5
желілеріне электрмен жабдықтауды токтату арқылы техникалық қызмет көрсету және
тұтынушыларды үздіксіз электрмен қамтамасыз ету қажеттілігі арасындағы сәйкессіздікті жою үшін
кернеумен жұмыс жүрізуге қажеттілік пайда болды. 1953 жылы Аньшань электрэнергетикалық
бюросы электр тарату желілерін немесе жабдықтарын және электр сымдарын тазалау, ауыстыру,
орнату және бөлшектеу үшін қарапайым құралдарды сәтті әзірледі. 1954 жылы 3,3 кВ кернеумен
тұрған электр желісінде траверс тіреулерді, ағаш тіреулерді және оқшаулағыштарды ауыстыруда
жетістіктерге қол жеткізілді. 1956 жылы 44-66 кВ электр тарату желілерінде ағаш тіреулерді, траверс
тіреулерді және оқшаулағыштарды ауыстыру жүзеге асырылды. 1957 жылдың соңында кернеумен
тұрған 154-220 кВ электр жеткізу желілерінде оқшаулағыштарды ауыстыруға арналған құрал-
жабдықтар жинағы әзірленді, 3,6-66 кВ кернеудегі желілерде жұмыстарды орындау үшін арналған
құралдар жиынтығы жетілдірілді. 1958 жылы Шэньян орталық зертханасында кернеумен тұрған
электр тасымалдау желілерімен немесе электр жабдықтарымен адам денесінің тікелей байланысы
қайтадан зерттеле бастады және сынақ алаңында дененің кернеумен тұрған 220 кВ желіге тікелей
жанасуына алғаш рет эквипотенциалдық сынақ жүргізілді.
Барлық алынған тәжірибе Қытайда кернеумен тұрған желілер мен жабдықтарда жұмыс
жүргізілуінің дамуына және кеңінен таралуына мазмұнды және техникалық негіз қалады.
1959–1966 жылдары кернеумен жұмыс жүрізу түрлі өңірлердегі ірі және орта электрмен
жабдықтау кәсіпорындарының кернеумен тұрған электр тасымалдау желілерінде жұмыс жүрізу
рәсімдерін әзірлеуіне байланысты кеңінен таралды. Қашықтықта жұмыс жүрізуден және
потенциалдарды теңестіру арқылы жұмыс жүрізуден бастап кернеумен тұрған оқшаулағыштарды
жууға дейінгі техникалық қызмет көрсету әдістері әзірленді. Ұстап тұруға, тартуға және іліп қоюға
арналған қадалар сияқты бірегей берік құралдардан бастап, тростар мен тасымалданатын құралдарға
дейінгі жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған құрал-саймандар әзірленді. Жұмыс
операциялары кернеумен тұрған сымдарды және найзағай таратқыштарды ауыстыру сияқты
салаларда
болғандықтан, бұл құрал-саймандар кез-келген комбинацияда болуы мүмкін еді.
1968 жылы Аньшань электрэнергетикалық бюросы 220 кВ электр тасымалдау желісіндегі
оқшаулағыштардың екі керме тізбегінің бойындағы потенциалға қолжетімділік бойынша сынақ
жүргізді.
1977 жылы бұрынғы Су ресурстары және электр энергиясы министрлігі кернеумен жұмыс
жүрізу әдістерінің қауіпсіздігі үшін кернеумен тұрған желілерде жұмыс жүрізуді
Электр қауіпсіздігі
жөніндегі нұсқаулыққа енгізді. 1980-жылдардың соңында кернеумен жұмыс жүргізу дамудың жаңа
кезеңіне өтті.
Алайда 90-жылдардың басында Қытайдың әлеуметтік экономикасы тез, жылдам және орнықты
дамуды бастан кешті және осыған байланысты электр энергиясына сұраныс күрт өсті. Электр
қуатының көздері және электр желілері саласындағы құрылымдық
проблемалар энергиямен
жабдықтау мен электр энергиясына деген сұраныстың арасындағы сәйкессіздіктің туындауына себеп
болды және көптеген өңірлер энергиямен қамтамасыз етуді нормалай бастады.Сәйкесінше,
техникалық қызмет көрсету және құрылыс көптеген токсыздандырылған орташа
және төмен кернеулі
тарату желілерінде жүргізілді және кернеумен қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізу тек қана
электр тасымалдау желілерінде және трансформаторлық жабдықтарда жүргізілді. Орташа және
төмен кернеуі бар тарату желілеріндегі кернеумен жұмыс жүрізу бірнеше жыл бойы тоқтатылды.
1990- жылдардың соңында электр желілері мен электр станцияларының құрылысы дамыған кезде
электр желілерінің және электр қуаты көздерінің құрылымы негізінен оңтайлы болды, электрмен
жабдықтау және электр энергиясына қажеттілік арасындағы айырмашылық жойылды. Энергиямен
жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін орташа және төмен кернеуі бар электр тарату желілерінде
кернеумен жүргізілетін жұмыстар көлемі кеңи бастады, бұның дәлелі кернеумен жұмыс жүргізуге
арналған жұмыстардың әдісі мен құралдарының тез дамуы және жыл сайын олардың жұмыс
операциялары санының және қолданысының ұлғая түсуі болды.
Қазіргі уақытта барлық электрмен жабдықтаушы кәсіпорындар орташа және төмен кернеуі бар
кернеулі тарату желілерінде жұмыс істейді және электр энергиясын үздіксіз бере отырып, тарату
желілерге қызмет көрсету жағына қарай жұмыс жүрізуді дамытуға дайын.
2)
Кернеумен жұмыс жүрізудің
басқа елдерде дамуы
Кернеумен тұрған электр желілерінде жұмыс жүрізудің басқа елдерде дамуына қатысты айтар
болсақ, Ресей 6-дан 1150 кВ-ға дейінгі кернеумен тұрған электр тасымалдау желілері мен тарату
желілерін қамту арқылы жұмыстарды кернеумен жүргізу жүйесін қалыптастыра отырып, көптеген
жұмыс операцияларының кең ауқымымен жұмыстар жүргізеді.
Құрама Штаттар жұмыстарды кермеумен жүргізу бойынша ұзақ уақыттық тәжірибеге ие және
6
онда бұл саладағы ең үздік әдістер мен құралдар бар. Қазіргі уақытта тікұшақтар мен
манипуляторлар АҚШ-та кернеумен жұмыс жүрізудегі негізгі құралға айналды. Франция,
Ұлыбритания, Канада, Германия, Италия және Дания сияқты басқа елдер кернеумен тұрған электр
тасымалдау желілеріне қызмет көрсету бойынша жұмыс жүрізуде мол тәжірибеге ие, бұны осы
елдердің автоматтандыру мен механикаландырудың жоғары деңгейімен ерекшеленетін және түрлі
жұмыс операцияларына мамандандырылған жұмыс жүрізу құралдары мен әдістерінен көруге
болады.
Кернеумен жұмыс жүрізуді кеш бастағанына қарамастан, автоматтандырудың жоғары деңгейі
және алдыңғы қатарлы жұмыс құралдары бар Жапонияда бұл сала, әсіресе таратушы электр
тасымалдау желілерінде тез қарқынмен дамыды. Қазіргі уақытта Жапонияда жұмысшы оқшауланған
буыны бар көтеру платформасының оқшауланған кабинасында отырып, манипуляторды басқаратын
жұмыстар кеңінен таралған. Манипуляторда механикалық немесе гидравликалық жетек бар және ол
робот бағытында дамытылады. Алдыңғы қатарлы технологияны пайдаланатын «Kyushu Electric
Power Co., Ltd.» компаниясы жерде тұрып, икемді әрі қауіпсіз жұмыс жасай алатын екінші буын
роботтарын қолдана бастады.
1.2.3
Достарыңызбен бөлісу: