«Техникалық механика» пәнінен Лекциялар жинағы Ақсукент 2021ж



бет66/76
Дата31.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#22919
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
2. БЕРІЛІСТЕР

2.1. БЕРІЛІСТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМДАР.
Берілістер деп қуат пен қозғалысты белгілі бip қашықтыққа беру үшін колданылатын жабдықтарды айтамыз. Олар көбінесе машиналардың қозғалтқышы мен жұмыс атқарушы тетіктерінің араларында қолданылады. Берілістер мынадай жағдайлар үшін пайдаланылады.

1. Машина қозғалтқыштарының айналу жылдамдығы өте жоғары, ал ic жүзінде машина қызметі әртүpлi жылдамдықты қозғалыспен байланысты. Егер қозғалтқыш-тардың айналу жылдамдығын төмендетсек, олардың габариттік мөлшері ұлғайып, бағасы қымбаттайды.

2. Берілістердің көмегімен жылдамдықты төмендетіп, сәйкесінше күш моменттерінің шамасын жоғарылатуға болады. Энергияның сақталу заңы бойынша берілістердің пайдалы әсер коэффициентін ескермесек, жылдамдықты қанша рет кемітсек, күш моментін сонша рет жоғарылатамыз. Ал бұл жағдай ic жүзінде барлық машиналарда пайдаланылады.

3. Берілістер айнымалы қозғалысты түзу сызықты қозғалысқа айналдыру үшін және машинаның жұмыс істейтін тетіктерінің жылдамдығын өзгерту үшін де қолданылады. Сондай-ақ олар бip қозғалтқыштан бірнеше механизмдерге козғалыс беру үшін пайдаланылады. Берілістер механикалық, пневматикалық және гидравликалық болып бөлінеді

Машина бөлшектері курсында тек айнымалы қозғалысты беретін механикалық берілістер қарастырылады және оларды бұдан былай жай берілістер деп атаймыз.

Гидравликалық, пневматикалық және тағы басқа берілістер жайында арнаулы оқулықтарда жазылған.



Бiз қарастырып отырған берілістер жұмыс істеу негізіне байланысты қозғалыс пен қуат айналмалы денелердің өзара тікелей жанасуы арқылы және оларды жалғас-тыратын үшінші иілгіш бөлшектің көмегімен берілетін болып екіге бөлінеді. Бipінші топқа фрикциялық тісті және червякті берілістер, ал екіншісіне белдікті, шынжырлы берілістер жатады. Осы аты аталған бepiлістерге тоқталудан бұрын олардың нeгiзгi көрсеткіштерімен таныса кеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет