Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика


—сұрақ: Криминалистиканың міндеттері



бет5/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
лекция крим

2—сұрақ: Криминалистиканың міндеттері.
Криминалистикалық ғылым ретінде тергеу практикасы мен ол уақытта көптен кездесе бермейтін криминалистикалық сараптау мекемелері практикасын оқып-үйрену және жинақтап, қорытудың негізінде пайда болып, дами бастады.
Олардың алғашқыларының бірі 1922 жылы қылмыстық іздеу аппараты жанынан ұйымдастырылды. 1923 жылы соттық сараптау кабинеттері, ал кейінірек Харьков, Киев, Одесса қалаларында ғылыми-зерттеу институттары ұйымдастырылды. 1929 жылы бұндай институт Белорусияда ашылды.
Криминалистиканың алғашқы оқулығы тек 1935-1936 жылдары жарық көрсе, екіншісі 1938-1939 жылдары шықты. Одан кейін криминалистикалық техниканың маңызды проблемаларына арналған монографиялық зерттеулер, практикалық кеңестер, мақалалар шыға бастады. Айта кетерлігі, бұл кезеңдерде негізінен криминалистік техника мәселелері қарастырылды.
Криминалистиканың ең қатты дамыған кезеңдерінің бірі, соғыстан кейінгі жылдар болды. Бұл кезеңде тергеулік, соттық және сараптау практикасы жан-жақты әрі терең талданып, оның негізінде қылмысты тергеу мен алдын алудың техникасы, тактикасы және әдістемесі жөнінен кеңестер жасалды.
Қылмыспен күресте жаратылыстану және техника ғылымдарынан алынған мәліметтер кеңінен Қолданылып, криминалистика жөнінен көптеген еңбектер басылып шықты.
Сол уақыттарда криминалистикалық мекемелердің ғылыми-зерттеу институттарының т.б. ауқымды желісі құралды. Содан кейін, әсіресе соңғы жылдары криминалистика екпінді түрде даму кезеңін басынан өткеруде. Сондықтан да оның қылмысқа қарсы күреске қосар үлесі барған сайын артып отыр.
Өзімен іргелес ғылымдар тәрізді криминалистика ғылымының да басты міндеті қылмыспен тиімді түрде күресті барынша күшейту болып табылады. Бірақ, жалпы міндеттен туындайтын және де тек криминалистикаға ғана тән арнайы міндеттерге тоқталып кету қажет. Олар криминалистиканың ерекшеліктерін бейнелейді.
Криминалистика қылмысты болдырмаудың криминалистикалық құралдар мен амалдарын жасайды. Олар құралдар және амалдар болып бөлінеді:

  • Қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау;

  • жасалғалы жатқан қылмыс жайында информация алу (түрлі сигнал беруші құрылғылар);

  • түрлі объектілерді қылмыстық қол сұғудан криминалистикалық қорғау (әр-түрлі құжаттардағы қорғаушы суреттер т.б.);

Криминалистика міндеттерінің орындалуы, мағнасы мен қолданылу аймағы (саласы), оның бірқ атар заң ғылымдарымен және ғылыми білімнің басқа да салаларымен байланысып шарттастырады.
Қылмысық-процессуалдық құқық, криминалистикалық амалдар мен құралдардың қолданылу сипаты мен шектерін анықтайды. Қылмысты тергеудің барлық техникалық құралдары, техникалық және әдістемелік амалдары, қылмыстық процесс кезінде, заң талаптарын негізге ала отырып және заң бекіткен тәртіп бойынша қолданылады.
Криминалистика қылмыстық құқық ғылымымен тығыз байланыста. өйткені қылмыстық құқықта қарастырылған, қылмыс құрамының белгілерін анықтап алмай, ол қылмысты тергеудің әдістемесін жасау мүмкін емес.
Криминалистика қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу амалдары мен әдістерін, қылмыстық құқықтың жалпы және бөлімдерін негізге ала отырып жасайды.
ІІМ органдарының іс-қимылын (жұмысын) ұйымдастыру мәселелері қарастырылатын әкімшілік құқық және негізгі тұжырымдары қылмысты ашу және тергеу кезінде ескерілетін еңбекпен түзету құқығы ғылымдарымен де криминалистика тығыз байланыста.
Қолданылуының жалпы мақсаты--қылмыспен күрес, зерттеу объектілерінің жалпы ортақ болуы, криминалистиканы, жаратылыстану ғылымының: соттық химия, соттық медецина және соттық психиатрия тәрізді арнайы салалармен жақындастыра түседі.
Сонымен қатар криминалистика жедел-іздеу әрекеттері пәнімен де тығыз қатынаста. Криминалистикалық тактика мен тергеу әдістемелерін жасау барысында жедел-іздеу әрекеттерінің мүмкіндіктері әрдайым ескеріліп отырады.
Өз кезегінде жедел-іздеу әрекеттерінде криминалистикалық құралдар мен амалдарды қолданудың жолдары мен әдістері зеріттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет