Тапсырма 20жасар жігіт алдыңғы тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданады және оны бала күнінде байқаған. Қарап тексергенде: жоғарғы орталық күрек тістерінің анатомиялық пішіні өзгерген, тіс сауыты бөшке тәріздес



бет10/29
Дата24.03.2023
өлшемі84,14 Kb.
#76002
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Тапсырма №64
18 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14 тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады.
Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

  1. Ауыру тарихын жинау

  2. Сипап тексеру

  3. Қағып тексеру

  4. Рентгенография

  5. +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Тапсырма №65
18 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады, суыққа ұзаққа созылатын реакциясы бар.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

  1. +Ұлпаның жедел толық қабынуы

  2. Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

  3. Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысы

  4. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

  5. Жедел дамыған терең тісжегі

Тапсырма №66
16 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны ауырады, өтпелі қатпардағы кілегей қабық өзгермеген, сипап тексерегенде ауырмайды.
Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?
А) Девитальді экстирпация әдісі
В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс
С) Девитальді ампутация әдісі
+Д)Витальді экстирпация әдісі
Е) Консервативтік әдіс
Тапсырма №67
33жасар әйел адам ас қабылдағаннан кейін ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде : 25 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы анықталады, ашылған ұлпа мүйізшесін сүңгілеп тексергенде қатты ауырады, ұлпа қанайды.
Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?
А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы
В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
С) Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы
Д) +Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет