емлесі мен құрылымдары Іс қағаздарын толтыруда кездесетін сөздер мен сөз тіркестерінің өзіндік емлесі болады. Себебі әр сөз бен сөз тіркесінің мағынасын түсіну – бұл жазылған мәтіннің мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді.
Іс қағаздары жазу-жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.
Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері, қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Солардың бірқатары.
Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін сөздер мен синтаксистік құрылымдар:
1. Ескерту мәнін беру үшін қолданылатын құрылымдар: тамыздың 25-сы күні келісілген мерзімнің аяқталатынын есіңізге саламыз, мына мәселе барысынан хабардар еткіміз келеді, туралы ескертуді қажет деп санаймыз, туралы тағы да есіңізге салғымыз келеді, туралы келісім үстіміздегі жылдың І желтоқсанынан күшіне енетіндігін ескертеміз, туралы келісімді өз тарапымыздан тоқтатуға құқылы екенімізді ескертеміз және т.б. 2. Айтылатын мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар: …сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп отыр, …мекемеге орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына байланысты…, ….туралы шешімнің қабылдануына байланысты …, …. жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты…, …алдын-ала қол жеткізген келісімге сәйкес, сіздің талабыңызға орай…., …қарамастан әлі де орын алып отыр, ….экономикалық жағдайдың қиындығына орай… және т.б. 3. Өтініш білдіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар: Менің мекен-жайыма жолдауыңызды сұраймын, аса қажет болғандықтан өтініш сұраймын, осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз…, сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар мүмкіндікті қарастыруыңызды сұраймыз, ….анықтауыңызды сұраймыз, … көлімінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз және т.б 4. Мәселенің шешілмейтіндігін немесе орындалмайтындығын білдіру үшін қолданылатын құрылымдар: ….байланысты сіздің өтінішіңіз орындалмады, өкінішке орай сіздің талабыңызды қанағаттандыра алмаймыз, өкінішке орай сізге қажетті информацияны бере алмаймыз, себебі…, мекеменің аталған тапсырманы орындауға қазір мүмкіншілігі жоқ. 5.Өкілеттік(бұйрықтық) мағынадағы құрылымдар: іске қосылсын, жарамсыз деп табылсын, жауапты адам тағайындалсын, бұл мәселеге байланысты жауапкершілік (аты-жөні)-ге жүктелсін, мәселені қарау (аты-жөні)-ға тапсырылсын, …жолға қойылсын, …бақылауға алынсын, өзгерістер енгізілсін, жол берілмесін. 6. Кейбір маңызды мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін құрылымдар: қатысты мәлімет қолма-қол жіберілді, құжаттар сіздің мекен-жайыңызға жіберілді, шара қолданылуда, мәліметтер құпия сақталады, орын алған кемшіліктер жойылды, …қосымша қаржы бөлінді, …байланысты іс-шаралар өткізужоспарланып отыр, қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, қысқа мерзімдіе ұйымдастырылады, күнделікті қатаң бақылау қойылды. 7. Хабарлау, мәлімдеу мақсатында қолданылатын құрылымдар: …туралы сізді хабардар етеміз, …ұйым хабарлайды, …сізге хабарлаймын, …туралы сізге мәлімет жеткіземін, … туралы баяндаймын, … туралы мәлімдеймін. 8. Қалыптасқан құрылымдар: көмек көрсету, тексеріс жүргізу, тез арада хабарлаңыз, қажетті жағдай жасаңыз, ұсыныс қабылданды, жөнелтуге дайындаңыз, шешім қабылдаңыз, мәліметтерді хабарлаңыз, ақпарат беріңіз, бірыңғай баға белгілеу, қоғамдық пікір. 9. Барынша жиі қолданылатын етістіктер: орындау, шешу, жүктеу, міндеттеу, аяқтау, қамтамасыз ету, баяндау, мәлімдеу, хабарлау, нақтылау, тоқтату, тыйым салу, жіберу, назар аудару, енгізу, жоспарлау, жандандыру, ұйымдастыру, таныстыру, орналастыру, тұрғызу, алып тастау, анықтау, толықтыру, ұсыну. 10. Барынша жиі қолданылатын сын есімдер мен үстеулер: жедел, тез арада, маңызды, негізгі, басты, жетекші, жоспарлы, қосымша, толық, жеткіліксіз, жалпы, соңғы, аралық, қорытынды, жоғары, алғашқы, ең жақсы, ерекше, нашар, орта, өте нашар, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз, сенімді, нақты және т.б.