Тапсырма 20жасар жігіт алдыңғы тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданады және оны бала күнінде байқаған. Қарап тексергенде: жоғарғы орталық күрек тістерінің анатомиялық пішіні өзгерген, тіс сауыты бөшке тәріздес



бет13/29
Дата24.03.2023
өлшемі84,14 Kb.
#76002
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Тап
сырма №76
50жасар ер адам төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың ұшында кір –сұр түсті некроздалған масса көрінеді. Тісті қағып тексергенде ауырмайды. Ауызішілік нысанды рентгенограммада- тістің дистальді түбір ұшы маңындағы периодонтальді саңылау бірқалыпты кеңейген.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?
А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
В) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы
С) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі
+Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
Е) Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі
77 Тапсырма.
Ю. Науқас тісінің сыздап ауыратынына, тістеген кезде ауру сезімі ұлғая тусетінін айтып шағымданады. Қарап тексергенде 36 тісте тіс қуысымен байланыспаған тісжегі қуысы байқалады . Сүңгілеп тексергенде аурырмайды, қағып тексергенде ауру сезімі байқалады. Өтпелі қатпар, кілегейлі қабығы өзгермеген. Науқастың жағдайы өзгермеген,сипап тексергенде лимфа түйіндерінде ауру сезімі жоқ. Температуралық тітіркігіштерге сезімталдығы жоқ. Электр қозғыштығы -100 мкА жауап бермейді. Рентген суретте периодонт саңылауында өзгеріс жоқ. Жалпы қан анализінде өзгерістер жоқ.Осы клиникалық қөрініс қай аурудың диагнозына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
а)Ұлпаның жедел қабынуы
б)Периодонтың жедел қабынуының улану сатысы
в)Периодонтың жедел қабынуының жалқықты сатысы
г) Периодонтың созылмалы қабынуының өршуі
д)Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі
78 Тапсырма
Периодонттың жедел қабынуының клиникалық көріністері тіс тіндерінде болатын әртүрлі қабыну үрдістеріне ұқсас. Сондықтан периодонттың жедел қабынуын төменде берілген аурулардың қайсысымен НЕҒҰРЛЫМ салыстырмалы диагностика жүргізу қажет?
а)Ұлпаның жедел толық қабынуы
+б)Ұлпаның жедел ірінді қабынуы
в)Ұлпаның созылмалы қабынуынын өршулері
г)Жедел гайморит
д)Жедел дамыған терең тіс жегі
79 Тапсырма
Науқас тұрақты қатты сыздайтың ауру сезіміне шағымданады. Тісі басқа тістерге қарағаднда биіктеу көрінеді. Тілімен тіске тиіп кеткенде ауру сезімі ұлғая түседі. Бұрын анамнезінен 15 тісінің тісжегімен емделгендігі анықталды. Таңертең тістің өсіп кеткені тәрізді сезім байқалған. Науқастың жалпы жағдайы өзгерген, басы ауырып,. дене қызуы 37,6С. көтерілген. Бет аймағынын ассиметриясы байқалады. Тістін жанындағы өтпелі қатпарларынын кілігейлі қабығы тегістелген,ісінген, қызарған,сипап тексергенде ауру сезімі байқалады. Тісте пломба бар, қағып тексергенде қатты ауру сезімі байқалады.. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауру сезімі бар.ТЭҚ – 100 мкА жоғары. Рентген суретте - альвеола өсіндісі айқын емес. Осы клиникалық көрініс қай аурудын диагнозына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
а)Ұлпаның жедел қабынуы
+б)Периодонттың жедел қабынуының жалқықты сәтысы
в)Периодонттың жедел қабынуынын улану сатысы
г)Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы
д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
80 Тапсырма
Науқас жоғарғы оң жақ жағында тісінің қатты аурыратынына, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде – беттің оң жағындағы жұмсақ тіндердің ісінуінен беттінің ассиметриясы байқалады. Осы ауруға тағы қандай симптом тән?
Төмендегі атап кеткен симптомдар , қандай ауруға ТЕК ҚАНА сәйкес емес?
а) Өсіп кеткен тіс сезімі
б) Тұрақты сыздаған ауру сезімі
в) рефлекторлы птиализм
г) Крейн симптомы
д)Рентген сүретте өзгерістері жоқ
81 Тапсырма:
Дәрігер стоматолог науқасқа тісті емдеу кезінде жансыздандыру әдісінін өткізіп, жартылай егеп, тіс сауытын ашып, түбір өзегінен кезеңімен ұлпаны алып, апикальді тесігін кеңейтіп , жуып шайып, кептірді. Тісті ашық қойды. Ауызын шайқауға, булауға , УЖЖ және жалпы емдеу дірілерді көрсеткіштеріне қарай ұсынды. Осы атқарған емдеу шараларын , НЕҒҰ РЛЫМ қандай периодонттын қабынуларында бірінші кезенінде жүргізеді?
а)Периодонттын жедел қабынуының , жалқықты сатысы
б) Периодонттың созылмалы қабынуынын өршуі
в) Периодонттың созылмалы гранулденген қабынуы
г) Периодонттын жедел қабынуынын улану сатысы
д) Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы
82 Тапсырма:
Дәрігер стоматолог жансыздандыру әдісін өткізіп, тісті еген тазалады, ұлпа сауытын ашты, түбір өзегінен өлеттенген ұлпаны алды, өзектердін сағасын кеңейтті, түбір өзегін crown down тәсілін қолданып кеңейту жүргізді, түбір өзегін гипохлорид натрий ерітіндісімен эндодонтық шприцті қалдана отырып медикаментозды өңдеу жүргізді. Түбір өзегінде антисептик немесе ферментпен білік қойылып тіске уақытша пломба қойып қалтырды.
Осы ұсынған ем шараларын НЕҒҰРЛЫМ кандай периодонт қабынуында бірінші қабылдау кезеңде атқарады?
1)Периодонтттын жедел қабынуының , жалқықты сатысы
2)Периодонттың созылмалы қабынуынын өршуі
3) Периодонттың созылмалы гранулденген қабынуы
4)Периодонттын жедел қабынуларынын , улану сатысы
5) Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет