Тарих кафедрасы



бет11/28
Дата11.11.2022
өлшемі482 Kb.
#49541
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
7-тапсырма. Қос билік.
Тарихи мәліметтер бойынша Есім мен Тұрсын ханның бір мезгілде Қазақ Ордасында билік құрғаны анық. Ресей деректерінде Тұрсын хан тұсында қазақ билігі Ташкент, Түркістан, Бұхар хандығымен арадағы соғыстар кезінде Сауран, Әндіжан қалаларына жүргенін жазады. Сонымен қатар өзін Ташкентте хан етіп жариялап, соның белгісі ретінде өзінің теңгесін соқтырып, елден баж, хараж салықтарын жинаған.
Зерттеушілер Ташкенттегі жұртымен Түркістандағы Қазақ хандығында бір кезде қос биліктің болуын тарихи факт деп жазды. 1624 ж. Тұрсын Мұхамед пен Есім хан бірігіп, Әндіжандағы қайтару мақсатымен соғыс бастағандары жөнінде мәліметтер кездестіреміз. ХVІІ ғ. қазақ елінің саяси тіршілігіндегі қарым – қатынастар ант беру, серттесу арқылы шешіліп отырған. Осындай анттың бірі Есім хан мен Тұрсын сұлтанның арасында болған келісімі. Мәшһүр Жүсіп шежіресінде «Еңсегей бойлы Ер Есім Түркістанда қазақ ханы болып тұрған күнде, Ташкентте Тұрсын қатаң деген жұртты билеп тұрды. Тұрсын хан ант етісіп, Есіммен бата қылысты, бір- бірімен жау болмасқа Күнбатыс Бұхар, Қоқан, Самарқанмен жауласуға мен қарсы тұрайын. Сен күншығысқа қосын қылып аттан. Ұзын аққан Ертіс суының басынан кір, аяғынан шық» деген соң, мың кісі қосын алып Күншығысқа бет қой деп анттасып, келіскендері жөнінде жазады.
М.Ж.Көпеев. //Таңдамалы. Екі томдық.
А., 1992, Т. 2. 147 б.
Есім мен Тұрсын арасындағы анттасу немен аяқталды? «Қатағанның хан Тұрсын, кім арамды ант ұрсын» - деген мақалдың мағынасы.
8-тапсырма. «Ант беру» дәстүрі.
Қазақ халқының саяси және қоғамдық тарихында кездесетін дәстүрлердің бірі - «ант беру». XV-XIX ғасырлар аралығында пайда болған көптеген құжаттар мен қазақ шежіресі мазмұнында «ант беру» дәстүрі жан- жақты баяндалды. Қазақ көшпенділерінің ішкі қоғамдық өмірінде бұл дәстүр негізгі реттегіш қызметін атқарады. Мысалы, XIX ғ. соңында қазақ халқының әдет-ғұрпы заңдары жөнінде жазған В.К.Фон-Герн өзінің зерттеулеріне және өзіне дейінгі ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып: «Самая светлая сторона казахского народного суда - это постоянное обращение его и совести тежущихся лиц и двух примерения ... сам процесс принятия присяги называется «ант беру», т.е.дать клятву, или более употребительно «жан беру», что означает «отдавать душу». Такое значения присяги наводит на мысль: принявший присягу считается как бы покончивчим со своей жизнью»,- дейді.
В.К.Фон-Герн. // Характер и нравы казахов. 10 б.

«Ант беру» арқылы шешілген XVII ғ. Қазақ елінің саяси тіршілігі жөнінде айтыңыз. Осы мәселе бойынша қазақ ішінде сақталған қандай мақалаларды білесің?




9-тапсырма. «Жеті жарғыдан» үзінді.
«Бірінші орынды кек заңы алады: қанға қан, зақымға зақым, ұрлық, тонау, зорлық өлім жазасына кесіледі. Осы ережелерге сәйкес, өлген адамдардың туыстары қылмыскерді өлтіруге қақылы, ал қолын, аяғын, құлағын, т.б. мүшелерін зақымдаса (шапса) сол мүшесінен айрылуы керек. Дегенмен, билердің шешімі немесе даугер жақтың келісімі бойынша қылмыс үшін кесілетін келісімді ақыны төлеп, жазаны жеңілдетуге болады.
Қылмыскер құн төлеп өзінің жанын сақтап қала алады, яғни әр өлген еркек үшін 1000, ал әр әйел үшін 500 қой төлесе зақым келтірген немесе біреудің бір мүшесін шауып тастаған адам тиісті жазасына сәйкес белгілі мал санын төлейді. Мысалы, үлкен басбармақ үшін – 100 қой, шынашақ үшін - 20 қой және тағы сондай.
.... Ата-анасына тіл тигізген немесе қол көтерген ұлды қара сиырға теріс мінгізіп, мойнына ескі қара кигізді байлап, жаңағы сиырды ауылдарды аралатып жүргізіп, оның үстіне отырғанды қамшымен ұрады: ал қыздың аяқ қолын байлап, не істесең оны істе деп анасына береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет