5.4 тақырып. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар. Қолхат. Сенімхат Жоспары:
1 . Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар
2. Қолхат. Сенімхат
Оған төмендегідей құжаттар жатады: сенімхат
кепілхат
өтінім
тапсырыс
келісімшарт
еңбек шарты
шарт
еңбек келісімі
ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.
ҚОЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұлбағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілікқатынастарда жиі қолданылады.
Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі: – құжаттың аты;
– қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
– қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
– алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
-қайтарылатын нақты уақыты;
– қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
– қолхат жазылған күн;
– тараптардың қолы;
– мекеме мөрі.
Сөздік: қолхат- расписка
азамат- гражданин
мерзім-срок
кепілақы- задаток
қарыз- долг
ақша- деньги
уәде- обещание
қайтарып беру- вернуть, возвращать
алу-брать
кабылдап алу- принять
уақытында-вовремя
кепіл ақы- задаток
Үлгі: Қолхат Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі …
15 ақпан ,2003ж. (қолы)