Баудинова Нәзипа Батырбекқызы мно-23-115(2)-10 Аралық бақылау 2 Тапсырма №1 Тақырыбы: Ежелгі түркі шешендігіндегі сөйлеу үлгілері Мақсаты



бет1/6
Дата23.10.2023
өлшемі40,27 Kb.
#120652
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
рк1 (1)


Баудинова Нәзипа Батырбекқызы
МНО-23-115(2)-10
Аралық бақылау 2
Тапсырма № 1
Тақырыбы: Ежелгі түркі шешендігіндегі сөйлеу үлгілері
Мақсаты: Ежелгі түркі заманынан бері шешендік өнердің дамуын түсіндіру.
Тапсырма
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз, жазыңыз.

  1. Қазақ шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары. Түркі халықтарына ортақ Орхон-Енисей ескерткіштері мен көне жазба мұралары.

Қазақ шешендік өнерінің негізі XV-XVIII ғасырларда қаланған. Қазақ шешендік сөздері негізгі үш топқа бөлінеді: арнау, толғау. шешендік айтыс.
Арнау, бата беру - бұл бір нақты адамға арналған тілек, өсиет, нақыл сөз, бата беру.
Шешендік толғаулар - өмірге, айналадағы ортаға, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға арналған, көпті көрген көнекөз адамдардың ой толғаулары.
Қазақтың шешендік өнерінің үлгілерінде бейнелеу мен мәнерлеудің метафора, әсерлеу, салыстыру, теңеу, мысқыл, кекесін тұспалдар, т.б. түрлері кеңінен қолданылған. Бүл сөздердің көбісі қазіргі заманда мақал-мәтел- дерге, нақыл, қанатты сөздерге айналып кеткен. Ал кезінде олар пікір таласы мен сөз жарыстыру, шешендік тартыстар үрдісінде даналық пен көрегендіктің, ақылдылық пен алғырлықтың, ұшқыр ой мен жүйрік тілдің суырып салма көрінісі есебінде пайда болған.

Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер — елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей. Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. 


а) М.Қашқари еңбектері: «Диуани лұғат ат-түрік»
ә) А.Иүгінеки еңбектері: «Ақиқат сыйы»
б) Р.Хорезми еңбектері: «Шығыстың жеті жұлдызының»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет