Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет13/30
Дата12.03.2017
өлшемі3,2 Mb.
#8810
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Білім. Ғылыми педагогикалық журнал. №2. 2007 жыл.  
2.
 
Қ.Қ.  Сегізбаева.  «Болашақ  ұстаз тұлғасын  қалыптастырудағы  әлеуметтік  кәсіби      жетістік 
ӛкілеттілік, міндет, қызмет бабының ролі.» 
3.
 
Ұстаздық іскерлік негіздері. Ұлағат. 2004 жыл. 
4.
 
Білім. Ғылыми педагогикалық журнал. №5. 2006 жыл.  
5.
 
Н.Қ. Байкенже. «Мұғалімнің заман талабына сай болуы үшін қойылатын  
талаптар.» 
6.
 
12 жылдық мектеп журналы.  2008 №5,  2009 №2. 
Аннотация.  В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  12  летнего  образования  и  даются 
критерии учителя в процессе образования. 
Annotation. The problems of 12 years education and criteria of teacher are given in this article. 
 
ӘӚЖ 59 
      Қ  45 
 
ФЕНОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҤРГІЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ 
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ  
 
Шолпанқҧлова Г.А., Тоқтасынова Ж.М.  
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
         Фенологиялық  бақылау  –  адамзаттың  ертеден  келе  жатқан  әрекеттерінің  бірі.  Шаруашылықты  тиімді  

86 
 
ұйымдастыру  үшін,  жануарлар  мен  егін  шаруашылығында  табиғатта  болатын  маусымдық  ӛзгерістерді 
бақылау қажеттілігі туындаған. 
 
«Фенология  —  табиғаттың  маусымдық  құбылыстарының  заңдылығын  зерттейтін  білім 
саласы» деп анықтама беріледі. Жануарларға фенологиялық бақылау жүргізу  ӛзінің мәні бойынша 
табиғат аясында тікелей байқау, кӛру үдерісінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, фенологиялық 
бақылау - ғылыми зерттеу әрекетінің маңызды кезеңі. 
 
Экскурсияны  табиғатта  жүргізу  бақылаудың  негізгі  формасы  болып  табылады.  Олар 
білімдік жағынан маңызды. Мұғалімнің басқарылуымен оқушылар  омыртқалы жануарлады, мекен 
ететін  фаунасын  ӛздеріне  таныс  ауданында  бақылайды.  Экскурсияның  дұрыс  нәтижесі 
оқушылардың жануарларды сыртқы түріне қарап, даусына, іздеріне және т.б. ерекшеліктеріне қарап 
дұрыс анықтай алуы. Олардың биоценозда алатын орны мен рӛлін білу. Экскурсия  оқушылардың 
ары қарай ӛз беттерінше  бақылауға, кейін оқушыларда жануарларды бақылауда машықтық пайда 
болады. Оқушылар ӛздері бақылаған жануарлар туралы кӛптеген мәліметтер жинай алады. [4] 
 
Бақылаудың  бірінші  кезеңінде  жануарлар  әлемінің  нақты  ауданынның  фаунасын    және 
қазіргі  мекендейтін  территориясында    жануаралар  түрлерін  білу.  Зоогеграфия  және  экология 
салалары бойынша жануарлар түрлерінің тізімі,  олардың келуі туралы мәлімет, сандық кӛрсеткіш 
жұмыстары  жасалынады.  Қазіргі  таңда  кӛптеген  территорияларда  фаунасы,  таралуы  туралы 
мәлімет, битоптық және маусымдық орналасуы, саны мен түрлері туралы жарияланған. [1] 
 
Бірақ жануарлар құрамы тұрақсыз, жеке түрлердің ареалдары ӛзгеріп отырады, нәтижесінде 
біреулері  жеке  немесе  сан  жағынан  қысқаруы  басқалардың  таралуына  алып  келеді.  Әсіресе  бұл 
қарқынды  процесс  қазіргі  уақытта  антропогенді  іс-әрекеттің    нәтижесінде  жануарлардың  мекен 
ортасына  және  олардың  ӛзіне  тікелей  әсер  етуде.  Беталысын  анықтау  үшін  және  құрамындағы 
ӛзгерістері, саны мен жануарларды орналастыру үшін фаунаны тексеру қажет. Әсіресе бұл қазіргі 
түрлер үшін маңызды, популяциясы тез қысқаратындар, олар ӛте сирек немесе тіпті жойылып кетуі 
мүмкін. Бұдан басқа, фаунасы ӛте нашар зерттелген аудандар қалды, тіпті құстар мен сүтқоректілер 
тобына жататындар да. Сондықтан фауналық бақылау жұмыстары қазіргі заман жағдайында үлкен 
ғылыми және парктикалық қызығушылық білдіруде. Кӛптеген мемлекеттерде фауналық бақылауды 
арнай  мамандар  ғана  емес  сонымен  қатар  кӛптеген  әуесқойлар,  жануарларды  табиғи  ортада 
анықтауды  меңгерген  адамдар  да  зерттеуде.  Әсіресе    мұндай  бақылау  биолог ия  мұғалімі  мен 
оқушылар үшін маңызды. [5]  
 
Негізгі омыртқалылар  түрлерін анықтау әдісі, оларды сапар кезінде  тікелей анықтау, яғни 
олардың  мекен  ортасын  қарауылдау  арқылы.  Мысалы,  орманның  шетін,  қуыстарды,  ашық 
ландшафтарды,  сутоғанның  жағасында,  қорек  мол  жерлерді  (қоқыстарда,  астық  сақтайтын 
қоймаларда) т.б. Жануарларды табу үшін, түнгі және күндізгі ӛмір салтын жүргізетіндерге арнайы 
ұстау  әдістер  немесе  акустикалық  дыбыстық  сигналдар  -  олардың  дауыстарын  үнжазбаға  жазу 
арқылы  және түнде кӛретін құралдар қолданады. 
 
Экскурсияға  омыртқалы  жануарлардың  құрамы  мен  орналасуын  мақсатты  түрде  анықтау 
үшін барсақ, онда олардың маусымдық және тәуліктік  кезінде бақылауды   активті түрде жүргізу 
керек.    Қосмекенділерді  табу  үшін  ең  ӛнімді  уақыт  таңертенгі,  кешкісін  және  түнгі  экскурсия. 
Бауырмен жорғалаушыларды күндіз, кӛптеген құстар мен сүтқоректілер үшін  таңертенгі уақыт, ал 
түнде активті тіршілік ететін жануарларды кешкі уақытта бақылаған тиімді. [1] 
 
Фауналық бақылау үшін ең ынғайлы маусымдардың  ішінде кӛктем мен жаздың бірінші айы. 
Құстардың  кӛктемгі  миграция  кезеңі  мен  кӛптеген  омыртқалы  жануарлардың  кӛбею  кезеңі  осы 
маусымдарда  жүреді.  Жануарлардың  белсенді  қозғалғыштығы,  жоғары  активті  дыбыстары,  ӛз 
ұрпақтарын  қорғау,  жасырыну  үшін  ұя  жасау  арқылы  бұл  мезгілде  жануарлар  жақсы  кӛріне 
бастайды.  Әсіресе  бұл  мезгіл  құстардың  фаунасын    анықтау  үшін  ынғайлы.    Жаздың  екінші 
жартысында  ән  салатын  құстар  ӛз  әндетуін  тоқтатады.  Кӛптеген  құстардың  түрлері  мен  дыбыс 
шығарулары ұқсайды, сондықтан олардың түрлерін анықтау қиынға соғады. Үлкен құстар жасырын 
тіршілік етеді.  
 
Бауырмен  жорғалаушылар  мен  қосмекенділердің  фаунасын  жазғы  мезгілде      бақылау 
қолайлы,  ӛйткені олар осы мезгілде активті тіршілік етеді.  
 
Алға  қойған  мақсат  экскурсия  барысында  ӛзгеруі  мүмкін,  себебі,  бақылайтын  аймақта  бір 
тұрпатты  мекендейтін  жерлердің  болуы,  мысалы,  орманда  немесе  суқоймалардың  жағалаулары. 
Экскурсия  маршрутын  жоспарлағанда,  ерекше  мекендейтін  жерлердің,  кӛп  түрлі  жануарлардың 
болғаны  дұрыс. Зерттелетін  ауданның  фауналық  құрамын,    арнайы  жерлердің  флоралық  құрамын 
тез анықтау үшін  ынғайлы.  Маршруттың  ұзындығы  жаңадан  бастаушыларға  4-5  км,  сол  ауданды 
жақсы меңгергендер 6-8 км ұзындықта бақылай алады. [2] 

87 
 
 
Экскурсия  кезінде  бақылаушылар  әрдайым  назар  аударып  отыру  керек,  яғни  әр  дыбысқа 
жылдам  реакция,  әр  бұталар  мен  шӛптердің  қимылын,  судың  толқынына  мән  беру  қажет. 
Бақылаушы  барынша  жай,  дыбыссыз  жүріп,  керек  уақытта  қатып  орнында  тұра  білуі  керек. 
Жануарды тапқанда білдірмей жақын  жақындау керек, ӛйткені оны анық байқау үшін және мінез-
құлығын аңғаруға, жақын тұрсада жануарға байқаусыз қалу керек. Жануарды байқаған сәттен оған 
жайлап,  тез  қимылдар  жасамай,  жасырынып    жақындау.  Осы  тәсілдердің  мақсаты  -  жануар 
жасырынып  немесе  бақылағанымызды  байқамас  бұрын  толық  қарап,  бейнесін  ойда  сақтап  қалу, 
әсіресе оның мінез-құлығын. Жануар даусын үн таспаға жазып алуымызға да болады.  
 
Фауналық бақылаудың ең бірінші міндеттері - жануардың дұрыс түрін анықтау.  
 
Жануарлардың түрін анықтаудың ең негізгісіне жататыны:  
 
Жалпы бейнесі (пішіні, кӛлемі); 
 
Олардың ерекше құрылымы (мысалы: ұзын аяғы, қысқа құйрығы, ұзын құлағы т.б); 
 
 Түсі (сары, қызғылт т.б); 
 
 Даусы; 
 
 Қылықтары. 
 
Кей  жағдайларда  жануарды  ұстау  барысында  түрін,  бӛлшек  бойынша    құрлысын,  түсін 
анықтауға  болады,  мысалы,  кей  қосмекенділерді,  рептилияларды,  бауырмен  жорғалаушыларды. 
Нақты территорияда түнгі және жасырын тіршілік ететін жануарлардың   түрін және мекен ортасын 
анықтау  үшін:  жерде  қалған  іздерін,  ұяларының  үлгілерін,  індерін  және  басқада  баспаналарын, 
қауырсындарын, жүндерін, қалдықтарын анықтау маңызды рӛл атқарады.  
 
Табиғи жағдайда жануарлар түрін анықтау қиынға соғады. Оның шешімі дағдының болуы  
немесе сол ауданның фаунасын минимальды білу керек. Бірінші  экскурсияны жануарларды жақсы 
анықтайтын  зоолог мамандар немесе тәжірибелі табиғатты зерттеуші жүргізу қажет. [1] 
 
Жергілікті  жеке  топтағы  жануарларды  анықтайтын  анықтамаларды  алған  үлкен  кӛмек 
кӛрсетеді,  ӛйткені  онда  нақты  жануарлардың  түсі,  құрлысы  нақты  кӛрсетіледі.  Қазіргі  таңда 
құстардың  даусын  анықтау  үшін  үн  таспадағы  құстардың  даусы  арқылы  анықтайды.  Үн  таспа 
арқылы таныс емес құстың даусын жазып кейін үйде және  лабораторияда ӛзімізде бар құстардың 
даусын салыстырып анықтауымызға болады  немесе мамандардан  кеңес сұрау арқылы .  
 
Кӛптеген  омырқалы  жануарлардың  қоныстанғыш  (кӛбею  кезінде  немесе  қысқы  ұйқыға 
кеткенде)  олардың  қоныстанған  жерлерін  анықтаған  оңайырақ  .  Мысалы,  бұталы  жайылымдарда 
кӛбінесе жағал шақшақ, сұр сандуғаш кездеседі. Ал шӛптері  пәс жерлерде бозторғайлар кездеседі. 
Егер  белгісіз  түрді  кездестірсе  осы түрлердің  біреуіне  жатады.  Яғни  жануарлардың  мекен  ортасы 
түрді анықтау үшін бірінші белгі болады.  
 
Омыртқалы  жануарлардың  систематикалық  топтарын  далалық  аймақта  анықтау  әр  қалай. 
Далалық  аймақта  құстарды  анықтау  қиындық  туғызады.  Бұл  олардың  түрлерінің  кӛптігі,  жыныс 
жағынан,  жастарына,  маусымдық  түстерінің  ӛзгеруімен  анықтау  қиын.  Құстарды  жабық  аймақта 
мекендейтін жерін  кӛру қиын. Сондықтан оларды даусы арқылы анықтайды. Осындай кезде басқа 
да  қосымша  белгілеріне  қарамаса  оларды  табиғатта  анықтау  қиын.  Құстардың  және  басқа  да 
омыртқалыларды анықтау үшін бірнеше белгілері арқылы анықтау керек.  
 
Басында айтқандай ең бірінші түрін анықтауға олардың жергілікті мекені кӛмек болад, кейін 
олардың  жеке  белгісі  бойынша  анықтау.  Ең  бірінші  оларды  кең  таралған  түрлермен:  үйрек,  қаз, 
қарға, торғай, шымшық құстардың топтарына жатқызып ары қарай систематикалық орнын анықтау. 
 
Құстардың  түсі  жарыққа  шағылысады,  сондықтан  оның  алдымен  жалпы  түсіне  мән  беру 
керек,  яғни  күнгір,  ақшыл,  қызыл,  қоңыр,  сұр.  Түстік  белгілеріне:  қанаттарында  ақ  сызық,  қара 
қалпақ, күнгірт қарғыбау, ашық қастардың болуымен ерекшеленеді. Далалық бақылауда құстардың 
ең  маңызды  олардың  даусы:  әндету,  дыбыс  шығару,  дабыл белгілері.  Құстардың  даусын  анықтау 
ұзақ  уақытты  алады.  Ол  үшін  үн  таспасына  жазылған  дауыстарын  салыстыру  арқыл  және  таныс 
емес болса  даусын  жазып  алу,  егер  үн  таспа  болмаса  дауыстарын  әріппен,    ноталармен  олардың 
әндерінің  ұзақтығы мен  қысқалығы,  ырғақ  (жай  немесе тез),  орындау  тәсілі  (  байсалды,  шапшаң, 
саңқылдаған, ысқырық) арқылы жазады. Кейін осы жазбалар арқылы алдында жазылған құстардың 
дауыстары арқылы салыстырады. [4]  
 
Кӛптеген  құстарды  қылықтары  арқылы анықтауға болады:  ұшу мінезі,  ағаштар мен  жерде 
орын ауыстыруы, отыру әдеті, құйрығы мен денесінің қимылы, ұшу барысындағы қанаты және т.б.  
 
Байқаған қылықтарын дәптерге жазып алу керек, кейін анықтамалардағылармен салыстыру 
үшін.  Таныс  емес  құстың  нақты  келбеті,  дауысын  есте  сақтап  алу  керек,  кейін  оринтолог 
мамандардан кеңес алу үшін.  

88 
 
 
Сүтқоректілерді  анықтау  құстарға  қарағанда  жеңіл,  ӛйткені  олардың  түрлері  азырақ  және 
кӛптеген  түрлері  кӛбіне  таныс,  далалық  аймақта  бақылауға  дайындығы  аз  адамда  оны  анықтау 
оңайырақ. Мысалы, бәріне қоян, бұғы, тиын, қабан, түлкі, аю, қасқыр және т.б таныс.  
 
Фауналық    бақылаудағы  аудандарда  осындай  түрлерін  ұстау  немесе  белгілі  бір  әдістер 
арқылы ғана анықтай алады. Құстарды ұстау үшін қысқыштар, майда торлар арқылы жүзеге асады. 
Кіші сүтқоректерді ұстау жӛнінде анықтамалардан кӛруге болады.  
 
Таныс емес кіші сүтқоректілерді кездестірген кезде, бірінші оның кӛлемі мен тұтас кескініне 
назар аударып, бізге жақсы белгілі (тышқан, егеуқұйрық, тиын т.б ) салыстыру керек. Бұның ӛзін 
ұқсас түрлердің санын қысқартады.  
 
Табиғи  жағдайда  жануарлардың  терісінің  түсі  жарықтың  бірқалыпты  түспеуінен  әр  түрлі 
болып  кӛрінеді.  Бірақ  оның  тұтас  жүннің  түсін  ,  сызықтың  санын,  дақтардың,  түстік  құрамын, 
құлағы мен құйрығыныңкӛлемі мен орналасуын анықтау керек. Соңында құйрығы жалаңаш болуы 
мүмкін, жүндерінің сирек болуы, мамықтығын т.б  анықтайды.  
 
Құстар сияқты сүтқоректілерді де анықтау барысында биотоп үлкен рӛл атқарады. Олардың 
кӛрінген  жерлері,  нақты  мекені  (  ағаш,  орманды  жерлер,  тастарда  т.б)  және  қылықтары  (орын 
ауыстыруы), жасырыну жерлері ( ағашта, суда, жерде).  
 
Қосмекенділер  мен  бауырмен  жорғалаушыларды  далалы  аймақта  анықтау,  олардың 
түрлердің  кедейлігі  мен  жерімізде  аз  таралуына  байланысты  анықтау  жеңіл.  Бауырмен 
жорғалаушылардың  нақты  мекендейтін  ортасының  саны  5  -тен  аспайды,  ал  қосмекенділер  10-нан 
аспайды.  Оңтүстік  аймақта  олардың  саны  кӛбірек.  Құстар  мен  басқа  жануарларға  қарағанда  сақ 
емес,  сондықтан  оларды  ұстау  және  жақын  жерден  кӛруге  болады.  Осындай  жағдайда  олардың 
түрлерінің  түстерімен,  кӛлемі,  денесінің  пішіні,  ерекше  мінездері  арқылы  еш  қиындықсыз 
анықтауға болады. Түрлерінің құрлысын лабораториялық жағдайда анықтауға болады. Алдымен сол 
аудандағы қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың түрлерімен  белгілерінің ерекшеліктері 
туралы анықтамалардан жазып алған пайдалы. [5] 
 
Кез келген территорияның фаунасының жануарларының  іздері маңызды рӛл атқарады, кей 
сүтқоректілердің  іздерін  анықтау  мүмкін  емес.  Кӛптеген  жануарлардың  іздерін  барлық  маусымда 
кӛруге болад, бірақ қыста қардың үстінде, жаңбырлы батпақтың үстінде анық кӛруге болады. 
 
Жануарлардың  іздерін  (суреттері  немесе  салынған  суреттерін)  анықтамалардан  кӛріп 
анықтауға  болады.  Жануарлардың  анық  мекен  ортасын  анықтау  үшін  олардың  ұяларын, 
жасырынатын  жерлерін  анықтау.  Ұяларының  жасалынған  материалдары,  пішіні,  орналасқан  жері, 
кӛлемі, жұмыртқасының түсіне қарап жануардың түрін нақты анықтауға болады.  
 
Борсық,  кӛртышқандарыдың  ұяларын  анықтау  оңай.  Тамақтарының  қалдықтары,  кемірген 
заттары ( мысалы, тиындардың қалдықтары, 
 қояндардың) арқылы анықтауға болады.  
 
Фауналық бақылау кезінде барлық кездескен жануарларды анықтап, биотоптарын, әр түрдің 
кездескен жерін, түрлердің санын белгілеп отыру керек.  
 
Экскурсия  соңында  кездестірген  түрлердің  санын  (  сирек,  кӛп  немесе аз)  белгілеп  отыру 
қажет. Экскурсия кезінде барлық жазбаларды даптерге жазып жүру керек. Бақылауларды үн таспаға 
да  жазуға  болады.  Бақылау  кезінде  күні,  географиялық  орны,  ауа  райы,  уақыты  жазылады. 
Экскурсия  барысында  бірінші  биотптары  жазылады,  мысалы:  қылқанды  орман  (шырша,  арша) 
немессе далалы дәнді аудандар.  
 
Кездестірген жануарлардың түрлері осы биотопқа жатады. Кездескен түрлердің биотоптары 
әр қайсысы жазылады егер ол түр кездесседе. [2] 
 
Фенологиялық бақылауға керек құралдар қарапайым. Дүрбі ( 7- карттық үлкейткіш), қойын 
кітапша,  қарындаш,  бағдарнама.  Мүмкіндік  болса  сол  ауданның  картасын  алған  пайдалы.  Қазіргі 
кезде үн таспаны қолданады, онда құстардың дауыстары жазылған немесе оны таныс емес құстың 
даусын да жазуға болады.  
 
Фенологиялық бақылау жүргізу қабілетінің анықтамасын жалпы  «қабілет» ұғымына сәйкес 
анықтай аламыз. Психологиялық сӛздіктерде берілген анықтамалар бойынша: «қабілет дегеніміз  – 
адамның  әрқилы   іс-әрекеттерге  орай  кӛрініс  беретін  психикалық  мүмкіндіктерін  анықтаушы 
тума  анатомиялық–физиологиялық  және  ӛмір  барысында  меңгерген    реттеу-түзету  сапаларының 
жиынтығы».Осы  анықтамаларға  сүйене  отырып,  біз  оқушылардың  жануарларға    фенологиялық 
бақылау  жүргізу  қабілеттері  деп  жануарларды  табиғи  жағдайда  дұрыс тани  білу  (морфологиялық 
белгілері  бойынша),    бақылау  немесе  зерттеу  жүргізудегі  мақсат  пен  міндетті  айқындай  алу, 
бақылау  жүргізу  алаңын  ережеге  сәйкес  таңдап,  оған  сипаттама беру,    даму  фазаларын  ажырата 

89 
 
білу,  бақылау  нәтижелерін  дұрыс  тіркей  білу,  нәтижелерді  ӛңдеу,  тұжырым  жасай  алу,  бақылау 
нәтижесі бойынша есепті рәсімдеуі. [1] 
 
Оқушылардың фенологиялық бақылау жүргізу қабілеттерінің нәтижелі дамуы олардың жеке 
тұлғалық,  шығармашылық  потенциалын  жетілдірудің,  білмдерін  ӛзектендірудің,  оқушылардың 
жалпы мәдениеттерінің деңгейін арттырудың алғы шарттары болып табылады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
В.М.Константинова,  А.В.Михеева. Позвоночные  животные  и  наблюдения  зан  ними  в  природе.  
Москва: «Академия», 2000ж. 14-21 стр. 
2.
 
Қ.Ұлықпан. Жануарлар экологиясы. Алматы: «Эверо», 2014ж. 103 бет. 
3.
 
Н.А.Бобринскиий. Мир животных. Москва: «ЭКСМО», 2005г. 189-199 стр. 
4.
 
Н.М.Кобышев, Б.С.Кубанцев. География животных с основамизоологии. Москва.1985г. 114 стр. 
5.
 
 
www.phenologist.ru
 
 
 
Аннотация. В данной статьи содержится изучения животного мира конкретного района, выявление 
его  фауны-видового  состава  животных  обитающих  на  данной  территории.  Методы  проведение 
фенологических  наблюдений  которые  повышает  уровень  культуры  и  возможность  определить 
способности учеников.  
 
Annotation.  This  article  contrains  a  study  of  fauna  of  a  particular  area,  revealing  its  fauna,  the  species 
composition of the animals living in this territory. Method of phenological observation which increases the 
level of culture and the ability to determine the ability of students. 
 
 
 
ӘОЖ 372.857 
                 Х 17 
 
АСТІV STUDIO БАҒДАРЛАМАСЫН САБАҚТА ҚОЛДАНУ ЖЕТІСТІКТЕРІ 
 
Халық З.Ә., Аманова К.С. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Болашақта  еңбек  етіп,  ӛмір  сүретіндер  –  бүгінгі  мектеп 
оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға 
жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек ӛз пәнінің терең білгірі болу 
емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік 
және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны 
құмар  шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  оқу  мен  тәрбие  ісіне  еніп  оқытудың  жаңа  технологиясын 
шебер  меңгерген  жан  болғанда  ғана  білігі  мен  білімі  жоғары  жетекші  тұлға  ретінде  ұлағатты 
саналады. 
Ақпарат  құралдарын  пайдалана  отырып,  сабақ  барысында  оқушылардың  қабілетіне,  білім 
деңгейіне, ынтасына қарай топқа бӛліп, ӛз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, 
қорытынды  жасауға машықтандырылады,  оқушының  ақыл-ойын  дамытып,  ӛзіндік  дүниетанымын 
қалыптастырылады,  сабаққа  ынтасын  арттырып,  тапсырманы  орындау  барысында  жіберілген 
қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік береді[1]. 
Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  дамыту  білім  берудің  бір  бӛлігі.  Соңғы 
жылдары  заман  ағымына  сай  күнделікті  сабаққа  компьютер,  электрондық  оқулық,  интерактивті 
тақта  қолдану  жақсы  нәтиже  беруде.  Білім  беру  жүйесі  электрондық  байланыс,  ақпарат  алмасу, 
интернет, электрондық  пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі 
күні  инновациялық  әдістер  мен  ақпараттық  технологиялар  қолдану  арқылы  оқушының  ойлау 
қабілетін  арттырып,  ізденушілігін  дамытып,  қызығушылығын  тудыру,  белсенділігін  арттыру  ең 
негізгі мақсат болып айқындалады. 

90 
 
Қазіргі  уақытта  Қазақстанның  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерінің  барлығы  дерлік 
интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа 
қатысушылар  бір-бірімен  байланыса  отырып,  мәселелерді  шешеді.  Интерактивті  тақта  мектеп 
сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде биологиядан зертханалық сабақтарды ӛткізген кезде 
оның  құрылғылары  қолданылады.  Қарапайым  тақта  және  компьютер  проекторына  қарағанда, 
интерактивтік  тақта  сабақ  мазмұнын  кеңінен  ашуына  мүмкіншілігі  ӛте  зор. 
ACTIVstudio
 
бағдарламасын  пайдалану  кезінде  үлкен  жетістікке  қол  жеткізу  үшін,  тек  қана  сабақты  сауатты 
жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек
[2].
 
Бұл  технологияны  оқу  материалын  хабарлау  және  оқушылардың  ақпаратты  меңгеруін 
ұйымдастыру  арқылы,  кӛзбен  кӛру  жадын  іске  қосқанда  арта  түсетін  қабылдау мүмкіндіктерімен 
қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың кӛпшілігі естігенінің 5 % және кӛргенін 
20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-
50 % дейін арттырады
[1].
 
Биология  сабағында 
ACTIVstudio
  бағдарламасымен  сабақты  ӛткізу  ӛте  тиімді. 
Мұғалімдердің  пайымдауынша  бұл  бағдарлама  олардың  жартылай  жұмысын  атқарады.  Мысалы: 
белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен ӛзгерістерді 
сақтап  қалуға  болады,  бұны  сабақта  болмай  қалған  оқушыларға  қайта  түсіндіруге  немесе  келесі 
жолы тағы да қолдануға болады. 
Мұғалім 
ACTIVstudio
 бағдарламасын меңгеріп, оны  пайдалану арқылы ӛзінің материалдық 
базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді. 
Компьютерлікграфикалық  материал  презентациялық  слайд  кӛмегімен  кӛрсетіледі. 
MicrosoftPowerPointбағдарламасыныңкӛмегіменоқупроцесіндепрезентациялар 
мен 
слайдтаржасапкӛрсету,  оқушылардыңқызықтыжәнедәлелді  (мағыналы)  болады,  танымдықойлауы 
мен естесақтауынқалыптастырады
[2].
 
Оқушылар  биология 
ACTIVstudio
  бағдарламасымен  пайдалану  арқылы  кез-келген 
тақырыпты ӛздері меңгереді. Бұл оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың 
ой-танымын  кеңейтуге,  ӛз  бетінше  шығармашылықпен,  ізденімпаздықпен  жұмыс  жасауына  кӛп 
кӛмегін  тигізеді.  Биология  пәні  бойынша  компьютерлік  тестілеуді  қолдану  оқушылардың 
интеллектуалдық  танымын  арттырады.  Оқушылар  бір  тестілеуден  жақсы  нәтижеге  жеткенше 
бірнеше  қайтара  ӛтеді.  Бұл  тестілердің  барлығы  биология  бойынша  мемлекеттік  білім  стандарты 
талаптарына  сәйкес  келеді.  Ол  оқушылардың  интеллектін,  логикалық  ойлауын  және 
шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға,  тірі  табиғатты,  ағзаларды  толығымен  түсінуге  ықпал 
жасайды.  Биология  пәнінің  кейбір  тараулары  ойлануды,  талдай  білуді,  салыстыруды  қажет етеді. 
Оған биология кабинетінің жағдайы келе бермейді. Айталық, адам қаңқасы, микроскоп, ұлғайтқыш 
әйнек, сутеттер т.б. тәжірибе жасайтын құралдардың болмауы.  
Биология  сабақтарында  интерактивті  тақтаның  кӛмегімен  ACTIVstudio  бағдарламасын 
пайдаланып  флипчарт  қолдану  арқылы  сабақтарды  ӛткізу  тиімді.  Бұл  ACTIVstudio  (Promethean 
компаниясы)  —  ACTIVstudio  бағдарламасы  арқылы  іске  қосылады.  Бұл  құрылғы  компьютер, 
мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. 
Aктивті  қалам – бұл меңзерді  басқару  құрылғысы  және  компьютер  мен  тақта арасындағы 
байланысты іске асырушы құрылғы. 
Флипчарт  –  бұл  бірнеше  қажетті  беттерден  тұратын  негізгі  жұмыс  аймағы.  Бұл  аймақта 
презентацияны  құруға  және  оны  кӛрсетуге  қажетті  құралдардың  барлығы  кӛрсетіледі.  Бірнеше 
флипчарттарды бірден  ашып,  бір  флипчарттан  келесі  флипчартқа,  объектілерге  сілтемелер  қоюға 
немесе  объектілерді  бір  мезетте  келесі  бетке  кӛшіруге  болады.  Флипчартты  басу  құрылғысынан 
шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады. 
«Активті  экран»  кешені  білім  үрдісінде  қолданылатын  ақпаратты  кӛрсетуге  және  оны 
компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады
[3].
 
Бағдарламалық  —  техникалық  кешеннің  құрамына  кіретін  интерактивтік  тақтаны 
оқытушыға  сабақты  қызықты  және  динамикалық  түрде  мультимедиялық  құралдар  кӛмегімен 
оқушылардың  қызығушылықтарын  тудыратындай  оқуға  мүмкіндік  беретін  визулды  қор  деп  те 
атауға болады.  Сабақты түсіндіру  барысында мұғалім тақта алдында  тұрып,  бір  мезетте мәтіндік, 
аудио,  бейне  құжаттарды  DVD,  CD-ROM  және  Интернет  ресурстарын  қолдана  алады.  Бұл  кезде 
мұғалім  қосымшаны  іске  қосу,  CD-ROM,  Web-  түйін  мазмұнын  қарастыру,  ақпарат  сақтау,  белгі 
жасау  тышқанды  ауыстыратын  арнайы  қалам  арқылы  жазулар  жазу  және  т. б.  әрекеттерді  жеңіл 
орындай алады. 

91 
 
Қазіргі  кезде  сабаққа  дайындалу  барысында  мұғалім  сабақ  мазмұны  оқушылар  үшін 
танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша ӛтуі  үшін ӛзінің бағалы уақытын қажетті материалды 
іздеу  мен  жүйелеуге  жұмсайды.  Ал  жекелеген  курс  бойынша  мәселелік  –  бағдарлы  оқу 
бағдарламалары  пакетінің  болуы  мұғалімге  «  мұғалім  –  оқушы  »  жүйесінде  ақпаратты  беруді, 
ӛңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұны барлығы жүзеге 
асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді  игеруі 
қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді 
оқыту  үрдісінде  пайдалану  әр  түрлі  сипатқа  ие. 
Биология  сабағында 
ACTIVstudio
  бағдарламасын 
пайдалану  оқу  үрдісінде  мұғалімі  мен  оқушының  оқудың  жеке  дара  шығармашылықпен  жұмыс 
жасауына мүмкіндік береді.
 
ACTIVstudio
  бағдарламасымен  пайдалана  отырып,  оқытудың  интерактивті  формаларын 
сабақта қолдануға болады. Олар: 
-
 
Жеке шығармашылықтапсырмалар, жобалар; 
-
 
 Блок-схема, графиктер, диаграмма, т.б.; 
-
 
Тірек-схема, кӛрнекіліктер және анықтама құралдары; 
-
 
Ойын арқылы оқыту; 
-
 
Сӛзжұмбақ, ребустар; 
-
 
Тестілеу; 
Биология 
сабағынмеңгертудекомпьютерліканимациялардыңмаңызызор. 
Оқушыларғажануарлардың 
мен 
ӛсімдіктердіңсуреттерін, 
сызбанұсқалардыкӛрсетіпқолдануынақолайлы
[4].
 
Биологтардың  ӛмірі  мен  кызметі  жайында  компакт-дискілерде  кең  қамтылған. Рефераттар 
жазуда  оқушылар  биологиядан  тіршіліктегі  барлық  организмдер  жӛнінде  энциклопедиялық 
мәліметтер  ала  алады.  Сонымен  қатар  оқушылар  сабақта  видеоматериалдар  пайдаланады.  Олар 
оқушыларға  заттар  және  олардың  халық  шаруашылығында  қолдануы  туралы  мәліметтер  алуға 
кӛмектеседі.  Рефераттар  жазу  барысында  оқушылар  ӛз  беттерімен  Интернет  кеңістігінің 
материалдарын, электрондық оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік сауаттанады. 
Сонымен  биология  сабағын 
ACTIVstudio
  бағдарламасының  кӛмегімен  оқыту  тӛмендегі 
мәселелерді қамтиды: 
-
 
Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстарын толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу 
сапасын арттыру; 
-
 
 Оқытудың  кӛркемділігін  арттырады,  яғни  оқушыларға  қиын  да  күрделі  материялдарды 
кӛрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді; 
-
 
Оқытудың  тиімділігін  жоғарылатады  және  оқу  материалын  түсіндіру  мүмкіндігін 
арттырады; 
-
 
Оқушылардың  ғылыми  дүниетанымдық  кӛзқарастарын  қалыптастыра  отырып,  олардың 
білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады; 
-
 
Мұғалімді  техникалық  жұмыстан  босата  отырып,  үнемдеген  уақытта  олардың 
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. 
ACTIVstudio  бағдарламасының  кӛптеген  құралдары  бар,  атап  айтқанда,  нысандарды 
құратын, арнайы эффектілер енгізетін  презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын,  жаңа 
тақырып материалдарын түсіндіруге қолданатын,  оларды қайталауға қолданатын. Бұл құралдарды 
пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің кӛмегі қажет[5].
 
Флипчарт-ACTIVstudio  бағдарламасымен  жұмыста ең  негізгі  қолданатын  ұғым  -  флипчарт 
ұғымы.  Флипчарт  –  бұл  бірнеше  қажетті  беттерден  тұратын  негізгіжұмыс  аймағы.  Бұл  аймақта 
презентацияны  құруға  және  оны  кӛрсетуге  қажетті  құралдардың  барлығы  кӛрсетіледі.  Бірнеше 
флипчарттарды бірден  ашып,  бір  флипчарттан  келесі  флипчартқа,  объектілерге  сілтемелер  қоюға 
немесе  объектілерді  бір  мезетте  келесі  бетке  кӛшіруге  болады.  Флипчартты  ACTIVstudio 
программасы  іске  қосылғанда  бірден  компьютердің  экранына  сәйкес  келетін  жаңа  флипчарт 
құрылады[5]. 
Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат – оқушының сабаққа деген қызығушылығын 
арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Осыны ескере отырып, мемлекеттік  іс-тәжірибе 
кезінде  сабақта  Актив  студио  бағдарламасымен  жұмыс  жасадым.  Актив  студио  бағдарламасын 
қолданып  және қарапайым түрде сабақ ӛткізіп кӛрдім. Қазіргі заманның  оқушылары жаңа нәрсеге 
ғана  қызығатынын  түсіндім.  Себебі  дәстүрлі  сабақ  ӛткенде  оқушының  сабаққа  деген 
қызығушылығы  жоғалып,  жан-жағына  қарап,  зейіні  кеткен  болатын.  Ал  жаңа  ақпараттық 

92 
 
технологияларды  қолдану  кезінде  оқушылардың  сабаққа  қызыққанын  байқадым.  Бағдарламаның 
тиімді жақтары: 
1.
 
Мұғалімнің уақытын үнемдейді; 
2.
 
Флипчарттың  ішіне  суреттер,  видеолар  және  слайд-презентацияларды  енгізу  мүмкіншілігі 
бар; 
3.
 
Оқушылар зейінін арттырады; 
4.
 
Виртуальды зертханаларды жасауға болады және т.б. 
Оқушылар  қарапайым  слайдтан  флипчарттың  айырмашылығын  басында  байқап,  тақтаға 
зейіндерін  аудара  түсті.  Сӛзжұмбақ,  сәйкестендіру  тесттері,  биологиялық  диктанттарды 
қолданғанымда, яғни флипчарттағы обьектілерді жылжытқанда оқушылар қызығып, тақтаға бірінен 
соң бірі ұмтылды. Яғни  оқушылар  интерактивті тақтамен жұмыс жасады. Бағдарламаның тағы да 
жақсы  жақтары,  кітапханасының  қорында  әр  пәнге  байланысты  суреттер  енгізілген.  Мәселен, 
география  пәніне  байланысты  тау  жартастары,  вулкандар  т.б.,  астрономияға  әр  түрлі 
планеталардың,  күн  сәулесі,  ғаламшар  денелері  т.б.,  биология  пәніне  байланысты  әр  түрлі 
жануарлардың және ӛсімдіктердің суреттері енгізілген. Осы дайын суреттермен де жұмыс жасаған 
мұғалімнің уақытын ұтымды пайдалануына мүмкіндік береді. Сабақты бекіту кезінде тесттер енгізе 
отырып, бір уақытта бірнеше оқушының білімін тексеруге болады. 
ACTIVstudio  программасы  арнайы  презентацияларды  ӛткізуге  және  оны  сабақ  барысында 
қолдануға  негізделген  бағдарлама. Бұл  бағдарламаны  қолданса,  оқушылар  тереңірек  әрі  қызықты, 
толықтай  білім  алады. Негізгі  мақсат,  оқушыларды  жаңа  ақпараттық  техникамен  жұмыс  жасауға, 
кӛруге  мүмкіндігі  болмаса  да  виртуалды  кӛруіне,  онлайн  режимде  басқа  мектеп  оқушыларымен 
білім алмасуға, ӛз ойларын ашық еркін жеткізе білуге қазіргі заманға сай тұлғалар қалыптасыуына 
септігін  тигізеді.  Әрине  кез  келген  сабақтарда  қолдана  беруіне  болады.  Сабақтарда,  ашық 
сабақтарда,  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  кезінде,    семинар,  мастер  класс    және  т.б. 
ӛткізгенде 
ACTIVstudio
 бағдарламасын қолдану ӛте тиімді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет