Техникалық және кәсіптік білім беру



бет33/69
Дата22.12.2022
өлшемі219,2 Kb.
#59019
түріКонспект
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69
Байланысты:
Техникалы ж не к сіптік білім беру

Төлқұжат, паспорт (фран. passeport бастапқыдағы мағынасы – порт арқылы өтуге рұқсат) – азаматтың жеке басын куәландыратын негізгі құжат. 16 жасқа толғанда беріледі. Төлқұжатта иесінің аты-жөні, ата-тегі, туған күні мен туған жері, ұлты жазылады. Ұлты туралы жазба ата-анасының ұлтына сәйкес жазылады. Ата-анасы түрлі ұлтқа жататын болса, ұлты Төлқұжат алушының қалауынша әкесінің не шешесінің ұлтына қарай жазылады. Төлқұжатта міндетті түрде иесінің белгіленген үлгідегі фотосуреті жапсырылады, сондай-ақ Төлқұжаттың берілген күні және оны берген мекеме көрсетіледі. Кеңестік кезеңде азаматтың Төлқұжатына балалары туралы мәліметтер (ата-тегі, аты-жөні, туған күні, айы, жылы) жазылып, некеге тіркелгені және ажырасқаны туралы, тіркеуге алынғаны және тіркеуден шыққаны туралы, т.б. белгілер соғылатын-ды. Қазақстанда Төлқұжат ретінде жеке куәлік енгізілген. Шетелге жолы түскен кезде азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (шетелдік Төлқұжат) беріледі. Оған шетелде болғаны туралы белгілер соғылады.
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10348 тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің 03.02.2020 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестаттың нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес білім туралы аттестаттың нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың нысандары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы үздік дипломның нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы үздік дипломның нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес екі тілде орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес кәсіптік даярлау туралы куәліктің нысаны;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес резидентураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес интернатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес үш тілде дипломға қосымшаның нысаны;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес магистр дипломына куәліктің нысаны;
29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес профессор ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес философия (PhD) докторы (баламалылығын тану) дәрежесін беру дипломының нысаны;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор (баламалылығын тану) дәрежесін беру дипломының нысаны;
33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары бекітілсін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет