы-



ту бағдарламасы деген тіркес жаңа тіркес болып есептелінеді.

Сол сияқты мектеп мұғалімі деген сөз тіркесі негізінде алты 



жасарларды  оқытатын  мұғалімдер  деген  тіркес  те  осы  жаңа-

лыққа сай еніп отыр.

Қазіргі  кезде  компьютер  барлық  салаларда  қолданылуда. 

Компьютердің  мектепте  қолданылуына  байланысты  да  тілімізде 

көптеген жаңа тіркестер пайда болды. Сауаттылық сөзі компью-

тер  сөзімен  тіркесуі  арқылы  компьютерлік  сауаттылық  деген 

жаңа  тіркес  пайда  болды.  Мысалы,  Еліміздің  ғылыми-техника-

лық,  өндірістік  жəне  Отан  қорғау  потенциялы  маман-кадрлар-

дың  компьютерлік  сауаттылығының  деңгейі  мен  сапасына  бай-

ланысты  екендігін  өмірдің  өзі  көрсетіп  отыр («Қазақстан  мұға-

лімі»).

Электрондық  есептегіш  машина – оқыту  құралы  сөз  тіркесі 

де  жаңа  тіркестің  бірі.  Методикалық  оқу  құралы  деген  тіркес 

бүкіл  халыққа  түсінікті.  Осы  тіркестердегі  оқу  құралы  тіркесі 

бүгін компьютердің өмірге келуіне байланысты жаңа үстеме ма-

ғынаға ие болып отыр.

Электрондық есептегіш машина деген тіркес те кеше не бүгін 

шыққан сөз тіркесі емес. Бұл тіркес те халыққа түсінікті тіркестің 

біріне  айналды  десек,  қателеспеген  болар  едік.  Міне,  осындай 


261

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

халыққа  таныс  екі  сөздің  тіркесуі  арқылы  жаңа  электрондық 



есептегіш  машина – оқыту  құралы  деген  тіркес  те  еніп  отыр. 

Мысалы:  Жақын  келешекте  электронды  есептегіш  машина – 



оқыту  құралы  ретінде  мектепке  жаппай  енді («Қазақстан  мұға-

лімі»).


Физика  пəні,  қазақ  тілі  пəні,  химия  пəні  тіркестері  əбден  та-

ныс  болған.  Осы  іспеттес  бүгін  «Информатика  жəне  электрон-



дық есептеу техникасы» пəні тіркесі де, «Компьютерлік техника 

жəне информация туралы білім» компьютердің мектепке келуіне 

байланысты  туған  тіркестер, «1985–1986 оқу  жылынан  бастап 

барлық  орта  оқу  орындарында  «информатика  жəне  электрон-



ды  есептеу  техникасы»  пəнін  енгізу  жүзеге  асырыла  бастады 

(«Қазақстан  мұғалімі»).  Мысалы:  Компьютерлік  техника  жəне 



информатика  туралы  білім  осы  замандағы  ғылыми-техникалық 

революцияның перзенттері əрі соның даму процесін ілгері апара-

тын жəрдемші («Қазақстан мұғалімі»).

Жалпы  осы  компьютердің  өзіне  байланысты  сөз  тіркестері 

де  қолданылады.  Есептегіш  техника.  Мысалы:  Оқу-тəрбие  про-

цесінің  белсенділігін  арттыру  үшін  есептегіш  техника  мектепте 

тікелей  қолданылады («Қазақстан  мұғалімі»).  Есте  сақтауыш 

тетік.  Мысалы,  Есте  сақтауыш  тетік  мəліметтерді,  ЭЕМ-нің 

барлық  жұмысын  басқарушы  информацияны  сақтайды,  қажетті 

уақытта  информацияны  басқа  тетіктерге  беріп  жəне  оның  жауа-

бын  қабылдап  жазып  отырады («Қазақстан  мұғалімі»).  Интег-



ралдық  микросхема:  Мысалы:  Интегралдық  микросхема  құра-

мындағы  элементтерінің  бəрі  өте  кіші  мөлшерде  ғана  жəне  схе-

масы өте рационалды біріктірілген электронды құрал («Қазақстан 

мұғалімі»).

Міне,  осы  тіркестердің  барлығы  да  тікелей  компьютердің 

өмірде жиі қолданылуына байланысты пайда болған.

Жаңа оқу программасының енгізген жаңалықтары да аз емес. 

Осы  жаңа  оқу  программасына  байланысты,  мысалы,  биология 

сабағында  бионика  элементтерін,  яғни  ғылым  мен  техника  сала-

сында биологиялық системалардың жұмыс принциптерін пайдала-

нуды қарастыратын ғылымның бір түрін сабақта қолдану. Бионика 

элементтері тіркесі жаңа тіркес. Мысалы: Биологияның жаңа оқу 

программасында  оқушыларды    бионика  элементтерімен  таныс-

тыру көзделген («Қазақстан мұғалімі»).



262

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Жалпы  компьютердің  мектепке  енуіне  байланысты  жəне  ин-



форматика  жəне  есептеу  техникасы,  калькулятор  есептеу  ал-

горитмдері секілді жаңа тіркестерді де атап өтуге болады.

Əрине, бір дегеннен жаңа сөз тіркестері пайда бола салуы мүм-

кін де емес. Тілдегі пайда болған жаңа сөз тіркестерін екі жақты 

қарау  керек.  Əрбір  жаңа  сөздің  өзіне  қатысты  мағыналық  тобы 

болады. Осы қасиетке байланысты жаңа сөз көбіне сөз тіркесінде 

басыңқы  сыңарда  жұмсалуға  көбірек  бейім  болатын  сияқты. 

Өйткені,  əрбір  тілге  жаңадан  кіретін  сөздер  көбіне  зат  есімдер. 

Əзірше  ол  жаңа  сөздер  əдеттегі  зат  есімдер  сияқты  септеліп, 

тəуелденуі  арқылы  сөз  тіркесінің  көбіне  əрі  бағыныңқы,  əрі 

басыңқы  сыңары  қызметінде  жұмсала  алады.  Мұның  өзі  жаңа 

сөздің  активтілігіне  байланысты  демекпіз.  Мысалы:  Еліміздің 

ғылыми-техникалық,  өндірістік  жəне  Отан  қорғау  потенция-



лы  маман  кадрлардың  компьютерлік  сауаттылығының  деңгейі 

мен  сапасына  байланысты  екендігін  өмірдің  өзі  көрсетіп  отыр 

(«Қазақстан  мұғалімі»).  Екіншіден,  оның  морфологиялық  жағы, 

яғни септелу процесі де айқындалу қажет.

Жалпы  ЭЕМ-ді  жасау  алғаш  рет 1944 жылы  жүзеге  асты. 

Ол  уақыттан  бері  ЭЕМ-нің  төрт  ұрпағы  өтіп,  бесінші  ұрпағы 

дүниеге  келді.  Бүгін  дербес  электрондық  есептеуіш  машинасы 

қолданылады. Осыған дейін лампалық ЭЕМ, жартылай өткізгішті 

ЭЕМ-нан  интегралды  ЭЕМ-ға,  аса  үлкен  схемалы  ЭЕМ-дар  жа-

салды.  Əрбір  жаңа  зат  енуіне  байланысты  жаңа  сөз,  сөз  тіркесі 

енетінін  жоғарыда  атап  өткенбіз.  ЭЕМ-ға  байланысты  бүгінгі 

таңда  мынадай  жаңа  тіркестерді  атап  өтуге  болады: 1. дербес 



электрондық  есептегіш  машинасы.  Мысалы:  Əр  адамның  жеке 

өз автоқаламы, фотоаппараты, транзисторы, қолға ұстап жүретін 

шағын  телевизоры  болатыны  секілді  енді  əркімнің  дербес  элек-

трондық  есептегіш  машинасы,  кішкене  компьютері  болады 

(«Қазақ  əдебиеті»).  Электрондық-есептеу  деген  сөз  тіркесі  дер-



бес сөзімен тіркесу арқылы жаңа мағынаға ие болған сөз тіркесін 

құрап тұр.

2.  Санмен  басқарылатын  станоктар.  Мысалы:  Технология-

ның  ендігі  бір  саласы – санмен  басқарылатын  станоктардың



робот-манипуляторлардың  біріктіріліп  қосылуынан  шығатын 

Г. А. П. («Қазақ əдебиеті»).



263

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

3.  Робот-манипулятор,  икемдемелі  өзгермелі-автоматтан-



дырылған  өндіріс,  икемдемелі  өндірістік  модульдер,  икемдемелі 

станоктар деген тіркестерді де атап өтуге болады.

Сол  сияқты  ЭЕМ-ды  тіл  білімінде  де  қолданады.  Осы  жаңа-

лыққа  сəйкес  мынадай  жаңа  тіркестерді  атауымызға  бола-

ды:  түркі  тілдерін  математикалық  жолмен  зерттеу.  Мыса-

лы:  Шəкірттеріңізбен  бірге  бірнеше  бағытта  жұмыс  жүргізіп 

жатқаныңызды  білеміз,  солардың  бірі – түркі  тілдерін  мате-



матикалық  жолмен  зерттеу («Қазақ  əдебиеті»).  Электрондық 

есептеу  машинасымен  аударма  жасау.  Мысалы,  солардың 

бірі – түркі  тілдерін  математикалық  бағытпен  зерттеу;  екін-

шісі – электрондық  есептеу  машинасымен  аударма  жасау  мə-

селесі («Қазақ əдебиеті»).

Түркі  тілдерін  этнолингвистикалық  жағынан  зерттеу  не-

месе  түркі  тілдерін  салыстырмалы  түрде  зерттеу  секілді  сөз 

тіркестерінің  қатарына  бүгінгі  таңда  жоғарыда  аталған  сөз  тір-

кесі енді.

Техниканың  түрленуі  нəтижесінде  минитрактор,  капуста 

жинайтын  комбайн,  агрегат  машина  деген  тіркестер  пайда  бо-

лып  отыр.  Трактор,  комбайн,  машина  зат  есімдері  бұрыннан 

белгілі.  Осы  сөздер  мини,  капуста  жинайтын,  агрегат  сөздері-

мен  жаңа  сөз  тіркесін  жасап  отыр.  Комбайн  сөзі  жалпы  мағына 

береді.  Себебі,  комбайн  дегеннен-ақ  біз  бидай  не  күріш,  жүгері, 

мақта  жинайтын  техниканың  түрі  екенін  түсіне  қоямыз.  Осы 

тұрғыдан  келгенде  комбайн  сөзі  жалпы  мағына  беріп  тұрса,  ал 

капуста  жинайтын  комбайн  тіркесі  жеке  мағынаны  білдіріп 

тұр.  Комбайнның  түрлерінің  көбеюіне  байланысты  жаңа  атау, 

сол негізде жаңа сөз тіркесі пайда болды. Мысалы: капуста жи-

найтын  комбайн  шығару  енді  ғана  қолға  алынып,  сериялық  өн-

дірісі игеріле бастаған («Білім жəне еңбек»).

Сол  іспеттес  агрегат  машина,  мини  трактор  тіркестері  де 

техника  қатарының  көбеюіне  байланысты  туған.  Мысалы:  Мини 



тракторларға  арналған  дизель  Грузия  ССР  Ғылым  академия-

сы машина механикасы институтында шағын дизельдің отандық 

тұңғыш  үлгісі  жасалды («Білім  жəне  еңбек»).  Бұл  агрегат 

машинаның жұмыс əрекеті ерекше  («Білім жəне еңбек»).

Ауылшаруашылығында  мал  азығын  жасау  жұмысына  ерек-

ше көңіл бөлінеді. Мал азығының əрі құнарлы, əрі жақсы болуын 


264

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

қадағалайды.  Ауылшаруашылығында  пішен,  пішендемемен  қоса 

шөп ұнын даярлау қолға алынған. Мысалы: Шөп ұнының көпте-

ген түрлері жасалып жатыр. Белокты-витаминді концентраттар 



заводы осындай сапалы жемшөп даярлайтын заводтың бірі. Осы 

заводтың  атауының  өзі  жаңа  сөз  тіркесі.  Яғни  белокты-вита-



минді  концентраттар  заводы  деген  тіркес  тілімізге  еніп  отыр. 

Ендігі алдағы уақытта фосфор заводы, цемент заводы, алюминий 



заводы  деген  тіркестердің  қатарына  белокты-витаминді  концен-

траттар заводы деген тіркесті де енгізуімізге болады. Мысалы: 

Белоруссиядағы  Новополоцк  белокты-витаминді  концентрат-



тар  заводының  өнімі  осы  мақсатқа  қызмет  етеді («Социалистік 

Қазақстан»).

Суландыру – егін  суаруда  шаруашылықта  көтеріліп  жатқан 

мəселелердің  бірі.  Егін  суаруға  байланысты  біз  мынадай  жаңа 

сөз  тіркесін  атап  өтуімізге  болады:  дирижабльмен  егін  суару, 

дирижабльдің  жауындатқыш  түрі.  Мысалы:  Осы  сияқты  дири-

жабльмен  егін  суару  жөнінде  тағы  да  біршама  жобалар  ұсыны-

лады («Білім  жəне  еңбек»).  Осыдан  біраз  жыл  бұрын  инженер 

Трофимов  дирижабльдің  жауындатқыш  түрін  ұсынды.  Осы  іс-

петтес тиходермин биопрепараты, сол сияқты зиянкестерге қар-

сы  күресу  жолдарының  көбеюіне  байланысты  (егістік  үстіндегі) 

биологиялық зонт тіркесі де енді.

«Ш.Ш. Уəлихановтың туғанына 150 жыл толуын атап өте оты-

рып,  алғыскер  ұрпақ  қазақ  халқының  аса  көрнекті  перзентінің 

жарқын  бейнесіне  терең  құрмет  көрсетеді» (Ш.  Уəлихановқа 

шақырылған шақыру билетінен) дегенде ұрпақ сөзімен алғыскер 

сөзі  өзара  анықтауыштық  қатынастағы  сөз  тіркесін  құрауы  да 

ұтымды  шыққан.  Бұрын  алғыс  сөзі  көбіне  басыңқы  сыңарда 

жұмсалуға  бейім  болса,  ал  енді  оған  жұрнақ  қосылуы  арқылы 

бағыныңқы сыңарда жұмсалынып отыр.

Міне, осы іспеттес асқаралы міндеттер, орталықтандырыл-



ған  жоспар,  түрлі  салалардың  түйіскен  түсі  сияқты  анықта-

уыштық қатынастағы сөз тіркестері тіліміздің даму процесіне сай 

жасалып отыр.

Ашық  телефон  сұхбаты:  Осыған  байланысты  «Лениншіл 

жас» – редколлегиясы өткен сенбі 31 қаңтар күні газеттің «Ашық 



телефон»  сұхбатын  өткізді («Лениншіл  жас»).  Мұнда  сын  есім 

мен зат есімнің тіркесуі арқылы жаңа тіркес құралып отыр.



265

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Республикалар  Жоғарғы  Советтерінің  Президиумдары  жеке-

леген  халық  депутаттары  жергілікті  Советтерінің  сайлауын  көп 

мандатты  сайлау  округтері  бойынша  эксперимент  ретінде  өт-

кізу туралы қаулы қабылдады («Социалистік Қазақстан»).

Қазақ тілінде көп мандатты сайлау округі болып сапалық сын 

есім  мен  қатыстық  сын  есімнің  бірігуі  арқылы  енді  бағыныңқы 

сыңардағы  күрделі  сөз  тіркесі  жасалған.  Кейде  орыс  тілі  күнде-

лікті жаңа сөз тіркестерін жасауға көп негіз болады. Орыс тілінен 

енген  мандат  сөзі  көбіне  өзі  басыңқы  сыңарда  көп  жұмсалып, 

көбіне  зат  есімдік  қасиетке  ие  болып  тұрушы  еді.  Енді  сайлау 

системасына өзгеріс енуіне байланысты ол сөздердің өзі басқа бір 

анықталатын заттарға қатысты жұмсалып  отыр.

Қоғамдағы  жаңа  оқиғаның  ескіге  қарсы  шығатындығы  бел-

гілі.  Бұл  құбылыс  та  тілге  жаңа  сөз  енуде  басты  фактор  болып 

табылады.  Тілдегі  кейбір  жаңа  сөздер  мағыналас  сөздермен  тір-

кесіп,  жаңа  тіркес  құруға  негіз  болса,  кейде  тілдегі  бұрыннан 

қолданылып жүрген сөздердің аясының кеңею процесін көреміз. 

Оның  өзі  кейде  бұрын  анықтауыштық  қатынаста  онша  жұмсала 

бермейтін кейбір сөздердің сын есімге ауысу процесінің негізінде 

пайда  болатын  сияқты.  Мысалы:  Ішімдік  сөзі  көбіне  зат  есім 

мағынасында жұмсалатын. Сөйтіп тілде меңгеріле, матаса, қиыса 

байланысқан  сөз  тіркестерін  құрауға  негіз  болса,  ал  қазіргі  кез-

де  ол  сөзге  -сіз  жұрнағы  арқылы  ішімдіксіз  сөзі  той  сөзімен 

тіркесіп  анықтауыштық  қатынаста  жұмсалуда.  Сонда  бұл  сөздер 

есімдермен  қабыса  байланысқан  сөз  тіркестерін  құрауы  екі  түр-

лі  жағдайда  жұмсалатын  сияқты. «Ішімдіксіз  үйлену  тойын 

ұйымдастырудың  дəнекері  болған  совхоздың  партия,  кəсіподақ, 

комсомол  комитеттері  енді» («Қазақстан  əйелдері»)  сөйлемінде 



ішімдіксіз сөзі көбіне той сөзімен тіркескенімен, кейде аралары-

на сөз салып барып та күрделі сөз тіркесін құрауға себеп болып 

отыр.  Осыған  ұқсас  алкогольге  қарсы  күрес,  маскүнемдікке 

қарсы  күрес,  алкогольге  қарсы  насихат  деген  тіркестер  де  жиі 

қолданылуда.  Осы  іспеттес  ішімдіксіз  өткізілетін  салт-дəстүр 

тіркесі де орын алып отыр. Мысалы: Ішімдіксіз өткізілетін салт-

дəстүрдің жəне халықтың, əсіресе, жастардың жұмыстан бос уа-

қытын салауатты, қызықты ұйымдастырудың рəсімдерін кеңінен 

таратудың,  барлық  клуб  мекемелері  мен  спорт  құрылыстарын 


266

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

неғұрлым толық пайдалану маңыздылығы туралы айтылды («Со-

циалистік Қазақстан»).

-лық, -лік  жұрнағының  да активті қолданылуының негізінде 

жаңаша  анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қалыптасуда. 

Мысалы:  Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасы  секретариат-

тың  кезекті  мəжілісінде  бір  топ  қаламгерлердің  шығармашылық 



есебі тыңдалды («Қазақ əдебиеті»).

Мұндай  құбылыс  тілде  онша  көп  қолданыла  бермейтін  сала-



уат сөзінің есімге ауысу процесінің негізінде олардың есімдермен 

тіркесу  аясының  кеңейгендігін  көруге  болады.  Мысалы,  Таяу-

да  құрылған  салауаттылық  жолындағы  күрестің  Бүкілодақ-

тық  ерікті  қоғамы  алкогольге  қарсы  бұқаралық  қозғалысты  да-

мытуға, оны еңбек коллективтерінің арасына таратуға көмектесті 

(«Социалистік  Қазақстан»).  Республиканың  бірқатар  облыста-

рында  салауаттылық  клубтарының  жұмысы  жанданғаны  атап 

өтілді («Социалистік Қазақстан»). Міне, осындағы клуб, күрес сөз-

дері  салауаттылық  сөзімен  бұрын  тіркеспейтін  еді,  енді  əдет-

тегі  қалыпты  қолдану  процесінде  жиі  жұмсалатын  дəрежеге  же-

тіп отыр.

Сонымен,  тіліміздегі  жаңа  тіркестер  лексикамызда  бұрыннан 

бар  сөздердің  жəне  жаңадан  енген  сөздердің  бір-бірімен  тіркесі 

нəтижесінде жасалынады. Жаңа сөз тіркесі жаңа сөз секілді бел-

гілі  бір  заттың,  құбылыстың,  жаңалықтың  келуіне  байланысты 

пайда  болады.  Міне,  сол  көрініс  əсіресе  лексикада,  одан  кейін 

көбіне публицистикада алғаш көрініп, нəтижесінде жалпы халық-

тық  дəрежеге  ие  болса  керек.  Сонда  лексикадағы  пайда  болған 

сөздер  сөйлемде  өзіне  мағыналас  сөздермен  тіркес  құрауының 

негізінде  жаңа  сөз  тіркесі  пайда  болады.  Əрине  жаңа  сөз  тіркесі 

бір дегеннен пайда бола алмайды. Оның бірнеше себептері болса 

керек.


Біріншіден:  Қоғамдағы  жаңалыққа  сай  тілде  жаңа  сөз  пайда 

болады.


Екіншіден: Оның тіркесе алатын сөздері болады.

Үшіншіден: Жаңа сөз тіркестері сөйлем арқылы қарым-қаты-

насқа енеді:

Төртіншіден:  Сөз  тіркесіне  енген  сөздер  сөз  тіркесінің  бағы-

ныңқы, басыңқы сыңарында жұмсалады.


267

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Бесіншіден: Оның құрамындағы жаңа сөздер өзара меңгеріле, 

матаса,  қабыса  байланысып,  сөз  тіркестерін  құрайды.  Олар  құ-

рамы жағынан:

1.  Екі  сыңары  да  қазақ  сөзі  арқылы:  Мысалы,  ішімдіксіз  өт-

кізілетін той, ішімдіксіз өткізілетін салт-дəстүр, алты жасар-

ларды  оқытатын  мұғалім,  асқаралы  міндеттер,  орталықтан-

дырылған жоспар, алғыскер ұрпақ, тəртіп-талғам, асқаралы мін-

деттер, т.б.

2. Бір сыңары қазақ, екіншісі басқа тілден енген. Мысалы: əйел-



дер советі, əйелдер клубы, əйелдер советі президиумы, дирижабль-

мен егін суғару, дирижабльдің жауындатқыш түрі, көп мандат-

ты сайлау, ашық телефон сұхбаты, т.б.

3. Екі сыңары да басқа тілден енген. Мысалы: мини трактор, 



агрегат машина, триходермин препараты, биологиялық зонт, ро-

бот-манипулятор, газоаналитикалық прибор, т.б.

Жалпы тілдегі мұндай құбылыс – бір күндік, бір жылдық нəр-

се  емес,  қоғам  өміріндегі  жаңалықтарға  сай  үнемі  болып  оты-

ратын процесс.

Міне,  соңғы  екі-үш  жылдар  арасында  тілімізге  енген  жаңа 

тіркестердің  бір  тобы  осылар.  Жаңа  сөз  тіркесінің  құрамындағы 

сөздер  қабыса  байланысу  арқылы  жасалуы  да  жиі  кездеседі. 

Жаңа  сөздер  сын  есім,  көбіне  -лық  жұрнағының  жалғануы  ар-

қылы  жасалынған  зат  есімнен  болады.  Жаңа  сөздер  тілімізге 

интернационалдық терминдер арқылы жəне тікелей орыс тілінен 

аударылмай  да  енеді,  сол  сияқты  тілімізде  өз  баламасын  тапқан 

сөз тіркестері де бар.

Қорыта  келгенде,  біз  тілімізге  сөздер,  сөз  тіркестері  əлемде 

қоғамда болып  жатқан жаңалықтарға сай, жаңа атаулардың пай-

да болуына байланысты еніп отырады демекпіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет