Байланысты: КЕШЕН 107d6c74-9374-11e5-ae2b-f6d299da70eeОПИУД КАЗ ЛЕКЦИИ готовый
Әуе көлігіндегі халықаралық жүк тасымалы Дүниежүзілік экономиканың жағдайы әуедегі жүк тасымалы көлемінің өсу сипатын көрсетеді. Дүниежүзілік экономиканың дамуы дүниежүзілік сауданың дамуымен тығыз байланысты. Бүкіл 90-жылдары дүниежүзілік сауда жылына орта есеппен 6 % қарқынмен өсіп отырды. 2001 жылы дүниежүзілік сауда тұңғыш рет 1982 жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға қысқарды. Ол 2002 жылы қайтадан өсе бастады – 3,0 %. 2003 жылы өсім 3,5 % құрады, ал 2004 жылы 90-жылдардың қарқынына оралып, 6,0 % болды.
Дүниежүзілік тауар саудасы және коммерциялық қызметтің басқа түрлері тұтас алғанда жолаушылар және әуедегі жүк тасымалына сұранымды арттырады. Экспортқа шығарылатын өнеркәсіп өнімі құнының шамамен 40 %-ы әуемен тасымалданатын тауарларға келеді.
Көлік инфрақұрылымын инвестициялау тікелей сауданың дамуына септігін тигізеді. Құрлықпен қоршалған орташа ел орташа жағалау экономикасы сауда айналымының 30 %-ын ғана иеленеді. Бірақ көлік шығындарын екі есе қысқтиеу бұл сауда айналымын 5 есе арттырады. Таяуда Бүкіл дүниежүзілік Банк көліктің саудаға қосатын үлесіне арнайы тоқталды.
Бүкіл дүние жүзіндегі жүк авиациясы көліктің басқа түрлерімен салыстырғанда өзі ұйымдастырылған аз мерзім ішінде жүкті алыс қашықтыққа тез әрі сапалы жеткізетін компаниялардың ішінде айтарлықтай беделге ие болды. Бүгінде авиация мүмкіндіктері шектелген көлік түрі болып есептелмейді. Әуемен поштаны ғана емес, сондай-ақ шағын габаритті жүктерді де тасымалдайды. Кең фюзеляжды жүк тасымалдайтын ұшақтардың жаңа түрлері пайда болуымен салмағы ондаған және жүздеген тонна тартатын ірі габаритті моножүктерді әуемен тасымалдай бастады. Дүниежүзілік аэроғарыш индустриясы, бүкіл әлемге таралған ұлтаралық корпорациалар өндірісі, мұнай-газ, энергетика және автомобиль салалары осындай қызметті негізгі тұтынушылар болып табылады. Көліктің басқа түрлері тасымалдайтын жүктердің көлемімен салыстырғанда авиация тасымалдайтын жүктердің көлемі аса үлкен емес. Бірақ жүк авиациясы қымбат тұратын және кейде бірегей жүктерді және барынша қысқа мерзімде жеткізілуге тиісті жүктерді тасымалдайды.
Әуедегі жүк тасымалына сұраным дүниежүзілік коммерциялық әуе тасымалында қалыптасқан үрдістерді бұзады. Оған деген сұраным тіпті жолаушылар ұшпайтын кезде де үлкен болып отыр. Азиядан қымбат тауарларды, әсіресе Қытайдың жедел дамып келе жатқан зауыттарынан электрониканы тасымалдау осы жағдайды ішін ара түсіндіреді. Сонымен қатар, әуедегі жүк тасымалы көбіне электрондық пошта арқылы сауданың жедел дамуына байланысты: тапсырысты виртуалдық жолмен рәсімдеуге болады, бірақ ол бәрібір бұрынғысынша ескі әдіспен жеткізіледі.
Әрбір мемлекеттің әуемен жүк тасымалдау көлемі едәуір дәрежеде оның экономикалық жағдайына байланысты. Ішкі жалпы өнім өндіру деңгейі айтарлықтай жоғары елдер негізінен алғанда әуе көлігімен жүк тасымалдау саласында да жетекшілер болып табылады. Қазіргі уақытта әуеде жүк тасымалдау саласында АҚШ, Жапония, Германия секілді экономикасы барынша дамыған елдер жетекші орынға шықты.
Жүк тасымалы әлемнің әуе көлігі индустриясына кірістің жалпы көлемінің 10 -ын әкеледі, бұл абсолюттік есептеуде аса үлкен шама болады – шамамен 50 млрд. АҚШ доллары. Оның ішінде АҚШ әуе компанияларының кірісі жуықтатып алғанда 36 млрд. АҚШ доллары (74 ), Азияда – 6 млрд. (12 ), Еуропада – 5,2 млрд. (10 ), ТМД-да – 0,75 млрд. АҚШ доллары (1,5 ) .(11).