Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет27/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58

-ча, -че жұрнақтарының негізінде 

уподобительный (тастай)

лишительный (ормансыз)

обладательный (тасты)

местоименный (тастағы)

деп, септіктердің санын көбейту арқылы меңгерудің аясын барын-

ша кеңейтіп жібереді [97, 207-219]. Бұл жұрнақтардың сөз тудыру 

қызметінен  гөрі  сөз  бен  сөзді  байланыстыру  қызметі  басым  деп 

біледі. Бұл пікірді Ф.А. Ганиев те қолдайды [98, 74-84]. Біздіңше, 

бұл жұрнақтардың татар тілінде сөз бен сөзді байланыстыру жа-

ғы басым болғанымен, қазақ тілінде сөз тудыру жағы басым. Сон-

дықтан  олар  жұрнақ  есебінде  қарастырылуы  орынды.  Осы  күнгі 

меңгеру туралы жазылып жүрген еңбектерде барыс, табыс, жатыс, 

шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер көбіне зат есім, есімдік не-

месе  затталып  барып  жұмсалатын  сын  есім,  сан  есім,  есімшелер 

ғана  деп  береді.  Бұл  дұрыс  та.  Арнайы  түрде  септелетін  сөздер 

осы  сөз  таптары  екендігі  айқын.  Ол  дау  тудырмаса  екен.  Бірақ 

қазіргі əдеби тілдің материалына жүгінсек, соңғы кезде септелетін 

сөздердің  аясы  əлдеқайда  молайды.  Оның  өзі  жоғарыда  аталған 

сөз  таптарының  онан  əрі  активтенуі  арқылы  десек,  септелмейді 

дейтін  басқа-басқа  сөз  таптары  да  осы  кезде  септеліп  жұмсала-

тын дəрежеге ие болып отыр. Біз бұл арада зат есім, есімдік, сын 

есім, сан есім, есімше сөз таптарының ондай ерекшеліктерін айту-

дан гөрі онан басқа да сөз таптарының төңірегінде сөз қозғауды 

жөн көрдік.

Есімдік  септеледі  дейміз.  Ал  қазіргі  септелетін  есімдіктер 

қатарында  жіктеу  есімдігі  айтылады  да,  ал  қалған  есімдіктердің 

де септелу процесі онша елене бермейді. Сондықтан да меңгеріле 

байланысқан  сөз  тіркестерінде  тек  бағыныңқы  қызметте  жіктеу 

есімдіктерін  келтіруден  ары  аса  алмаймыз.  Барлап  қарасақ, 

басқа  есімдіктердің  де  септелетінін  көреміз.  Мысалы:  Сендер-

мен  қашаннан  ағалы-інілі  болғанмын  (Ж.Жабаев).  Қашанға 



дейін  қамалады  бұл  қоршауда  (С.  Мұқанов).  Содан  кейін  папи-

росынан  көк  түтінді  будақтата  күрсінді  (Ə.  Сəрсенбаев).  Бұған 



дейін  ол  кісінің  айтуынша  мен  ақылды  да,  тəртіпті  де,  саналы 

едім  (Ғ.  Мүсірепов).  Онымен  қашаннан  бері  көңіл  қосты  екен 



291

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

(С. Жүнісов). Ешбірін де ол білмейтін (М. Əуезов). Бірнешені жы-

латып,  қуантқан  неше  талайды  (Ғашық-наме).  Бірақ  бұл  бала  да 

сырын, ойын ешкімге айтпады (М. Əуезов).



Көп,  аз  сөздерінің  септелуі:  Бұдан  соң  екеуі  де  көпке  дейін 

үнсіз  қалды  (С.  Бақбергенов).  Абай,  Əйгерімнің  байқауынша, 

Мағаштың хатын қолы дірілдеп оқып, көпке шейін танып, түсініп, 

бойына сіңіре алмаған тəрізді (М. Əуезов).



Бар,  жоқ  сөздерінің  септелуі:  Төңірегінде  беті  ашық  жатқан 

темір-терсек  жоғына  көзі  əбден  жеткен  (Ə.  Кекілбаев).  Жалғыз-

ақ,  мынау  екі  қаралылар  үшін  ол  жоққа  барабар  (М.  Əуезов). 

Бала-шағаң  бар-жоғыңа  қарамайды  (М.  Мағауин).  Осы  қалпын-

да ол ұрыдан гөрі жоғын іздеумен болып еді («Қазақ əдебиеті»). 

Есеңгіреп  қалған  қазақтар  қолдарында  садақ  бар  екенін  де  ұмы-

тып кеткендей (Ə. Кекілбаев).

Үстеудің  септелуі:  Мысалы,  Ертемен  тұрдағы,  ақбоз  атыңа 

міндағы, құбылаға қарап жүре бер (Ж. Молдағалиев). Жүргінші-

лер  Ералының  қазірде  қуаң  тартқан  шалғынын  біраз  аралап  өтті 

(М.  Əуезов).  Күн  бата  Еркебұлан  келді,  кешеден  бері  Отарбай-

дың  мінезі  тіпті  түсініксіз  болып  кетті  (Ғ.  Мұстафин).  Ертеңіне 

түске жақын Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс 

тысқа шықты (М. Əуезов). Аудандарға жоғарыдан нұсқау беріл-

ген (Ғ. Мұстафин).



Жеке дыбыстардың да септелуі:

«Т» мен «У» де келді деп,

Ту шалқиды желбіреп.

«Е» əрпі «ф» мен көрші екен

Үйлессіз көрші ерсі екен (М. Əлімбаев).

Есімдіктің  септелуі:  Əзірше  мынаны  ала  тұр («Лениншіл 

жас»). Рахым балалардың бəрінен де үлкен (М. Əуезов). Күнім-ай, 



сонша  неге  жүдедің  (М.  Əуезов).  Ушаков  инженерлермен  осын-

да келіп еді (Ғ. Мүсірепов).

Қимыл  есімінің  септелуі:  Сол  бұлақтың  суы  ұрыспай-талас-

пай,  аттарын  суарып  алып,  жөндеріне  жүре  беруге  жетер  ме 

еді? (Ғ.  Мұстафин).  Оншалық  саналы  болуға  əлі  жас  емес  пе? – 

деседі (С. Мұқанов). Баланы оқытуды жек көрмедім (Абай).



Қатыстық  сын  есімнің  септелуі:  Мен  мына  көк  бестіге  мі-

немін (Ғ. Мүсірепов). Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын 

кез (Абай).


292

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Көмекші сөздердің септеліп келуі арқылы:

Көмекші  етістік:  Əйгерім  хаттың  хабары  жайсыз  екенін 

Абай  жүзінен  сезді  де,  сүйек  шкафтан  Абайдың  көзілдірігін 

əперді  (М.  Əуезов).  Жасау  дегеннен  көз  тұнады  (Ғ.  Мұстафин). 

Киімдеріне,  денелеріне  адам  қарап  жібергенде-ақ  жер  қазғандар 



екендерін айтпай-ақ білетіндей (С. Сейфуллин).

Көмекші  есім:  Бұл  Нұра  өзенінің  жағасына  ертеде  орнаған 

поселкалардың  бірі  (Ғ.  Мұстафин).  Көп  іздеген  көмбе  үстінен 

шығады (Мақал).

Модаль  сөз:  Бірақ  жаңағы  Сақабаев  сияқтыларға  сеніп,  етек 

басты болып отырып қала береді (Ə. Нұршайықов).



Қысқарған сөздердің септелуі: Мартен цехында инженер Са-

ғатов  түнгі  құйған  құрышты  ОТК-ға  тапсырайын  деп  жатыр 

екен (С. Шаймерденов). Зер сала тексеру барысында тек арнайы 

септелетін  сөз  таптары  дəрежесінде  болмағанымен,  басқа-басқа 

сөз  таптарының  да  септелу  дəрежесін  көруге  болады.  Кейбір 

септелетін  сөздердің  осы  күнге  дейін  еленбеуі  жəне  кейбір  сөз 

таптарының  бүгінгі  кезде  септелу  дəрежесіне  ие  болуы  арнайы 

қарауды қажет ететін үлкен мəселе.

Сонымен, меңгеріле байланысқан сөз таптарының бағыныңқы 

сыңарларының  бірде  кеңеюі  мен  тарылуы – үнемі  болып  отыра-

тын құбылыс.

Меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңар-

ларының  аясы  сөз  таптары  жағынан  да,  морфологиялық  құрамы 

жағынан да кеңейе түскенін көруге болады.

Шылаулардың  меңгеруі  тек  етістік  сөз  тіркесіне  ғана  телініп 

келеді, əлі де солай. Алайда қазіргі əдеби тілде шылаулы меңгеру 

тек  етістік  меңгеруде  ғана  емес,  есімді  меңгеруде  де  кездесетін-

дігі  айқын  болып  отыр.  Бірақ  олар  сөз  тіркестеріне  қатысты 

жеткілікті  түрде  зерттелмеген.  Дұрысында  олардың  күрделі  сөз 

тіркестерін құраудағы орны ерекше.

Осы уақытқа дейінгі ғылыми əдебиеттерде шылаулы меңгеру 

тек  етістікті  сөз  тіркестеріне  қатысты  делініп  келгендігін  айта 

келіп,  Н.З.  Гаджиева  қазақ  тілінің  материалының  негізінде  құр-

ғақшылыққа  қарсы  күрес,  күзге  салым  уақыт  еді  сияқты  сөз 

тіркестерін дұрыс көрсете келіп, зат есім мен көмекші есімдердің 

түйдектелуі  арқылы  есімді  сөз  тіркестерінің  жасалуын  алғаш 

көрсетті [99, 100-101].



293

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Осы  сияқты  фактілер  тек  түркологиялық  əдебиетте  ғана 

емес, орыс тіл білімінің өзінде де пайда болып келе жатқандығын 

В.В.  Виноградов  алғаш  көрсетсе [100, 51-55], «подарок  сына, 

обед на двоих, человек в пальто, красноречивый до слез» сияқты 

есімді  сөз  тіркестерінің  молая  бастағандығын  Н.Ю.  Шведова  да 

дəлелдей түседі [101, 24]. Осы пікірді жалғастыра келіп, Г.А. Зо-

лотова бұрын тек қана есімдермен ғана тіркесе алатын шылаулы 

сөз  тіркестерінің  негізінде  енді  есімді  шылаулы  меңгерудің  пай-

да болуын, оған əсіресе етістік сөз тіркесінің ықпалын баса көр-

сетеді [102, 89].

Ə. Ибатов сан есім, оның ішінде болжалдық сан есімдер астам, 



жуық,  қаралы,  тарта,  таяу,  шақты  сөздері  арқылы  жасалып, 

оның алдындағы сөз барыс, шығыс септіктерінде келеді

 

[103, 103] 



десе, ал И. Ұйықбаев, А. Ысқақов, К. Аханов, Ғ. Əбуханов ондай 

сөздерді  сан  есімдермен  бірлесіп,  болжалдық  сан  есім  жасала-

ды

 

[104, 121] деп  түсіндіреді,  ал  бірақ  қайсысында  сан  есімдер-



дің қандай тұлғада, қай септіктерде жұмсалатынын айтпайды.

Сан есім туралы арнайы еңбек жазған Ə. Хасенов болжалдық 

шамалық сан есімдерді айта келіп, оның шығыс жəне барыс сеп-

тіктерінде сан есімдерден соң артық, аса, астам, жуық, жақын, 



тарта,  тақау  сияқты  сөздердің  қатысы  арқылы  жасалатын-

дығы, ондай кезде олар бір күрделі мүше ретінде жұмсалатынды-

ғын  жəне  ондай  тіркесті  сөздердің  синтаксистік  қызметі  анықта-

уыш деп көрсетеді [105, 33-37].

Меңгерудің  бұл  түрін  айтқанда  мына  мəселелерге  көңіл  ау-

дару  қажет:  есімді  меңгеруде  қандай  шылаулар  қатысады,  ол 

қандай сөз таптарымен түйдекті тіркес құрайды, олардың басың-

қы сыңары қандай сөз таптарынан жасалады?

Ол  үшін  мына  мысалдарды  талдап  көрейік.  Мысалы:  Диви-

зиямыз жаудың жиырма бес зеңбірегін, бес минометін, отыз бес 

танкісін жойып, мыңға тарта неміс солдаттары мен офицерлерін 

құртты  (Қ.  Қайсенов).  Екі  жүзге  таяу  адам  күндік  жерге  дейін 

желе-жортып  пəуескенің  соңынан  еріп  отырды  да,  біртіндеп 

қала берді (З. Ақышев). Қазақстанда бұл таңда 3848 ұлттық мек-

тептерде  миллионға  жуық  оқушы  оқиды («Лениншіл  жас»). 

Маған  одан  артық  не  керек, – деді  Қасым  тағы  да  қарқылдап 

күліп, күректей алақанын жайған (Ə. Нұршайықов). Сатыр-күтір 


294

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

бірдеңелер біздің жанымызға тақау жерде-ақ қарға сіңіп жатты 

(Ə.  Нұршайықов).  Келтірілген  мысалдарда  курсивпен  жазылған 

тіркестер  шылаулардың  қатысуы  арқылы  жасалған.  Мұндай 

топтағы сөздерді  шылаулы есімді тіркестер деуге болады. Олар 

сол  түйдегімен  сөз  тіркесінің  бір  күрделі  сыңары  қызметінде 

меңгеріле  байланысады.  Бұл  сөйлемдердегі  курсивпен  жазылған 

сөз тіркестерінде негізгі сыңар сөздер мен шылаулар жұмсалған. 

Сонымен,  шылаулы  меңгеруде  бағыныңқы  сыңардың  негізгі 

сөздері  есімдер  мен  үстеу  болып  келеді.  Əсіресе  ондай  кезде 

басқа сөз таптарына қарағанда шылаулармен  сан есімдер көбірек 

қолданылады.  Əзірше  есімді  меңгеруде  жұмсалатын  шылаулар 



жуық, астам, таяу, аса, артық, тарта, тақау. Ондай шылаулар 

барыс  септігін  меңгеретін  (жуық,  таяу,  тарта,  тақау),  шығыс 

септігін меңгеретін (астам, аса, артық) болып бөлінеді. Зат есім-

ді меңгеруге жоғарыдағы шылаулардың барлығы бірдей қатысса, 

басқа есімдерге көбіне гөрі, артық шылаулары қатысты болады. 

Шылаулы сан есімнің меңгерілуі тілімізде бұрыннан бар, ал басқа 

есімді шылаулы меңгерулер кейінгі кездің жемісі деу орынды.

Есімді  меңгеру  құрамында  шылаулар  сияқты  көмекші  есім, 

көмекші  етістіктер  де  жұмсала  береді.  Əдетте  көмекші  есімді 

сөздер тек етістікке ғана қатысты десек, енді ондай сөздер есімді 

де  сөз  тіркесін  құрауға  негіз  бола  алады.  Мысалы,  Құйқалы  құм 

жаз  бойына  елсіз  («Жұлдыз»).  Комбинат  кеңсесінің  алдындағы 

жарнама  ілетін  тақтайдың  қасында  ығы-жығы  халық («Жұл-

дыз»). Бұл сөйлемдердегі жаз бойына елсіз, тақтайдың қасында 

халық  сияқты  сөз  тіркестерінің  аралық  дəнекерлері  бойы,  қасы 

сияқты көмекші есімдер болады да, олар елсіз, халық сияқты зат 

есім,  сын  есімдермен  меңгеріле  байланысқан  есімді  сөз  тіркесін 

құрайды.


Бетіңнен іс етуге ақылың кем,

Бой өсіп, жас жетсе де білмейсің жөн.

Мал, басың ағайынның талауында

Алдамшы осы емес пе дүние деген?

Осындағы  іс  етуге  зат  есімі  е  көмекші  етістігінің  барыс 

септігінде келуі арқылы ақылың кем сөздерімен есімді сөз тіркесі 

жасалған.  Мұндай  фактілер  əсіресе  ырғаққа  құрылған  қалыптас-

қан тіркестер құрамында да көп кездеседі.



295

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Қарқаралы басында жалғыз арша,

Үй үстінде шыбық, т.б.

Мұндай  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңарлары  ретінде  кө-

біне есімдер мен үстеу  жəне  етістік жұмсалады. Кейде ондай есім-

ді меңгеруде шақ, жақ, кез сөздері де жұмсала береді. Бақдəулет 

Байсеркенов ішкен кезінде бауырмалҚазіргі шақта жүргіншілер 

сирек («Жұлдыз»).

Осы сияқты фактілер қазіргі  кезде тілімізде едəуір бар болса 

да,  қазақ  тіл  білімінде  арнайы  зерттеудің  объектісі  болған  емес. 

Сонымен,  есімді  меңгеруді  жасауда  тек  шылаулар  ғана  қатысып 

қоймай,  көмекші  есім,  көмекші  етістік,  модаль  сөздер  де  қатыса 

алады. Бұдан шығатын қорытынды, есімді, оның ішінде көмекші 

есімді меңгеру де тілімізде қалыптаса бастады. Енді шылаулы есім 

меңгеру туралы ғана айтып қоймай, бүкіл көмекші сөзді есімді сөз 

тіркестерін  жан-жақты  зерттеу  қажеттігі  пайда  болды.  Əрине  ол 

көмекші  сөздердің  барлығының  рөлі  іштей  алғанда  бірдей  емес. 

Мұндай  сөз  тіркесінде  көбіне  шылау  мен  көмекші  есімдер  мол 

қолданылса, басқалары сиректеу.

Жалпы  есімді  меңгерудің  басыңқы  сыңары  туралы  зерттеу-

шілер  көбіне  сын  есім,  сан  есім,  есімдіктерді  ғана  атаумен  шек-

телсе, шылаулы есімді сөздерді меңгеретін сөздер саны, құрылымы, 

сөз  табына  қатысы  жағынан  да  оларға  қарағанда  аумағы  кең. 

Проф. М. Томанов ондай сөз тіркестеріне зат есімнің, көбіне ке-

ңістікті ғана білдіретін зат есімдері қатысты десе [106, 14], есімді 

шылаулы меңгеруде барлық зат есімдер қатыса береді. Тіпті, кей-

де септеліп келген шылау сөздер де ондай кезде басыңқы қызмет-

те жұмсала алады. Сол сияқты басқа да сөз таптары да мол жұм-

салады.


Жалпы  ондай  шылаулы  сөз  тіркестерінің  синтаксистік  қыз-

метін  де  нақтылаған  жөн.  Əдетте  меңгеріле  байланысқан  үйге 



дейін барды, орманға шейін жеттік, кітапқа құмар еді дегендегі 

бағыныңқы сыңарлары əрі толықтауыштық, əрі пысықтауыштық 

қызметте  жұмсалатын.  Сондықтан  да  ондай  тұлғалы  тіркестерді 

не толықтауыш, не пысықтауыш деп қана танитынбыз. Енді жо-

ғарыдағы  фактілерді  алсақ,  есімді  шылаулы  меңгерудің  синтак-

систік қызметіне ол принцип келе бермейді. Ондай түйдекті тір-

кесті сөздерге меңгеріле байланысқан тұлғаға қойылатын қайда? 


296

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

неде?  кімде?  сұрауларын  қоя  алмаймыз.  Олар  шылаулы  тұлғада 

меңгеріле  байланысқанымен,  қанша?  деген  сұрауға  ғана  жауап 

береді. Тек осы ерекшелігіне қарап та, ондай шылаулы меңгеруді 

анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі деп қарап таныған 

дұрыс.

10. Сөз таптары, олардың сөз тіркестеріне қатысы

Сөз  тіркестерінің  негізгі  құрылымдық  аясын  дамытуда  сөз 

таптарының  қызметі  ерекше.  Сөз  таптарының  бір-бірімен  тір-

кесінің негізінде сөз тіркестерінің байланысу формасы мен амал-

дары, синтаксистік қызметі мен түрлері айқындалады. Сөйтіп,  сөз 

тіркесінің  өзіне  тəн  синтаксистік  ерекшеліктері  сөз  таптарының 

өзара тіркесі негізінде ғана жүзеге асса керек.

А.А. Реформатский сөз таптары туралы айта келіп былай дей-

ді: «Сөз  таптары – грамматикалық  (бірақ  лексикалық  немесе 

лексика-грамматикалық емес) категориялар, олардың құрамы мен 

орналасуы  əрбір  тілде  басқаша  болады  жəне  олар  өздерінің 

лексикалық  қасиетімен  емес,  морфологиялық  жəне  синтаксистік 

ерекшеліктерінің  жиынтығымен  жəне  мүмкіндіктерімен  айқын-

далады» [107, 324]. Бұл пікірге қарағанда,  əрбір сөздің лексикалық 

мағынасы басты фактор болғанымен, негізгі мəселе етіп олардың 

грамматикалық, яғни белгілі сөйлем мүшесі жəне сөз тіркестері-

нің белгілі сыңары болу жағын баса көрсетіп отыр. Шындығында, 

синтаксис  мəселесі  сөз  таптарынсыз  өмір  сүре  алмаған  да  болар 

еді,  алайда  сөз  таптарының  лексикалық  жағынан  ғана  объектіге 

алынуы, оларды жан-жақты қарастыруға мүмкіндігі де бар екен-

дігі айқын. Жалпы алғанда морфология мен синтаксис тығыз бай-

ланысты, бірін-бірі əртүрлі жағынан толықтыра келіп, үлкен жүйе 

құрайтыны белгілі.

Сөз тіркесін құрастыруда басты тұлға – сөз таптары. Сөз тір-

кесі  сөз  табы  мен  сөз  табының  грамматикалық  байланыста  болу 

негізінде  қалыптасады.  Осыдан  барып  сөз  тіркесі  негізінде  сөз 

табы  мен  сөз  табының  тіркесі  арқылы  ғана  жүзеге  асады,  сол 

арқылы  жоғарыда  айтылғандай,  олардың  өзара  қарым-қатынасы 

пайда  болады.  Бірақ  бұл  жерде  мынаны  да  ескерген  жөн.  Сөз 

тіркесі  кез  келген  екі  сөздің  тіркесі  ме?  Олай  болған  жағдайда 



297

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

дербес  мағынасы  бар  сөз  таптары  мен  дербес  мағынасы  жоқ  сөз 

таптарының арақатынасы қалай деген сұрау туады.

Шындығында,  сөз  тіркестерінің  əрбір  сыңарын  құрау  үшін 

сөз таптарының дербес мағынасы бары да, дербес мағынасы жоғы 

да  бірдей  қатыса  береді.  Қалайда  сөз  тіркестерінің  əрбір  сыңа-

рының құрамында ол екі топ сөздер де бола беруі мүмкін.

Бірақ дербес мағыналы сөз таптары мен дербес мағынасы жоқ 

сөздердің  сөз  тіркестерінің  сыңарын  құрау  жағынан  келгенде 

өзіндік айырмашылығы бар. Сөз тіркесі негізінде грамматикалық 

та,  мағыналық  жақтан  да  өзара  қатысты  тек  толық  мағыналы 

сөздерден  құралуы  керек.  Сондықтан  да  сөз  тіркесінің  əрбір 

сыңары  болуда  лексикалық  мағынасы,  морфологиялық  тұлғасы 

мен синтаксистік қызметі бар зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, 

етістік, үстеу, еліктеуіш сөздері сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары, 

не басыңқы сыңарлары болуында өзіндік ерекшеліктері бар. Мы-

салы, үстеу, еліктеуіш сөздер сөз тіркестерінің көбіне бағыныңқы 

сыңарында  бірде  басыңқы  сыңарда  да  жұмсала  береді.  Əсіресе 

ондай кезде басыңқы сыңарда көбіне зат есім мен етістік ерекше 

қызмет атқарады.

Толық  мағынасы  жоқ  сөздер  де  сөз  тіркесін  құрауға  қатыса-

ды дейміз. Бірақ олардың сөз тіркесіне қатысы сатылы дəрежеде 

айқындалса  керек.  Өйткені  көмекші  сөздер  сөз  тіркесінің  жеке 

бір сыңары қызметінде жұмсала алмайды, олар толық мағыналы 

сөзбен  түйдекті  түрде  ғана  сөз  тіркесінің  не  бағыныңқы,  не  ба-

сыңқы сыңары ретінде қолданылады. Сөйтіп, көмекші сөздер сөз 

тіркестеріне  тек  басқа  сөздердің  құрамында  келуі  арқылы  ғана 

қатыса алады.

Жоғарыда  аталған  жеті  сөз  табының  негізінде,  яғни  олардың 

бірімен-бірінің  өзара  грамматикалық  байланысының  негізінде 

əртүрлі конструкциялы сөз тіркестері пайда болады. Осы кезде сөз 

таптарының сөз тіркесін құрауда өзара мағыналық байланысы да 

шешуші қызмет атқаруы тиіс.

Əрине,  осы  кезге  дейінгі  ғылыми  əдебиеттерде  негізінен  сөз 

тіркестері  сөз  таптарының  өзара  тіркесі  негізінде  құралатынды-

ғын  айта  келіп,  əсіресе  қабыса  байланысқан  сөз  тіркестерінде 

олардың  сыңарлары  туралы  біраз  сөз  болады.  Сөз  тіркестерінің 

жасалуында  мұндай  ішкі  ерекшеліктен  гөрі  алдымен  олардың 



298

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

негізгі басты критерийлерін ашу, айқындау қажет сияқты. Тілдегі 

сол  жеті  сөз  таптарының  сөз  тіркесінің  əрбір  сыңарын  құрауда 

негізінде  мынадай  заңдылықтарға  сүйенуге  болады.  Ол  үшін  əр-

бір  сөз  тіркесінің  қай  сөз  таптарынан  жасалатындығын  былай 

топтамақпыз:

1. Əр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері.

2. Бір сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері.

3. Бір сөздің қайталануы негізінде жасалған сөз тіркестері.

Сөз тіркесінің аясын құрайтын сөз таптарын осы үш бағытта 

қарастырудың  практикалық  та,  теориялық  та  маңызы  бар  деп 

білеміз.


Сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарын құрауда негізін-

де осы үш топтың ішінде ең негізгісі – əр сөз табының негізінде 

қалыптасқан сөз тіркестері. Əр сөз табының негізінде қалыптасқан 

сөз  тіркестерінің  өзін  іштей  бірнеше  топқа  бөлуге  болады.  Сөз 

тіркесін  құрайтын  сөз  таптары  негізінде  сөйлем  мүшелерін 

құрауға да негізгі фактор екендігі айқын. Сонда сөз таптары – əрі 

сөз тіркестерінің сыңарлары үшін де, əрі сөйлем мүшелері үшін де 

басты фактор.

Сөйлем  мүшелерінің  ішінде  ең  негізгісі  бастауыш  пен  баян-

дауыш  екендігі  белгілі.  Сол  екі  сөйлем  мүшелерінің  негізінде 

басқа  да  сөйлем  мүшелерінің  табиғаты  айқындалса  керек.  Мы-

салы,  бастауышқа  көбіне  анықтауыш  қатысты  болса,  ал  пы-

сықтауыш  пен  толықтауыш  баяндауыш  арқылы  өрбиді.  Міне, 

сөйлем мүшелеріндегі осы заңдылық сөздердің өзара тіркесіне де 

ортақ.

Жалпы сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарларын құ-



райтын сөз таптары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, 

еліктеуіш сөздер, үстеулердің іштей өзара қатысы, ондай кездегі 

жігі барлығы білініп тұрады.

Жалпы  сөз  тіркесін  құрауда  сөйлем  мүшелеріндегі  бастауыш 

пен  баяндауыш  қандай  рөл    атқарса,  сол  бастауыш  пен  баянда-

уыш болатын (сөйлем мүшелері қызметіндегі басқа да сөз тапта-

рын айтпағанда) зат есім мен етістік те ерекше қызмет атқарады. 

Ол  сөз  таптарының  төңірегіне  басқа  да  бірнеше  сөз  таптары  ба-

ғыныңқы  қызметте  жұмсалады.  Сол  негізде  өзара  бірнеше  сөз 

тіркестері пайда болып отырады.



299

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Зат  есім – əртүрлі  категорияға  бай  сөз  табы.  Сол  заттың  əр-

түрлі сыны, саны, қимылдық сапасы, алыстығы, жақындығы, т.б. 

қасиеттері  тек  сын  есім,  сан  есім,  есімдік,  есімшелер  арқылы 

айқындалса керек. Міне, сондықтан да ол көрсетілген сөз тапта-

ры  тек  зат  есімге  қатысты  есімді  сөз  тіркестерін  құрауға  себеп 

болады. Мысалы:

1. Жұмсақ иегінің астында жұқа ғана бір толқындай боп, нəзік 



бұғағы білінеді (М. Əуезов).

2. 1965 жылы  мектеп-интернаттардағы  оқушылардың  саны 

кемінде 2 миллион 500 мың  адам  болды («Социалистік  Қазақ-

стан»).


3. Мұнда барлық ел боп қуанып қарсы алды (М. Əуезов).

4.  Келген  адам  шайға  отырмай,  не  шұбат  ішпей  кетпейді 

(Ғ. Мұстафин). Міне, осы сөйлемдердегі нəзік сын есім, 2 миллион 

500 мың – сан есімі, барлық – есімдік, келген – есімше өздерінің 

затқа  қатыстылығымен  бір  топ  сөз  тіркесін  құрайды.  Осылайша 

біраз сөз табы етістікке қатысты жұмсалу барысында олар да сөз 

тіркесінің үлкен тобын құрайды. Мысалы:

1. Қазір менің балаларым қайтып келе қалса, мен оларды қо-

раға кіргізбес едім (М. Шолохов).

2.  Бұл  жолы  ол  əрі  ұзақ  ұйықтады,  əрі  тыныш  ұйықтады 

(В. Катаев).

3. Елшілікке барарда,

Тайқасқаға мінерде,

Есекем бір келгенде үш келді (Бекет батыр).

4.  Аюкенім  бетін  жастыққа  басып,  солқ-солқ  жылап  отыр 

(Ə. Омаров).

Міне,  осындағы  қазір,  солқ-солқ,  тыныш,  ұзақ  жəне  үш,  т.б. 

сөздері  келіп  қалу,  ұйықтау,  келу,  жылап  отыру  етістіктеріне 

қатысты  ғана  жұмсала  алады.  Міне,  осыдан  барып  етістікке  қа-

тысты  сөздердің  тобы  немесе  етістікті  сөз  тіркестері  қалыпта-

сады.


Əрине,  бұл  зат  есімге,  етістікке  қатысты  сөздер  қалайда  ол 

сөздермен тарихи қатынасының негізінде қалыптасады. 

Меңгеріле,  матаса  байланысқан  сөз  тіркестерінде  де  қабыса 

байланысқан  сөз  тіркестері  сияқты  бұларда  да  өзіндік  қатыс-

ты  сөздер  тобы  анықталады.  Мысалы: 1. Балалы-шағалы  жұ-


300

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

мыскерлерге  арналып  салынып  жатқан  бір  барақ  бар  еді 

(А.  Макаренко). 2. Тап  ортада  сегіз  қанат  үйдің  кеудесі  биік  ке-

сек күмбезбен көтерілген (М. Əуезов).

Міне,  осы  сөйлемдердегі  жұмыскерлерге,  үйдің  барыс,  ілік 

жалғаулы  сөздері  тек  мағыналық  байланыста  ғана  өзі  қатысты 

сөздермен  белгілі  дəрежеде  сөз  тіркестерін  құрайды.  Сонымен, 

бағыныңқы,  басыңқы  сыңарлары  əртүрлі  сөз  таптарынан  құрал-

ған  сөз  тіркестері  қабыса,  матаса,  меңгеріле  байланысқан  сөз 

тіркестерін құрай келіп, олардың өзі іштей бірнеше кіші топтарға 

бөлінеді:

Меңгеріле  байланысқан  есімді  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы, 

басыңқы сыңарлары:

1. Зат есім

2. Сын есім 1. 

Зат есім

3. Сан есім 2. 

Сын есім

4. Есімдік 3. 

Сан есім

5. Есімше 4. 

Есімдік

6. Үстеу


7. Негізгі сөздер – көмекші сөздер

8. Тұрақты тіркес

Қабыса  байланысқан  етістікті  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы 

сыңарлары:

1. Үстеу

2. Сын есім 

3. Сан есім                            Етістік 

4. Көсемше

5. Еліктеуіш сөз

6. Зат есім

7. Есімдік

8. Есімше – көмекші сөз

9. Негізгі сөздер мен көмекші сөздер

10. Тұрақты тіркестер

Матаса  байланысқан  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы,  басыңқы 

сыңарлары:

1. Зат есім

2. Есімдік

3. Сын есім


301

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

4. Сан есім

5. Есімше                              Есімдер

6. Қимыл есімі

7. Негізгі сөздер – көмекші сөздер

8. Тұрақты тіркес – етістік.

Мысалы, Өткеннің жақсысы, жаманның бүгіні өлшеуішімен 

өлшенеді (Ғ. Мұстафин). Сұлулықтың көрмесі, қуаныштың жəр-



меңкесі  ашылды («Қазақ  əдебиеті»).  Қол  тиірменнің  қай  түйеге 

артылғанын Жұманның өзі ғана білетін еді (Ғ. Мүсірепов).

Меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы,  ба-

сыңқы  сыңарлары:  барыс,  табыс,  жатыс,  шығыс  жəне  көмектес 

жалғаулары арқылы келеді:

Зат есім

Есімдік


Сын есім 

а) есімдер

Сан есім  

ə) етістіктер

Есімше  

б) есім мен көмекші етістіктер

Негізгі сөздер – көмекші сөздер

Тұрақты тіркес

Міне,  бұған  қарағанда,  əртүрлі  сөз  таптары  арқылы  құралған 

сөз тіркестерінің аясы кең əрі бұлардың модельдері мол-ақ.

Осы көлемде болмағанымен, бір сөз табы арқылы құралған сөз 

тіркестері  де  тілде  едəуір  орын  алады.  Мұндай  сөз  тіркестерінің 

бағыныңқы,  басыңқы  сыңары  да  тек  бір  сөз  табынан  ғана  жаса-

луы керек. Мұндай сөз тіркестері көбіне зат есім мен зат есімнің, 

етістік пен етістіктің тіркесі арқылы жасалады.

1.  Зат  есім  мен  зат  есімнің  тіркесі.  Əрине  бұл  тақырып  ар-

найы  зерттелінгеннен  бері  белгілі.  Бірақ  бұл  жұмыста  тек 

қабыса  байланысқан  сөз  тіркестері  ғана  сөз  болды.  Ал  зерттей 

келгенімізде, зат есім тіркесі бірнеше байланысу формасында ке-

летіндігін  көруге  болады.  Оған  зат  есімдердің  морфологиялық 

жағынан  өзгеруге  бейім  екендігі  де    əсер  етсе  керек.  Ол  үшін 

мына мысалды талдадық:

1.  Ол  Мағаштың  əкесіне  жазған  аса  бір  ауыр  сыры  бар  хат 

еді (М. Əуезов).

2. Сүйіндік ұсталары істейтін қамар белбеу, күміс ер-тоқым-

ның да көкесі осында көрінеді (Ғ. Мұстафин).


302

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

3.  Аяқтарында  керзі  етік,  қолдарында  темір  күрек.  Қыз-

келіншек қырманда, қолында күміс күрегі («Қазақ əдебиеті»).

4.  Ертеңіне  түске  жақын  Абайды  жолға  аттандырғалы 

жақындары тегіс тысқа шықты (М. Əуезов).

5. Піу, шайтан. Тіпті кейіп тұрып айтып еді (Ғ. Мұстафин).

6. Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сəулесі 

бар тас шам жанып тұр (М.Əуезов).

7.  Мынау  ағаш  үйлер  Торсан  мен  оның  балаларынікі, – деді 

Болатбай (С. Мұқанов).

Міне, осы сөйлемдерде

а) қамар белбеу



     күміс ер-тоқым

ə) Мағаштың əкесі

б) аяқтарында керзі етік

     қолдарында темір күрек

     қолында күміс күрегі

в) қонақ үй



ағаш  үй  сияқты  тек  зат  есімнен  ғана  құралған  сөз  тіркестері 

бар.  Олар  өзара  мынадай  байланысу  формаларында  келіп  тұр. 



Қонақ үй, ағаш үй сөз тіркестері қабыса байланысқан сөз тіркес-

терін құраса, Мағаштың əкесі матаса, ал аяқтарында керзі етік, 



қолдарында  темір  күрек,  қолында  күміс  күрегі  сөз  тіркестері 

меңгеріле  байланысқан  есімді  сөз  тіркестерін  құрап  тұр.  Соны-

мен,  зат  есім  мен  зат  есімнен  құралған  сөз  тіркестерінің  өзі  қа-

быса, матаса жəне меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрай-

тындығын көруге болады. Бұл сөз тіркестерінің əрқайсының жа-

салуында өзіндік ерекшеліктері бар.

Соның  ішінде  зат  есім  мен  зат  есімнің  анықтауыштық  қа-

тынаста  қабыса  байланысуы  əдеттегі  сын  есім,  сан  есімдердің 

анықтауыштық  қатынаста  қабыса  байланысына  қарағанда  өзін-

дік ерекшелігі бар. Негізінде қонақ үй, ағаш үй дегендегі қабыса 

байланысқан  зат  есімді  сөз  тіркестері  бірден  қалыптаспаса  ке-

рек.  Олар  сын  есім,  сан  есімдердің  тіркесіне  қарағанда  кейін 

қалыптасқан.  Қонақ  үй  сөз  тіркесі  қонаққа  арналған  үй  сияқты 

қалыпта  айтылып,  келе-келе  тілдік  экономияға  байланысты  нор-

маланған  болуы  керек.  Мұндай  сөз  тіркестері  тілдік  экономия 

бойынша  екі  зат  есімнің  арасындағы  дəнекер  етістік  сөздерінің 



303

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

түсірілуіне  байланысты  тілде  осындай  өзгерістерге  ұшырап 

отыр. Біріншіден, қонаққа арналған үй дегендегі екеуіне дəнекер 

етістіктер  түсіріліп  айтылу  арқылы  қонаққа  үй  болып  меңгеріле 

байланысқан  есімді  сөз  тіркесі  қалыптасуы  тиіс  еді.  Бірақ  бұл 

жерде қонаққа үй деген есімді сөз əдеттегі қолында күрек сияқты 

меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестеріндей мағыналық жа-

ғынан  келе  бермейді,  сондықтан  да  сол  қалпында  өзара  сөз  тір-

кесін құрай алмайды.

Екіншіден,  қонаққа  үй  екі  сөзінен  нақтылы  айқын  сөз  тір-

кестерін  құрау  үшін  тағы  да  тілдік  экономияның  əсері  болып 

отырған  сияқты.  Егер  алғашқыда  етістіктің  түсірілуі  айқын  бо-

лып  келсе,  келе-келе  қонақ  сөзінің  барыс  жалғауының  да  түсі-

рілуі  ауызекі  тілде  пайда  болып  отыр.  Сонда  табиғи  нормадағы 



қонаққа  арналған  үй,  ағаштан  жасалған  үй  тіркестерінен  енді 

қонақ үй, ағаш үй сияқты зат есім мен зат есімнен құралған, сөз 

тіркестері  өзара  мағыналық  жағынан  ғана  байланыса  алатын  сөз 

тіркестері қалыптасып отыр. Олар қазіргі кезде жан-жақты даму 

үстінде.


Матаса  байланысқан  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңары 

əртүрлі  сөз  таптарынан  болатындығы  жоғарыда  көрсетілді.  Ал 

зат  есім  мен  зат  есімнен  құралған  матаса  байланысқан  сөз  тір-

кестері  баршылық.  Зат  есім  мен  зат  есімнің  тіркесі  кезінде  ба-

ғыныңқы,  басыңқы  сыңарлары  тек  зат  есім  болуы  тиіс.  Ондай 

кезде зат есімнің өзі

жалқы есім

жалпы есім

негізгі

туынды


абстракт

конкретті түрде де жұмсала береді. Мысалы, Мен жүрегімнің 



отын  да,  өмірімнің  мазмұнын  да  сонан  кейін  жасадым.  Сөйтіп 

ащы,  көңілсіз  күндердің,  жылдардың,  ғасырлардың  дəстүрін 

бұзды (С. Ерубаев). Абайдың кəрі əжесі мен өз шешесінің бірге 

тұратын үйі осы еді (М. Əуезов).

Осы  тəріздес  меңгеріле  байланысқан  есімді  сөз  тіркестері  де 

зат есім мен зат есімнің тіркесі арқылы жасалады.

Бір  сөз  таптарының  негізінде  құралған  сөз  тіркестерінің  ең 

үлкен  көлемді  түрінің  бірі – көсемше  мен  етістіктің  тіркесі  деп 



304

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

білеміз. Көсемшенің етістікпен тіркесі тек синтаксистік оқулықта 

біршама айтылды [108], ол ерекшеліктер төмендегіше:

Көсемше  бағыныңқылық  сөйлемнің  баяндауышы  көрінетін 

жігі;

Ондай  кездегі  дербес  мағынасы  бар  көсемшеге  көсемше  тұл-



ғалы көмекші етістіктердің тіркесінің əсері;

Көсемшенің етістікпен тіркесінің мағыналық топтары;

Ондай  тіркестердің  тіркесу  қабілеті,  көсемшенің  етістікпен 

тіркесінің  қалыптасу  тарихы,  т.б.  мəселелері  арнайы  зерттеуді 

қажет етеді.

Шартты  рай  тұлғалы  етістікпен  етістіктің  тіркесі.  Ол  туралы 

жəне  бір  сөздің  қайталануы  арқылы  қалыптасқан  сөз  тіркестері 

туралы осы еңбекте жеке-жеке тақырыптарды қараңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет