Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика



бет3/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Дәлелдер жинау—бұл келесі сатыларда тұратын процесс:

  • Дәлелдерді табу—бұл тергеу жүргізіліп жатқан іс бойынша дәлелдік мәні бар нақты мәліметтерді анықтап жинау.

  • Дәлелдерді тіркеу—дәлелдемелік күш беру мақсатында нақты мәліметтерді заңмен бекітілген тәртіп бойынша қағазға түсіріп бекіту.

  • Дәлелдерді сақтау, яғни сот пен тергеушінің әрі қарай зерттеу жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, дәлелдер алынған материалдарды немесе әлгі дәлелдердің өздерін сақтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру. Дәлелдерді жинау процессі келесі шарттар орындалған жағдайда ғана жүргізілуі тиіс:

а) Заңдылықтың сақталуы; яғни тиісінше дәлел жинауға өкілетті тұлғаның, дәлелді тек заңға қайшы келмейтін тәсілдерді қолдану арқылы алу: дәлел жинаушы тұлғаның объективтілігі мен әділдігі.
Сондықтан да кінәлінің (күдіктінің) қорқыту мен зорлық арқылы алынған көрсетпесі дәлелге жатпайды. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Конституциясы және басқа да заңдар арқылы бекітілген барлық құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуы кепілдендірілгендіктен, қорқыту мен зорлық-зомбылық фактісінің орын алуы, азамататтардың конституциялық құқықтарын аяқ асты ету және заңдылықты өрескел бұзу болып табылады.
б) Жиналған дәлелдемелік материалдардың толықтылығы, яғни іс үшін маңызы бар бір де бір жағдай тергеуші мен анықтау органдарының назарынан тыс қалмауы тиіс.
в) Дәлел жинаудың дер кезділігі.
г) Алынып жатқан мәліметтер жайындағы информацияның дұрыстық кепілдігі.
Яғни дәлел алынатын материалдар көзін дұрыс таңдау, және де дәлелдерді анықтап, тіркеп, сенімді түрде сақтауды қамтамасыз ете алатын техникалық құралдарды пайдалану.
Сонымен, дәлелдермен жұмыс істеудің бірінші кезеңі—бұл дәлелдемелік материалдар жинау.
Бірақ дәлелдермен жұмыс жасау үшін оларды оқып-біліп, зерттеп алу қажет.

  1. Дәлелдерді зерттеу—дәлелдің мән-маңызы мен дұрыстығын, және басқа да дәлелдермен үйлесімділігін анықтау.

  2. Дәлелдерді бағалау—бұл мына жағдайларды анықтауды мақсат тұтатын логикалық процесс:

а) Берілген фактіні дәлел ретінде қолдануға бола ма, бұл заңға және дәлелдеу принциптеріне қайшы келе ме?
б) Бұл фактінің іске қатысы бар ма?
в) Басқа дәлелдермен ол факті қандай байланыста?
г) Берілген дәлелдің ақиқатты анықтауға маңызы қандай?
д) Тергеудің келесі кезеңдерінде бұл дәлелді қалай қолдануға болады?
Дәлелдерді жинау, зерттеу және бағалау өз ара тығыз байланыста.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет