Тасымалдауды ұйымдастыру бойынша және бағыты бойынша әуе тасымалдарының классификациясы. Жолаушыларды тасымалдайтын ұшу аппаратының негізіг типтері. Қазiргi уақытта Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткiзе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.
Қазақстан 188 мемлекеттің ішінде халықаралық әуе көлік ұйымының мүшесі болып табылады. 2008 жылдың көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасында 47 әуе компания бар (27 авиахимия жұмысы үшін 20 тұрақты және чартерлік тасымалдау). Ұшақтар саны – 540, тік ұшақтар – 88.
Туристерді тасымалдау жұмыстарын графиктік ұшақтармен немесе арнайы рейстермен жасайды. Әуе мекемелері әртүрлі қызмет түрін ұсынады: жолаушыларды тасымалдау, жүк тасымалдау, пошта және чартерлік тасымалдау (ұшақты жалға алу), туристік саяхаттарды ұйымдастыру, өндірістік-коммерциялық операциялар, құрылыс және жобалау, т.б.
Әуе саяхаттарды жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде мамандар білу керек:
– әуе ұшулардың нормативті-құқықтық базасын;
– әуе компаниялардың қызметін;
– әуе билеттерді брондау жүйесін;
– жүктерді тасымалдау ережелерін;
– чартерлік тасымалдауды ұйымдастырудың ерекшелігін;
– әуежайларда қызмет көрсету жүйелерін;
– әуе компания мен туристік мекеме арасындағы өзара қызмет тәртібін;
– әуе маршрутындағы туристік топ басшысының жұмысын ұйымдастыру және құқықтары мен жауапкершілігін;
– ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін;
– жолаушыларды сақтандыру тәртіптерін және т.б.
Қазақстан Республикасы «Көлік туралы» заңы көлік мекемелердің клиент алдындағы жауапкершілік жүйесін және кейбір жолаушыларды тасымалдау үшін жеңілдіктерді анықтады. Кейбір әуе компаниялар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, еңбек мүгедектеріне, кейбір студенттерге арнайы маусымдық тарифті қолданады. Келісімдерді жасаған кезде басқа да жеңілдіктер түрлері туралы жағдайлар айтылады. Әуе компанияларда келісімдердің стандартты формалары бар. Туристік мекемеге тек қана өздерінің реквизиттерін жазу және қолының үстіне мөр басу керек. Ол шағын топтарды тасымалдау кезінде ғана жасалады. Егер чартерлік рейс ұйымдастырылса, онда келісім әрбір туристік мекемелермен жасалады.
Әуе билеттер түрлері:
1) Көшірілетін автоматтық билет («Сэндвич»), («Transitional Automated Ticket – TAT»);
2) Отыру талоны бар автоматтық купонды билет (Automated Ticket/Boarding Pass);
3) Қолымен жазып алу билеті (manual Issued Ticket);
4) IATA-ның нейтралды бланклері;
5) Электронды билет (Electronic Ticket).
1) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бөлмесі;
2) сату бөлмелері (сату дүңгіршектері);
3) ана және бала бөлмесі;
4) медициналық пункт;
5) жүк сақтау камерасы;
6) билеттер сату кеңселері;
7) ақпараттық анықтама қызметі.
1) Business Class lounge (бизнес класс залы);
2) Duty Free (бажсыз сауда сату дүкені);
3) байланыс бөлімшесі;
4) бөлімшелер/банк филиалдары;
5) валюта айырбастау пункті;
6) жүкті орау бойынша қызметтер;
7) диспетчерлік такси кеңсесі;
8) баспа басылымдары киоскілері;
9) дәріхана;
10) дұға оқу бөлмесі (жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша);
11) интернет/WiFi;
12) жоғалған заттарды табу бюросы;
13) бизнес орталығы (ғаламтор, факс, телефонмен сөйлесу қызметтері);
14) қонақ үй;
15) автомобильдерге арналған жабық паркинг;
16) пошта бөлімшелері /курьерлік қызмет;
17) туристік агенттіктер кеңсесі;
18) ұялы телефондарды жалға беру қызметі;
19) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған күту бөлмесі;
20) сусындар сату автоматтары;
21) сувенирлік өнімдер сататын дүкен;
22) автомобильдерді жалдау кеңсесі;
23) аяқ киімдерді тазалау қызметі;
24) жүк тасушылар қызметі;
25) телефондарды және т.б. зарядтау розеткаларының болуы;
26) аудармашы қызметі.
2. Орта (200-1200 жол/сағ)
1) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бөлмесі;
2) сату бөлмелері (сату дүңгіршектері);
3) ана және бала бөлмесі;
4) медициналық пункт;
5) байланыс бөлімшесі;
6) бөлімшелер/банк филиалдары;
7) валюта айырбастау пункті;
8) жүк сақтау камерасы;
9) жүкті орау бойынша қызметтер;
10) Business Class lounge (бизнес класс залы);
11) билеттер сату кеңселері;
12) диспетчерлік такси кеңсесі;
13) баспа басылымдары киоскілері;
14) дәріхана;
15) интернет /WiFi;
16) жоғалған заттарды табу бюросы;
17) ақпараттық анықтама қызметі;
18) бизнес орталығы (интернет, факс, телефонмен сөйлесу қызметтері).
1) күту аймағындағы балаларға арналған ойын бөлмесі;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған күту бөлмесі;
3) сусындар сату автоматтары;
4) сувенирлік өнімдер сататын дүкен;
5) автомобильдерді жалдау кеңсесі;
6) қонақ үй;
7) автомобильдер арналған жабық паркинг;
8) пошта бөлімшелері /курьерлік қызмет;
9) туристік агенттіктер кеңсесі;
10) ұялы телефондарды жалға беру қызметі;
11) аяқ киімдер тазалау қызметі;
12) жүк тасушылар қызметі;
13) аудармашы қызметі;
14) Duty Free (бажсыз сату дүкені);
15) телефондарды және т.б. зарядтау розеткаларының болуы;
16) дұға оқу бөлмесі (жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша).
3. Үлкен (1200-2000 жол/сағ)
1) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бөлмесі;
2) сату бөлмелері (сату дүңгіршектері);
3) ана және бала бөлмесі;
4) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған күту бөлмесі;
5)медициналық пункт;
6) байланыс бөлімшесі;
7) бөлімшелер/банк филиалдары;
8) валюта айырбастау пункті;
9) жүк сақтау камерасы;
10) жүкті орау бойынша қызметтер;
11) Business Class lounge (бизнес класс залы);
12) Duty Free (бажсыз сату дүкені);
13) билеттер сату кеңселері;
14) диспетчерлік такси кеңсесі;
15) бизнес орталығы (интернет, факс, телефонмен сөйлесу қызметтері);
16) баспа басылымдары киоскілері;
17) дәріхана;
18) интернет/WiFi;
19) қонақ үй;
20) жоғалған заттарды табу бюросы;
21) ақпараттық анықтама қызметі;
22) автомобильдерге арналған жабық паркинг;
23) пошта бөлімшелері /курьерлік қызмет;
24) телефондарды, компьютерлерді (ноутбуктерді) зарядтау розеткаларының болуы.
1) күту аймағындағы балаларға арналған ойын бөлмесі;
2) салон/сұлулық бөлмесі;
3) сусындар сату автоматтары;
4) сувенирлік өнімдер сататын дүкен;
5) автомобильдерді жалдау кеңсесі;
6) туристік агенттіктер кеңсесі;
7) ұялы телефондарды жалға беру қызметі;
8) аяқ киімдер тазалау қызметі;
9) жүк тасушылар қызметі;
10) аудармашылар қызметі;
11) дұға оқу бөлмесі (жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша).
Дәріс №13 Әуе көлігіндегі халықаралық жүк тасымалы. Жүкті әуе көлігімен тасымалдауды ұйымдастырғанда қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар. Әуе тасымалдарын ұйымдастыру және бағыты бойынша классификациясы. Жүк әуе тасымалдарының даму динамикасы