«Техникалық механика» пәнінен Лекциялар жинағы Ақсукент 2021ж



бет70/76
Дата31.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#22919
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
Кемшіліктері:

1. Дайындауы күрделі;



2. Жұмыс кезінде шу көп болады;

3. Қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігі нашар болады.

Салыстырмалы қасиеттері:

1. Қиғаш тістілер бірқалыпты, шусыз жұмыс істейді, бipaқ ось күштері пайда болады;

2. Шеврон тістілердің ось күштері бipiмeн-бipi теңеседі және жұмыс кезінде шу болмайды, иілуге шыдамдылығы 25,30 %-ке дейін өседі, бірақ дайындауы қиын;

3. Конусты тісті берілістер қымбат. Конструкциясы мейлінше дәлдікті талап етеді. Тістің бойында кернеу шоғырлануы пайда болады.
4.2.ЭВОЛЬВЕНТА ПІШІНДІ TICTI БЕРІЛІСТЕРДЕН ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ
Тісті берілістердің (4.1. – сурет) геометриялық өлшемдерін есептеу және оларға тән кинематикалық байланыстар машина механизмдерінің теориясы пәнінде қарастырылады.


4.1.-сурет.
Осыған байланысты біз бұл жерде тек негізгі ұғымдарды ғана айтып кетпекшіміз.

Ticтi берілістің пішініне қойылатын бірінші талап, оның лездік беріліс саны тұрақты болуы қажет. Екіншіден, оны дайындау технологиясы күрделі болмауы қажет. Осы екі талапқа эвольвента пішінді тиісті ілініс сәйкес келеді (4.2-сурет).

4.2.-сурет.
Суреттегі және — ілінісу кезіндегі алғашқы шеңберлер диаметрі, осы шеңберлер бipiмен-бipi сырғанаусыз жанасып айналады деп есептейміз, бұлар бастапқы шеңбер деп аталады. Ал және — негізгі шеңберлер диаметрі; жанама түзу сызығы осы шеңберлерді сырғанаусыз домалағанда эвольвента пішіні пайда болады.

Эвольвента пішінді тістерді қарапайым түзу құралдармен (4.3-сурет) кесіп дайындауға болады. Осы кесу кезінде түзу сызықты пішінді кескіш құралдың (рейка) орта сызығына сәйкес келетін шеңберді немесе кескіш құрал кесу кезінде жылжитын шеңберді бөлгіш шеңбер деп, ал олардың диаметрі d1және d2-ні бөлгіш шеңбер диаметрі дейміз, түзетілмеген тісті берілістер үшін және

мұндағы, р ілінісу қадамы; da — тістің шығып тұратын бөлігін қамтитын шеңбердің диаметрі; df — тістің шұңқырын (ойпат) қамтитын шеңбердің диаметрі; т — ілінісу модулі негізгі параметр деп саналады. Ол ілінісу қадамына (р) тура пропорционал болады:

(4.1)
Ілінісу қадамы деп, қатар тұрған екі тістің бөлгіш шеңберімен өлшенген аттас нүктелер ара қашықтығын айтады:


(4.2)

Ілінісудегі дөңгелектердің қадамы бip-бipінe тең болуы керек. Қадам шеңбердің ұзындығымен арқылы байланысады, сондықтан шеңбер диаметрін есептеу өте қолайсыз. Осыған орай ілінісулердің негізгі параметрі деп модулін санайды. Модульдің шамасы СТСЭВ 310-76 стандарты бойынша алынады (10.1-кесте) [9].

Ticтi кесудің екі әдісі бар:

а) көшіріп алу әдісі;

б) айналу (оралу) әдісі.

Kөшipiп алу әдісі ойпат профильді құралдар мен дискілі саусақ тәрізді фрезамен орындалады. Бұл әдіс тіс кесетін станоктары жоқ жөндеу шеберханаларында қолданылады.

Негізгісі — айналу әдісі. Бұл әдіс тісті берілістердің дәлдікпен және жоғары өнімділікпен кесілуін қамтамасыз етеді. Tic кескіш рейканың бастапқы профилі 4.3-су-ретте көрсетілген.

Мұндағы, тістің биіктігі;

тicтің бас жағының биіктігі; - тістің аяқ жағының биіктігі; - 1-тістің биіктік коэффициенті


Түзетілмеген дөңгелектер үшін:
h = 2,25m, h'=m, h" = 1,25m.
-тісті дөңгелектердің радиалдық саңылау коэффициенті.

10.2-кестеде [9] түзетілмеген цилиндрлі тісті дөңгелектердің сыртқы ілінісуінің негізгі өлшемдерін табуға арналған формулалар берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет