Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Макарон өнімдерінен әзірленген тағамдар



Pdf көрінісі
бет68/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

8.5.
Макарон өнімдерінен әзірленген тағамдар
Макарон өнімдерінен әртүрлі пісірілген тағамдар жасайды. Бірақ 
тағамдардың қатары үшін оларды аз мөлшердегі суда алып тастамай 
қайнатады: 1 кг құрғақ макарон не кеспеге (вермишель) 2,2-3 л су. 
Жұмыртқамен пісірілген макарон. Шикі жұмыртқаларды салқын 
сүтпен араластырып, тұздайды. Бұл қоспаны піскен, май қатылған 
макарондарға құйып, май жағылған таба немесе жайпақ табаға салып, 10 
минут ішінде пісіреді. Берер алдында май құяды. 
Ірімшікпен пісірілген макарон. Маймен дәмделген піскен макаронды 
үлеспелі табаға салып, үгілген ірімшік сеуіп, май сеуіп, қызарған қабықша 
пайда болғанша пісіреді. Берер алдында май құяды. 
Макарон пісірмесі. Макаронды сүт пен су қоспасында немесе судың 
өзінде қайнатып, шығарып тастамай, аз мөлшердегі сұйықтықпен (1 кг 
құрғақ макарон өніміне 2,2 л сұйықтық және 30 г тұз) пісіреді. 70-60°С-қа 
дейін салқындатылған макарондарға қантпен шайқалған жұмыртқаларды 
салып, араластырып, май жағылған жайпақ табаға салып, кепкен нан себеді 
де пісіреді. Берер алдында май құяды. 
Ірімшік қосылған кеспе. Кеспені немесе макарондарды не болмаса 
вермишельді шығарып тастамай қайнатып алады. Езілген сүзбені шикі 
жұмыртқалармен, тұз және қантпен араластырады. Қоспаны піскен макарон 
өнімімен біріктіріп, май жағылған, кепкен нан себілген жайпақ табаға 
салады. Үстіңгі қабатына қаймақ жағып, май сеуіп, пісіреді. Кеспені маймен 
немесе қаймақпен береді. 


 
Бақылау сұрақтары 
1. 
Аз мөлшердегі маймен қуырылған көкөністерді дайындаудың 
сұрыпталымдары мен технологиясы қандай? 
2. 
Шыжып тұрған майда дайындалған көкөністердің технологиясы мен 
сұрыпталымдары қандай? 
3. 
Котлеттер мен картопты крокеттерді қалай әзірлейді? 
4. 
Сәбізді, қырыққабатты, қызылшалы котлеттерді қалай әзірлейді? 
5. 
Турамамен толтырылмай пісірілген көкөністерді әзірлеудің 
сұрыпталымдары мен технологиясы қандай? 
6. 
Турамамен толтырылып пісірілген көкөністерді әзірлеудің 
сұрыпталымдары мен технологиясы қандай? 
7. 
Көкөністі пісірмелерді әзірлеудің сұрыпталымдары мен технологиясы 
қандай? 
8. 
Ботқадан өнімдердің қандай сұрыпталымдарын жасайды? Үзбе кеспе және 
жармалы котлеттерді дайындаудың технологиясын сипаттап беріңіз. 
9. 
Жармалы пісірмелер мен пудингтерді қалай әзірлейді? 
10. 
Пісірілген бұршақтылардан тағамдардың қандай сұрыпталымдарын 
жасайды? 
11. 
Пісірілген макарон өнімдерінен тағамдардың қандай сұрыпталымдарын 
жасайды? 
12. 
Макарон өнімдерінен пісірілген тағамдарды қалай әзірлейді? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет